Меню

Страницы

Статья

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ РЕСЕЙЛІК ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНІП ЖАТЫР

Youtube желісіндегі Alga Peterburg каналы «Қазақ тілін үйренейік!» деген айдармен тіл үйрету бейнесабағын бастады, деп хабарлайды kazgazeta.kz
Қазақстандық əнші, композитор Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне арналған қазақ тілін үйрену курсының желіде 1-сабағы жарияланды. Оқытушысы - Мәскеу қаласының тұрғыны Мамай Құрбанбаев. Сабаққа қатысушы ресейлік жастар “Біз Қазақстанда болдық. Қазақ тілі бізге ұнады, өте әуезді тіл. Біз кумиріміз Димаш сөйлейтін тілді үйренгіміз келеді”, дейді.
Канал көрермендері де Alga Peterburgтің бастамасын қолдап, қазақ тілін қызығушылықпен үйренетіндіктерін жазып жатыр. “Бұл Димаштың жанкүйерлеріне жасалып отырған үлкен мүмкіндік” деп пікір білдірген олар бейнесабақ туралы.
Бейнесабақты Facebook желісінде бөліскен қазақстандықтар “Бере салған Димашымызбен тілдесу үшін, орыс жастары қазақ тілін еш млрд.ақшаны тіл үйренуге шашпай-ақ үйреніп жатыр!” деп жазады.
Айта кетейік, Alga Peterburg - Ди¬маш Құдайбергеннің шығармашылығын жəне Димаш арқылы қазақ мәдениетін əлемге таныстырып жүрген халықаралық канал. Канал мақсатын жүргізушілері ақпаратты мəдениет призмасы арқылы тарату деп түсіндіреді.
https://kazgazeta.kz/news/117003

Дата публикации
16 ноября 2021
Дата обновления
16 ноября 2021
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы