Меню

Страницы

Статья

ТОРҒАЙ АУЫЛЫНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МЕН МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫНА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛМАҚ

Қостанай облысына қарасты Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш орнату мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған жоспарға сәйкес Жангелдин ауданы тұрғындарының тұрмысын және әл-ауқатын жақсарту бағытында инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Мысалы, жуырда ғана Ақкөл, А.Байтұрсынов ауылдары мобильдік интернет желісіне қосылды. Бұл – мерейтойға әзірлік барысында жергілікті халықтың сұраған негізгі өтініштерінің бірі болатын. Жергілікті тұрғындардың сұрауы бойынша А.Байтұрсынұлы ауылына апаратын жолдың және Торғай өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы ауылына жаңадан медициналық пункт салынып, Ақкөлдегі ауылдық амбулатория жөндеуден өткізіледі.

Жоспар аясында Торғай ауылындағы «Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіне» жөндеу және реэкспозиция жұмыстары жүргізілуде», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, Сарытүбек қонысындағы «Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін» салу жұмыстары да қатаң бақылауға алынды. Қазіргі таңда жаңа нысанның жобалық сметалық құжаттамасы сараптамадан өткізілуде. Құрылыс жұмыстарына облыс бюджеті есебінен қосымша қаражат бөлінетін болады. Конкурстық рәсім нәтижесі бойынша жауапты мердігер табылса, үйдің құрылысын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. «Бүгінгі күні жергілікті халық, кәсіпкерлердің демеушілігімен Байтұрсын әулетінің қорымы жанынан кесене салынып, Торғай ауылында Ахмет пен Міржақып бабаларымыздың құрметіне жаңа ескерткіш орнату мәселесі пысықталуда. Бұдан бөлек мәдени, ғылыми, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Спектакльдер қойылып, ғылыми экспедиция өз жұмысын бастады. Негізгі мерейтойлық іс-шаралар 3-5 қыркүйек аралығына жоспарланған», - деді Архимед Мұхамбетов.

https://www.inform.kz/kz/torgay-auylynda-ahmet-baytursynuly-men-mirzhakyp-dulatulyna-eskertkish-ornatylmak_a3947245

Дата публикации
29 июля 2022
Дата обновления
29 июля 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы