Меню

Страницы

Статья

ИРАНДАҒЫ «АБАЙ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ» МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ

Иран қазақтары негізінде Гүлстан облысында тұрады. Нақты саны 6-7 мың шамасында болады. Соған қарамастан білім, спорт және өнер саласында талантты жастарымыз республика деңгейінде қазақтың атағын шығарып жүр. Мысалы, Иранның ұлттық бокс командасында былғары қолғап шеберлеріміз өнер көрсетеді. Қазақтар облыстың Горган, Бендер Түрікмен және Гүнбад қалаларында шоғырланған. Қазақтардың ресми тіркеуден өткен қоғамы жоқ. Жуырда Горгандағы ҚР бас консулдығы жанында «Абай және Әл-Фараби» мәдени орталығы ашылды.
Әзірше бір тұрақты мекенжай берілгенше осы бас консулдықта басқосу жиындар өткізілуде. Қазақтар бас консулдықпен тығыз қарым-қатынаста. Бас консул Айтжан Айдашев әртүрлі жағдайларға байланысты қазақ белсенділерінің басын қосып, ақылдасып, түрлі мәдени шаралар өткізуге қамқорлық жасап тұрады. Соңғы кездері алғаш рет Горганда Қазақстан мен Иранның мәдени кеші өтті. Екі ел қайраткерлерінің шешімімен осы шара бұдан былай мәдени апталық көлемінде екі жақтың Маңғыстау және Гүлстан облыстарында жыл сайын алма кезек өткізілетін болды. Биыл алғаш рет Наурыз мейрамын «Абай және Әл-Фараби» мәдени орталығында атап өттік. Иран қазақтары, әсіресе жастар арасында ана тілін үйренуге деген қызығушылық зор. Қазақ тілінен өтетін онлайн сабақтарға балалар ата-аналарымен бірге қатысуда.
«Отандастар Қоры» КЕАҚ және ДҚҚ мен байланыс жоғары деңгейде. Осындағы қандастарымыз жоғары оқу орындарына студенттер қабылдау және түрлі олимпиадаларға қатысу туралы мәліметтерді алып, сайыстарға қатысып тұрады. Қандастарымызға арналып ұйымдастырылатын қазақ тілі сабағының техникалық жетекшісі Асқар Қазақ деген азамат. Ол түрлі мәдени шаралар туралы қажетті ақпаратты осындағы қандастарға дер кезінде парсы тіліне аударып жеткізіп тұрады. Бендер Түрікмен қаласынан Шахире Қазақ ханым «Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан құрылған «Жас қазақ» жастар клубының мүшесі. Атажұртта өтіп жатқан онлайн домбыра үйрету сабағына қатысушылар да аз емес. Иран елінде де домбыра сабағын үйрететін «Болашақ» атты өнер тобын құрған Махса Бектұр есімді қарындасымыз қазақтың ұлттық өнерін насихаттау мен дамытуға өз үлесін қосып жүр.
https://el.kz/kandastar/detail/bez_granits/iranda-y_-abay_zh-ne_-l-farabi-_m-deni_ortaly-y/

Дата публикации
28 июня 2021
Дата обновления
28 июня 2021
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы