Меню

Страницы

Статья

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ. ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ!

Қостанай облысы ПД Арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Набиев Ренат Рафикұлы: «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуі тиіс. Ел Президенті де дәл осы мәселені өткен Жолдауында атап өткен болатын. Елімізде мекен етіп жатқан өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін жетік меңгеріп қызмет етіп жүрген азаматтар аз емес. Мен үшін қазақ тілі – өз ана тіліммен бір қатарда тұратын тіл. Менің ұлтым – әзірбайжан. Отбасын құрғанмын, 1 ұлым бар. Әйелім – Набиева Гюльрава Аллахвердикызы да әзірбайжан ұлтынан, ол да қазақ тілін жетік меңгерген. Әкем – Набиев Рафик Рамазан-оглы, ұлты – әзірбайжан, анам – Набиева Любовь Яковлевна, ұлты – поляк, екеуі де зейнеткерлер. Мен 1979 жылғы 29 қарашада Қостанай облысы Сарыкөл ауданында дүниеге келгем. Бала күнімнен спортқа, шығармашылыққа жақын болдым. Маған бала күнімнен атам Рамазан үлгі болды. Ол – Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. Оның ордендері мен медальдарын көзімнің қарашығындай сақтап келемін. Менің полиция қызметкері болуыма да Рамазан атамның тікелей қатысы бар.
1996 жылы орта мектепті үздік аяқтап, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың заң факультетіне оқуға түсіп, соны бітірдім. 2005 жылдан бері қазіргі қызметімді атқарып келемін. Өзім интернационалды отбасында дүниеге келгендіктен болар, бала күнімнен тілге деген қызығушылығым ерекше. Қазақ тілі де түркі тілдерінен бастау алады, әзірбайжан тілі де солай. Ұқсас сөздер өте көп. Сондықтан, маған мемелекеттік тіл өте жақын әрі қиындық туғызбайды. Мен ауызекі сөйлеушілермен жиі араласып тұрамын: бұл менің білімімді тереңдетуге көмегін тигізіп, сөздік қорымды байытады. Менің ойымша тіл үйрену қиын емес, ең бастысы талпыныс пен қызығушылық болуы қажет. Жеке өз басыма қазақ тілін білуімнің жұмыс барысында, іс қағаздарды жүргізуде көмегі зор. Қазақ тілін жетік білуім және таза сөйлеуім кей кездері жан-жағымдағыларды таңдандырды. Өзге ұлт өкілінің мемелекеттік тілде сөйлегеніне кейбір азаматтар таң қалып жатады. Меніңше, бұл дұрыс емес, себебі, әр азамат: «Мемлекеттік тілді білу – Отан алдындағы өзімнің борышым»,– санауы тиіс. Өзім дәл солай деп санаймын және басқаларды да мемлекеттік тілді үйренуге шақырамын. Азаматтардың өз ісіне адал болуы маңызды. Біздің әрқайсысымыз әскери киімге құрмет көрсетуіміз қажет. Біз қоғамдық тәртіптің сақшысымыз – сондықтан қоршаған орта үшін басқаларға үлгі болуымыз керек. Мен бала күнімнен полиция қызметкері болып, әскери киім киюді армандадым. Ата-анам мені мақтан тұтады, сондықтан олардың сенімін ақтағым келеді. Бойыма дарытқан адалдық, еңбекқорлық пен әділдік ізімен жүруге тырысамын», – дейді ағынан жарылып. Осындай ұдтжванды, отаншыл патриот азаматтар қарасы көбейе берсе игі…

Дата публикации
16 сентября 2021
Дата обновления
16 сентября 2021
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы