Меню

Страницы

Статья

СУДЬЯЛАР ҚАЗАҚША ҮЙРЕНЕДІ

Сот жүйесінің кәсіби терминдерін қазақ тіліне аударуда әлі де болсын күрделі мәселелер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әсіресе мемлекеттік тілде жүргізілген істі кейбір процеске қатысушы азаматтар мүлде түсінбей жатады. Осындай болмауы үшін Қарағанды облыстық соты тіл басқармасымен бірлесіп, сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқулық шығарды. 120 академиялық сағаттан тұратын кітапта сот жүйесінің кәсіби терминдері барынша түсінікті етіп аударылған. Алдағы уақытта судьялар осы әдістеме бойынша білімін жетілдіреді. Кейін оқуды қаншалықты игергенін білу үшін емтихан тапсырады. Атап өткен жөн, кәсіби салаға бейімделген тұңғыш оқулық өзге де облыстың сот қызметкерлері мен тілдер басқармаларына жіберіледі.
«Бұл кітаптың мақсаты – сот саласындағы қызметкерлердің қарапайым деңгейде оқып, тыңдап, жазып түсіну дағдыларын қалыптастыруға негізделді. Бұл кітапты жазуда сарапшы судьялар бізге көп көмек көрсетті десе болады. Жалпы, кітапты бастамас бұрын 8 ай көлемінде сот саласындағы терминдерді, барлық іс жүргізу актілерінің үлгілерін қарап, сот отырысының хаттамалары, қылмыстық іс, азаматтық іс жүргізуді қарап, зерделеп барып кітап жазуға араластық», дейді тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева.
https://egemen.kz/article/288593-sudyalar-qazaqsha-uyrenedi

Дата публикации
13 сентября 2021
Дата обновления
13 сентября 2021
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы