Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАНДА ФИЛЬМДЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ДУБЛЯЖДАУ МІНДЕТТЕЛЕДІ

Мәдениет және спорт министрлігі "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Ол фильмнің түпнұсқасын міндетті түрде қазақ тілінде дубляждау талабына бағытталған.
Ведомство мәліметінше, заң жобасы Үкіметте биыл қазанда қаралады. Кейін ол желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына жіберіледі. Жол картасына сәйкес 2022 жылы Заңды қабылдау жоспарланған. Өзгерістер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында жоспарланғаны айтылды.
"Қазіргі уақытта мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды. Бүгінде жұмыс тобы 10-нан астам отырыс өткізді. Онда кинематографияның кинокомиссияларды құру тетігі, фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бөлігіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Орындалуы алдағы уақытта да жобалық кеңсе арқылы қадағаланады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2018 жылдан бері Қазақстанда көрсетілетін фильмдер қазақша субтитрмен сүйемелденеді.

Дата публикации
17 сентября 2021
Дата обновления
17 сентября 2021
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы