Меню

Страницы

Статья

ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДИОЖАЗБАЛАРЫ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Қатысушылар шығармаларды оқып, бейнеролик жасауы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет мұрасы — алтын қазына» атты ақын, аудармашы және қоғам қайраткерінің аудиожазба шығармаларының онлайн байқауын өткізеді.

Байқауға Павлодар қаласының 14 және одан жоғары жастағы тұрғындары онлайн форматта қатыса алады. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 11 сәуірінен 9 қыркүйегіне дейін қабылданады.

- Роликтің ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс. Бұл басқа адамдар аудио кітап ретінде қолдана алатындай жазба болуы тиіс. Қатысушылар хэштегті дұрыс көрсету керек. Материалды сапалы безендіру, яғни фондық әуенмен, шығарма мазмұнына сәйкес сапалы бинетізбекпен әрлеп, оқушының дауысы анық, ашық болып фондық әуеннен ажыратылуы тиіс. Өз тегін, атын , жасын, ұйымын немесе мектебін, сыныбын белгілеуі керек, - деді кітапханада.

Байқауға ұсынылған жазбалар байқау тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Материалды креативті ұсыну, материалдың сыртқы және мәтіндік безендірілуіне, сапасына мән беріледі. Егер үзінді болса, қандай шығармадан екенін атап өту керек.

Материалдар #cbspvlахметмұрасы хэштегін көрсете отырып, cdb2012@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі.

Instagram, Facebook парақшасында #cbspvlахметмұрасы хэштегі арқылы видеороликті өз парақшасында жариялау қажет.

Байқау кезінде парақша видеороликті көру үшін ашық болуы керек. Бір қатысушыдан бір ғана жазба ұсынылуы мүмкін. Конкурстың қорытындысын шығару үшін құзыретті қазылар алқасы құрылады.

14 жастан 18 жасқа дейін (қоса алғанда) және 19 жастан жоғары санаттары бойынша марапаттау жасалады.

Байқаудың толық ережесімен ОКЖ-нің cbspvl.kz сайтында танысуға болады.

Байланыс телефондары: 8 (7182) 54-93-04; 8 777 498 65 74

Айтжамал Каирбековна Кабылденова

https://pavlodarnews.kz/kz/pavlodar-oblysy/pavlodar-alaly-kitapkhanasy-akhmet-bayt-rsyn-ly-shy-armalaryny-audiozhazbalary-bay-auyn-zhariyalady/?utm_source=ainews&utm_medium=referral

Дата публикации
21 июня 2022
Дата обновления
21 июня 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы