Меню

Страницы

Статья

ҚЫТАЙ БАСЫЛЫМЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ХАБАР ТАРАТА БАСТАДЫ

Қытай Коммунистік партиясының сайты "Жэньминь жибао" (Халық газеті) қазақ тілінде хабар тарата бастады, деп хабарлады Қытайдың ресми басылымы.
"Жэньминь жибао" онлайн халық газеті қазақ тіліндегі нұсқасы халыққа Қытай саясаты, экономикасы, қоғамы, мәдениеті, ғылымы мен білім, техника, туризм секілді көптеген салаларынан ақпарат береді.
Сайттың бүгінде қазақ тілінен бөлек, ағылшын, жапон, француз, испан, орыс, араб, корей, неміс, португал, итальян, суахили сынды шет тіліндегі нұсқасы бар.
"Бұл жобаның мақсаты көп тілде хабар тарату арқылы халықаралық жаңа медиа құру қадамын оңтайландыра түсу" делінген сайтта жарияланған ақпаратта.
Сайттың кириллица қарпімен берілген қазақ тіліндегі нұсқасында "Қытай-Қазақстан" айдары бар. Ол жерде Қазақстанға қатысты ақпараттар күнделікті жаңарып, салынып отырады.
Мысалы, сайтта Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болғаны жайлы ақпарат жарияланған.
https://qamshy.kz/article/65971-qytay-basylymy-qazaq-tilinde-khabar-tarata-bastady

Дата публикации
09 сентября 2021
Дата обновления
09 сентября 2021
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы