Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич ханым өзінің ресми қызметіне кіріспес бұрын, қазақстандықтарға қазақ тілінде үндеу жолдады, деп хабарлайды ЭК.
Кэти Лич ханым 2020 жылдың желтоқсан айында бұған дейінгі Ұлыбритания елшісі Майк Гиффордты ауыстырған болатын. Құжат жүзінде елшілер орын ауыстырғанымен, Кэти ханым ресми жұмысына биылғы жаздың соңғы күндерінде кірісті.
Ұлыбритания елшісі өзінің алғашқы жұмыс күнін Қазақстан халқына видео-үндеу жолдаумен бастады.
Қазақстанға Ұлыбританияның елшісі ретінде келдім. Бұл рөлді өзіме алып, отбасыммен Қазақстанға келу мен үшін үлкен мәртебе. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Ұлыбританиямен дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өтетін жыл,— дейді Лич ханым.