Бүгін әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ақын, қоғам қайраткері жәнеде жерлесіміз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында қала әкімдігінің қатысуымен есімі берілген орталық көшеде орналасқан ұлы тұлғаның мүсініне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатыстым.
Жиында қала әкімі А.Б.Асанов сөз алып, жиылған қауымға Алаш қайраткері А.Байтұрсыновтың өмірі мен игі істері жайлы айтып, өскелең ұрпаққа үлгі етті.
Ахмет Байтұрсынұлы – заманына сай туып, дәуірдің жарығы мен қараңғысын бірдей бағдарлап, жамандығынан жерініп, жақсылығынан үйрене білген жан. Ол – бір басында сан-саналы өнер тоғысқан, телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі болған, қиындыққа толы тартысты ғұмырында қараңғылықта қалған қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген бірегей тұлға.
Ақын, аудармашы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың өнегелі өмір жолы мен тағылымға толы туындылары ұрпақ жанына ізгілік, адамгершілік қасиеттерді сыйлайтыны мәлім. Осы өшпес байлықты шашауын шығармай, мәнін жоғалтпай келер ұрпаққа жалғастыру - бүгінгі таңдағы педагогтар қауымының алдындағы зор міндет.
https://www.facebook.com/100026757160336/posts/988257825409447/