Меню

Страницы

Статья

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ЕРЛАН ҚАРИН «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АЛАШТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ұлт ұстазы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын мерекелеудің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мерейтойдың салтанатты ашылу рәсімі «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлт қайраткеріне құрмет көрсетуден басталды.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин қатысып, сөз сөйледі.

– Біз Алаш қайраткерлерінің дара жолынан өнеге алып қана қоймай, оны әрдайым басты бағдар етіп ұстанамыз. Өйткені Ахаң сияқты жасампаз тұлғалардың еңбегі тәуелсіздік құндылықтарымен тікелей астасып жатыр. «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» демейтін бе еді Ахаңның өзі. Біз – сол Ахаң дәл жеткізіп айтқан ертеңде өмір сүріп жатқан және оны болашаққа жалғайтын ұрпақпыз, – деді Мемлекеттік хатшы.

Конференцияда сөз алған ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік бюросының басшысы Криста Пиккат Ахмет Байтұрсынұлын әлемдік деңгейдегі тұлға ретінде атап өтті.

Жиынға Парламент депутаттары, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, зиялы қауым өкілдері, отандық және шетелдік алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты. Ғалымдар М. Қойгелдиев, А. Ісмақова, Ш. Құрманбайұлы, Д. Қамзабекұлы, А. Фазылжанова және Насими атындағы Әзербайжан ұлттық ғылыми академиясы Тіл білімі институтының доценті Э. Ибрагимов баяндама жасады.

«Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тіл білімінің мәселелері», «Ахмет Байтұрсынұлы және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар» тақырыптарында өткен секциялық отырыстарда 20-дан астам отандық және шетелдік ғалымдар ұлт ұстазы туралы жан-жақты баяндама жасады.

https://www.akorda.kz/kz/erlan-karin-ahmet-baytursynuly-alashtyn-ruhani-kosemi-atty-halykaralyk-konferenciyaga-katysty-251924

https://www.akorda.kz/kz/erlan-karin-ahmet-baytursynuly-alashtyn-ruhani-kosemi-atty-halykaralyk-konferenciyaga-katysty-251924

https://www.inform.kz/kz/kazak-ziyalylary-alash-kayratkerleri-eskertkishine-gul-shoktaryn-koydy_a3904407

https://www.inform.kz/kz/zhogary-oku-oryndarynda-ahmet-baytursynuly-atyndagy-stipendiya-tagayyndaluy-mumkin_a3904563?utm_campaign= recommendation&utm_source=

https://www.inform.kz/kz/parizh-ben-stambulda-ahmet-baytursynulynyn-150-zhyldygyna-arnalgan-is-sharalar-otedi_a3904242

https://www.inform.kz/kz/ahmet-baytursynulynyn-enbek-zholy-yunesko-mandatymen-sabaktasyp-zhatyr-krista-pikkat_a3904303

https://lenta.inform.kz/kz/ahmet-baytursynulynyn-tugan-zherinde-infrakurylymdyk-zhobalar-iske-asady-memlekettik-hatshy_a3904285

https://www.inform.kz/kz/memlekettik-hatshy-bizdin-mudde-ulttyk-bolmysty-saktay-otyryp-orkenietti-el-bolu_a3904236

https://www.inform.kz/ru/v-parizhe-i-stambule-proydut-meropriyatiya-posvyaschennye-150-letiyu-ahmeta-baytursynova_a3904263?utm_campaign=

https://baq.kz/qarin-ulttyq-bolmysty-saqtay-otyryp-orkenietti-el-boluga-umtylu-bizdin-ortaq-mudde_272429/

https://baq.kz/ahmet-baytursynulynyn-150-zhyldyq-mereytoyy-yunesko-koleminde-toylanady_272422/

https://vechastana.kz/prazdnovanie-yubileya-ahmeta-bajtursynova/

https://kz.redtram.com/news/politics/610273129/

https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=38306

https://adebiportal.kz/kz/news/view/ahmet_baitursinulinin_150_zhildik_mereitoii_unesko_koleminde_toilanadi__23738

https://smi24.kz/kk/life/alash-un/bz-alash-kayratkerlernn-jolyin-ustanamyiz--erlan-karin-62780/amp/

https://ainews.kz/culture/gossekretar-prinyal-uchastie-v-konferencii-ahmet-bajtursynuly-alashtyn-ruhani-kosemi--3432441

https://elorda.info/kultura/14982-150-letnii-iubilei-akhmeta-baitursynova-otmetiat-v-stambule-i-parizhe/

https://kaz.elorda.info/madeniet/16060-alash-kairatkerlerinin-omirlik-ulgisi-de-shygarmashylyk-onegesi-de-asa-kymbat-erlan-karin/

https://inbusiness.kz/kz/last/studentter-ushin-ahmet-bajtursynuly-atyndagy-stipendiya-tagajyndaluy-mumkin

http://regtv.kz/2022/02/25/ent-gossekretar-prinial-ychastie-v-konferencii-ahmet-bait%D2%B1rsyn%D2%B1ly-alashty%D2%A3-ryhani-k%D3%A9semi.html

https://ult.kz/post/akhmet-baytursynulynyn-150-zhyldygy-astanada-khalykaralyk-konferentsiya-bastaldy

https://ult.kz/post/parizh-ben-stambulda-akhmet-baytursynulynyn-150-zhyldygyna-arnalgan-is-sharalar-otedi

https://ult.kz/post/akhmet-baytursynulynyn-tugan-zherinde-infrakurylymdyk-zhobalar-iske-asady-memlekettik-khatshy

https://ult.kz/post/biz-alash-kayretkerlerinin-dara-zholyn-basty-bagdar-etip-ustanamyz-erlan-karin

https://my.enu.kz/page_calendar_news.php?post=65632

https://tilalemi.kz/article/2896.html

Дата публикации
25 февраля 2022
Дата обновления
25 февраля 2022
Тип
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы