Меню

Страницы

Статья

БАЙТҰРСЫНОВҚА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Нұр-Сұлтан қаласының Тіл­дерді дамыту және архив ісі басқармасы инклюзивті «Қа­нат­тылар» театрымен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері мен ақындар мүшәйрасын өткізді. Шара «Жастар» театрында өтті.

 

Іс-шараның мақсаты – ерекше адам­дардың өзгелерге үлгі болатын таланттарын, өнер шеберлерін танымал ету, олардың арасында ақындарды, көркемсөз оқу шеберлерін анықтау.

Жарысқа әр түрлі жастағы бірегей таланттар қатысты. Көркемсөз оқу шебер­лерінің байқауына қатысушылар ақын-жазушылар — Ахмет Байтұрсынұлының, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, Әзілхан Нұршайы­қов­тың шығармаларын оқыды, олар­дың құрметіне осы жылы мерейтой күндері атап өтіледі. Ақындар Ахмет Бай­тұрсынұлына және ана тіліне ар­налған өз шығармаларын оқыды.

Көркемсөз оқу шеберлерінің ара­сында Гүлмира Шайма­ғанбетова (1-топ) үздік шықты. Екінші орынды Ал­­тыншаш Мұқатаева (1-топ), үшінші орынды Мей­рамгүл Байжі­гітова (1-топ) және Айкүміс Мура­дова (1-топ) иеленді. Мүшәйра қоры­тындысы бойынша бірінші орын Ислам Мағытановқа (1-топ) бұйырды, күмісті Елдос Абаев (1-топ), қоланы Перизат Бекмұратова жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында Премьер-Минис­трдің орынбасары Ералы Тоғ­жанов құттықтау сөз сөйледі. Іс-ша­раға Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, Нұр-Сұл­тан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, көп балалы аналар қатысты.

Шара барысында «Қанаттылар» театрының әртістері Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен спектакль ұсынды.

Іс-шараның мақсаты – ерекше адам­дардың өзгелерге үлгі болатын таланттарын, өнер шеберлерін танымал ету, олардың арасында ақындарды, көркемсөз оқу шеберлерін анықтау.

Жарысқа әр түрлі жастағы бірегей таланттар қатысты. Көркемсөз оқу шебер­лерінің байқауына қатысушылар ақын-жазушылар — Ахмет Байтұр­сынұлының, Мұхтар Әуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, Әзілхан Нұршайы­қов­тың шығармаларын оқыды, олар­дың құрметіне осы жылы мерейтой күндері атап өтіледі. Ақындар Ахмет Бай­тұрсынұлына және ана тіліне ар­налған өз шығармаларын оқыды.

Көркемсөз оқу шеберлерінің ара­сында Гүлмира Шаймағанбетова (1-топ) үздік шықты. Екінші орынды Алтыншаш Мұқатаева (1-топ), үшінші орынды Мейрамгүл Байжігітова (1-топ) және Айкүміс Мурадова (1-топ) иеленді. Мүшәйра қорытындысы бойынша бірінші орын Ислам Мағытановқа (1-топ) бұйырды, күмісті Елдос Абаев (1-топ), қоланы Перизат Бекмұратова жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, Мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, көп балалы аналар қатысты.

Шара барысында «Қанаттылар» театрының әртістері Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен спектакль ұсынды.

https://egemen.kz/article/316464-baytursynovqa-arnalghan-bayqau

Дата публикации
29 июля 2022
Дата обновления
29 июля 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы