Биыл Алаш көсемдерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ғылымын академиялық жолмен ұйымдастырушы, ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы шоғырын тәрбиелеуші аса ірі тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуде.
Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеудің салтанатты ашылу рәсіміне байланысты «Шалқар шаңырағында» бағдарламасына Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Сәкен Зиябекұлы Есіркеп және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мейрамғазы Көпбайұлы Сапарғалиев қатысты. Еліміздегі ұлт ұстазын ұлықтау мақсатында жасалуы тиіс шаралар осылай бастау алды. Қазақ тіл ғылымының қазығын қағып, шаңырағын көтеріп, керегесін кеңейткен, бір өзі бір академияның жұмысын істеген, феномен дарынды Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараның салтанатты ашылу рәсімі 25 ақпан сағат 10.00-де астанамыздағы Қаламгерлер аллеясында басталады. Одан кейін Ахмет Байтұрсынұлының республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасады. Өзге де мағлұматты сұхбаттың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.
Бағдарламаны жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.