Меню

Страницы

Статья

ҚОСТАНАЙ ӘУЕЖАЙЫНА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс шақырылған жетінші сессиясында Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы ұсыныс мақұлданды.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, әуежайға ұлт ұстазының есімі берілді деуге әлі ертерек. Өйткені бұл мәселе алдағы уақытта республикалық ономастикалық комиссия отырысында қаралатын болады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нысандарға кісі есімін беру мәселесін бірінші кезекте ұжымның өзі шешеді. Біз ол кезеңнен өттік. Яғни, әуежай ұжымы өздері бастама көтеріп, талқылап, оң шешім қабылдады. Тәртіп бойынша, екінші кезеңде бұл мәселе облыстық мәслихат депутаттарының қарауына енгізілуі керек. Бүгінгі сессияға қатысқан 128 адам әуежай ұжымының ұсынысын бірауыздан қолдап дауыс берді. Қазір республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілетін құжаттар әзірленіп жатыр», деді басқарма басшысы.

https://egemen.kz/article/306626-qostanay-auedgayyna-akhmet-baytursynulynynh-esimi-beriledi

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы