Меню

Страницы

Статья

АНКАРАДА АЛАШ АРЫСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Конференцияға ТҮРКСОЙ ұйымының шақыруымен Қазақстаннан Амантай Шәріп пен Анар Фазылжан, Қырғызстаннан Мэрим Колбаева, Әзірбайжаннан Эльчин Ибрахим, Өзбекстаннан Эргаш Абдувалитов секілді түркі әлеміне белгілі ғалымдар арнайы келді. Олар Ұлт ұстазының өмірі мен еңбегі жайында жан-жақты мағлұмат берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жиын барысында ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын тойлау шаралары жалғасатынын жеткізді.

«Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған алғашқы халықаралық конференцияны біз ұйымдастырып отырмыз. Мұнымен шектелмейміз. 150 жылдық шаралары жыл бойы жалғасын табады», - деді Дүйсен Қорабайұлы.

Конференцияға қатысушыларға ұйым түрік тілінде дайындаған Ахмет Байтұрсынұлы бейнефильмін көрсетті. Сондай-ақ белгілі қаламгер Серікбай Оспанұлының «Ұлт ұстазы» кітабының тұсауы кесілді. Бұл туынды ТҮРКСОЙ ұйымының қаржылай қолдауымен жарық көрді.

Ертең конференция Стамбұл қаласының Стамбұл университетінде жалғасады.

https://almaty-akshamy.kz/ylt-ystazi-akhmet-baytyrsinylinin-150-zhildik-mereytoyina-arnalgan-algashki-khalikaralik-konferentsiya-otti

 

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы