Меню

Страницы

Статья

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

«Тілдарын» орталығында ұлт көсеміне арналған тағылымы мол семинар өтті

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің негізін қалаушы» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында ұлт ұстазының өмірі, шығармашылығы жайында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Тілдерді даярлау орталығының меңгерушісі, ф.ғ.к. Гүлжанат Жүрсіналина «Ахмет Байтұрсынұлы сан қырлы саңлақ дарын иесі», «Тілдарын» орталығының оқытушысы Айнұр Миркемелова «А.Байтұрсынұлы және терминология саласы», «Тілдарын» орталығының әдіскері Айнұр Нұрбекова «А.Байтұрсынұлы қазақ жазуының реформаторы» тақырыптарында кеңінен баяндама жасады.

- Бұл семинарға өңіріміздің барлық аудандары атсалысып отыр. Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатқан іс-шара барынша кең көлемде өткізілді. Қорғам қайраткерінің өмірі қазақ тіліне қосқан үлесі жайында мәліметтер берілді. Ахмет Байтұрсынұлы төте жазудың авторы. Оны қазір бірі білсе, екіншісі біле бермейді. Сондықтан ұлт ұстазының жасаған еңбектерін жан-жақты насихаттау біздің басты парызымыз. Соның ішінде қазақ тілін қалыптастырудағы орасаң еңбегін көрсету мақсатында алдағы уақытта да ауқымды шаралар жалғасын табатын болады,-дейді «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысының орынбасары Гүлнар Талапова.

Алаш ардақтысына арналған семинарға аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушылары  және жоғары оқу орындары мен колледждердің тіл мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

https://top-news.kz/ahmet-bajt-rsyn-ly-aza-tilini-negizin-alaushy/?fbclid=IwAR0x3Y3Iu-B_Uv6kMT_Ikmp2nCJhzecuASnNBeMkDxF1YgN6hLCcb6VIzdE

Дата публикации
30 мая 2022
Дата обновления
30 мая 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы