Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ДУБЛЯЖДАЛАДЫ

Елімізде «Кинематография туралы» заңға сәйкес фильмнің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талабы енгізілмек.
Мәдениет және спорт министрлігі Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында «Кинематография туралы» заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Заң жобасына түзетулер міндетті дубляж немесе фильмнің қазақ тіліндегі түпнұсқасын талап етуге бағытталған. Сондай-ақ сөздердің орфографиялық нормалары мен тәртібінің сақталуын, олардың дұрыс құрастырылуы мен айтылуын қамтамасыз ету үшін тиісті нормалар қабылданды.
Қазіргі уақытта мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы 10-нан астам отырыс өткізді. Онда кинокомиссияларды құру тетігі, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бөлігіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Ал орындалуы алдағы уақытта да жобалық кеңсе арқылы қадағаланбақ.
Айта кетейік, бүгінгі таңда қазақ тіліндегі 35-тен аса фильм прокатқа шығып, демеушілер 1,4 миллиард теңге бөлді. Заң жобасы Үкімет отырысында қазан айында қаралмақ. Ал желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына жіберіледі. Жол картасына сәйкес 2022 жылы заңды қабылдау жоспарланып отыр.


https://egemen.kz/article/290597-qazaq-tilinde-dublyadgdalady

Дата публикации
25 ноября 2021
Дата обновления
27 сентября 2021
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы