Меню

Страницы

Статья

МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИНТЕГРАТОР ТІЛГЕ АЙНАЛАТЫН КЕЗІ КЕЛДІ

ҚХА төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Президент Жолдауындағы тілдік тұтастық туралы бастамаларына Ассамблея қалай үлес қосатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік тіл біздің мемлекеттігіміздің арқауына, қазақстандық бірегейліктің іргетасына, жалпыға бірдей танылған азаматтық маркерге айналды. Білім беру саласындағы жүйелі шаралар бұл міндетті еліміздің жас азаматтарының әрбір жаңа буыны үшін қолайлы шешуге арналған. Түрлі этностар өкілдері өз балаларын қазақ балабақшаларына, қазақ мектептері мен ЖОО-да оқытуы бүгінгі таңда жиі кездеседі. Бүгінде Қазақстанда 5644 ұйым балаларды қазақ тілінде оқытады және тәрбиелейді, 3798 қазақ мектебі жұмыс істейді», - деді Марат Әзілханов ҚХА ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде.
Оның айтуынша, қазақ тілін үйрену, оның қызмет ету аясын кеңейту, күнделікті өмірде пайдалану қазақ тіліне деген достық, сенім мен сүйіспеншілік жағдайында өтуі тиіс.
«Барлық басқа әдістер, тәжірибе көрсеткендей, біз көздеген нәтижеге қол жеткізбейді. Латын графикасына көшу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік тілді дамытуға қуатты серпін берді, Қазақстан әдебиетінің таңдаулы шығармалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылды, түрлі білім салалары бойынша әлемнің үздік оқулықтары мемлекеттік тілге аударылды. Бүгінгі таңда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында, қазақ тілі интегратор-тілге, ел ішіндегі этносаралық қарым-қатынас тіліне айналатын уақыт келді. Бұл пікірді, әрине, Қазақстанның барлық азаматтары, соның ішінде түрлі этностар өкілдері де қолдайды», - деді ҚХА төрағасының орынбасары.


https://ult.kz/post/marat-azilkhanov-kazak-tilinin-integrator-tilge-aynalatyn-kezi-keldi

Дата публикации
16 ноября 2021
Дата обновления
16 ноября 2021
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы