Меню

Страницы

Статья

«АХАҢ ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛМЕН» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Қоста­найдан «Ахаң жүріп өткен жолмен» атты арнайы ғылыми-танымдық экспедиция жолға шықты. Сапардың мақсаты – ұлт ұстазының өмірі мен қызметіне қатысты тың деректерді іздестіріп, жинақтау.

Жобаны Sanaly urpaq-2050 қоғамдық бірлестігі мемлекеттік тапсырыс аясында іске асырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция Қазақстанның бірқатар өңіріне және Ресей, Қытай, Әзербайжан елдеріне де барады. Экспедиция мүшелері Орынбор, Мәскеу, Архангельск, Баку, Челябі, Қарқаралы, Семей, Қарабұтақ, Әулиекөл, Торғай өңірлерін аралауды жоспарлап отыр.

– Жобаны жүзеге асырушылардың қатарында ахметтанушылар, тарихшылар, журналистер, сондай-ақ музей және архив ісі саласындағы мамандар бар. Сапар қорытындысы бойынша Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы жаңа деректерден құралған фильм шығару көзделіп отыр. Сонымен қатар архив, музей қорлары жаңа құжаттармен толығады деген үміттеміз, – деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Меңдекенова.

5 маусымда жолға шыққан экспедиция мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы арқылы Қарағанды облысына өтіп, Қарқаралыға барады.

– Мен Ахаңды зерттеумен 1989 жылдан бері тұрақты айналысып келемін. Ахаңның табаны тиген жерлерге бұрын да барғанмын. Бірақ ол сапарымда деректерді жинақтамаған едім. Ендігі экспедиция олжалы болады деген сенімдемін, – дейді ахметтанушы Ибраһим Ағытай.

Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ.

Қостанай облысы

https://egemen.kz/article/314636-akhanh-dgurip-otken-dgolmen-ekspeditsiyasy

Дата публикации
07 июня 2022
Дата обновления
07 июня 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы