Меню

Страницы

Статья

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТАНУШЫЛАР КОНГРЕСІ. ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ. 16 ҚАРАША, 2022

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың баяндамасы

Ахмет Байтұрсынұлы – күрескерлігі және қаламгерлігімен білім, ғылым, әдебиет, көсемсөз, саясат, аударма салаларының қай-қайсысына да өшпес есі мін жазған айрықша тұлға. Егер ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін Жаң ғыру дәуірі болды десек, осындай ұлттық ояну дәуірін Ахмет Байтұрсынұлы сияқты елшіл зиялылар жасады. Тұңғыш ұлттық әліпби, алғашқы оқулықтар, азаттық ұранын көтерген «Маса» жинағы, барша Алаштың баласын оятқан «Қазақ» газеті Ахмет
Байтұрсынұлының реформатор тұлға ретінде сипаттайтын зор тарихи қадамдар. Кеңестік кезеңде тұңғыш Оқу-ағарту министрі, Академиялық орталықтың жетекшісі ретіндегі тарихи еңбектері елімізде білім мен ғылым жүйесін қалыптастырудың жарқын мысалдары. Осы кезеңдерде Ахаң баулыған, одан тәлім алған қаншама азаматтар біздің рухани тарихымызға іргелі үлес қосты. Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлы мек те бі, оның дәстүрі сан ғасырлық тарихымыздың ішінде ең үлкен тағы лым арнасы болғанын жақсы білесіздер. Адамзат үшін қайшылықты болған ХХ ғасырдың басында топтасқан қа зақ оқығандары ұлттық тарихымыздағы ең алғашқы мәдени-интел лек туалды шоғыр болды. Осы зиялы топ азаттық үшін аянбай күреске шы ғып, елшілдік туын көтерді. Отаршыл үкіметке жазылған 1905 жылғы ал ғаш қы құзырхаттардан бастап, 1917 жылдың көктем-жаз айларында ұйым дастырылған облыстық, І, ІІ жалпықазақ сиездеріне дейін Қазақстан ның барлық өңірлерін қамтыған азаттық күресі Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрумен қорытындыланды. Соның нәтижесінде, қазақ жерінде қайтадан ұлттық мемлекеттілік қалыптасты. Бірақ, кеңестік саясат оның сақталуына мүмкіндік бермеді. Десек те, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлері жаңа большевиктік билікпен ымыраға келіп, кеңестік платформада болса да, мемлекеттілікті жаңғыртты. Соның арқасында тарихта тұңғыш рет қазақ жерінің ұлттық территориясы межеленіп бекітілді. Бұл шын мәніндегі ұлы оқиға қазіргі тәуелсіздігіміздің негізгі алғышартын қа лып тастырған қадам еді. Сол себепті де, біз бүгінгі тәуелсіздіктен Алаш қоз ғалысын бөліп қарай алмаймыз. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы, Жанша және Халел Досмұхамедұлылар, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай тағы да басқа азаттық күрескерле рінің тарихи еңбегін бүгінгі және болашақ ұрпаққа үлгі ету баршамыздың перзенттік борышымыз. Осындай ұлы қазақтардың күресі арқасында мемлекетшілдіктің алтын арқауы үзілмей, қазіргі егемендік дәуіріне дейін сәтімен жалғасуда. Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының үстіміздегі жылдың ақпан айынан басталған мерейтойлық шаралары да мәреге жетіп қалды. Бүгінгі Түркітанушылардың халықаралық конгресі белгілі деңгейде осы айтулы мерейтойды қорытындылау шарасы іспетті. Қазақстанда және халықаралық кеңістікте Алаш қайраткері, ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтілді. Бұл ме рейтой – білім мен мәдениеттің, ғылым мен әдебиеттің, жалпы руха нияттың үл кен, аса ауқымды мерейтойы болды. Сол себепті мен сіздерге мерейтойдың шаралары, жалпы өту барысы жөнінде айтпақпын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысы мен мерейтойды өткізу мен ұйымдастырудың жоспары бекітілген болатын. Осы бекітілген Жоспарда халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі 63 ісшара қамтылған. Елімізде және шетелдерде атқарылған жұмыстарды бірнеше бағытта көрсетуге болады. Бірінші бағыт – ғылыми конференциялар Тіл білімі, әдебиеттану және әдістеме ғылымдарының тұңғыш ізашар тұлғасына мерейтой барысында елімізде және шетелдерде көптеген конференциялар ұйымдастырылды. Мерейтойлық жылдың беташар шарасы – Астана қаласында 25 ақпанда өткізілген «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Ғылыми шаралар Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік, Сүлеймен Демирел университеттерінде, ұлт ұстазының, қайраткердің ізі қалған өңірлердің бірі – кеңестік кезеңдегі Қазақстанның алғашқы астанасы Қызылордадағы университетте, Қазақстанның тұңғыш жоғарғы оқу орны – қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, үлкен алқалы халықаралық конференция Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткізілді. Елімізде тілдер күні Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайласты рылған, яғни 5 қыркүйек. Осы атаулы күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және жаңа Қазақстан ның зияткерлік сабақтастығы» тақырыбында ғылыми конференция өтіп, Ахаңның қайраткерлік, ғалымдық және қаламгерлік қырларына ғылыми баға берді. Екінші бағыт – ғылыми-зерттеу жұмыстары Мерейтой аясында «Ахмет Байтұрсынұлы мен «Алаш» қозғалысының басқа да қайраткерлерінің еңбектерін шетел архивтерінен іздестіріп, ғылыми айналымға енгізу» жобасы бойынша Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасының мемлекеттік орталық архивтерінде ғалымдар жұмыс жүргізді. Нәтижесінде тың құжаттар табылды, бұрын жарияланбаған кейбір еңбектеріне қол жеткізілді. Экспедиция қорытындысы бойынша арнайы жи нақ жыл аяғына дейін шығарылатын болады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдары «Алаштың ардағы» атты монографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Ахмет Байтұрсынұлы жазу реформасы: теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында гранттық жобаны жүзеге асыруда. Үшінші бағыт – ұлықтау шаралары Мерейтойлық жылда Ахмет Байтұрсынұлы есімін есте есімін мектептерге, көшелерге беру, ескерткіштер ашу және басқа да шаралар жүргізілді. Тұлғаның есімі еліміздегі ономастикалық жұмыстарда басшылыққа алынатын «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген. Бүгінгі күнге дейін ұлт ұстазының есімі республика көлемінде 1 ауылға, 204 көше мен 37 мектепке, 1 музейге берілген. Сонымен қатар Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қостанай қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік универститеті жұмыс істеуде, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «А. Байтұрсынұлы орталығы» ашылған. Жыл басынан бері тұлғаның есімі Астана қаласының № 48 мектеп-лицейіне, Жамбыл облысының Қордай ауданының № 51 орта мектебіне және Шу ауданының мектеп-гимназиясына, Петропавл қаласының № 9 орта мектебіне, Рудный қаласындағы №19 мектепке берілді. Сондай-ақ, ұлт ұстазының ескерткіші бүгін Алматы қаласында ашылып отыр. Ахаңның ескерткіші Түркияның астанасы Анкара қаласында да орна тылмақ. Бұл өз кезегінде түркі бауырларымыздың Қазақстанға, ұлт қайратке ріне деген үлкен құрметі. Сол үшін бауырлас халыққа алғысымызды жеткізгіміз келеді. Қостанай халықаралық әуежайына А.Байтұрсынұлы есімі берілді. Сонымен бірге «Қазпошта» АҚ тарапынан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары әзірленіп шығарылды. Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 500 теңге және 100 теңге монеталарын дайындап айналымға шығарды. Қазақ ұлттық ғылымның негізін салушының құрметіне 2023 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік сыйлық беріле бастайды, сондай-ақ, ТҮРКСОЙ тарапынан әзірленген «Ахмет Байтұрсынұлы» медалі туыстас халықтардың қаламгерлеріне, ғалымдарына тұрақты түрде беріліп тұратын марапат болмақ. Сол сияқты Қазақстанда да осындай ведомстволық медаль дайындалды, онымен гуманитарлық саланың өкілдері марапатталатын болады. Мұндай марапаттар ғалымдарымызға, қаламгерлерімізге үлкен мәртебе, әрі зор жауапкершілік жүктейді деп ойлаймын. Төртінші бағыт – еңбектерін жинақтау, шығару жұмыстары Мерейтойлық жылдың үлкен бір табысы – А.Байтұрсынұлының толық академиялық шығармалар жинағын әзірлеу және шығару болды. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен жарық көрген 12 томдық толық шығармалар жинағы шықты. Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы таңдамалы еңбектерінің қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде әзірледі. ЮНЕСКОның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде шетелдік және отандық ғалымдардың, көптеген мемлекеттердің осы халықаралық ұйымдағы өкілдерінің қатысуымен 4 қазанда кітаптың тұсаукесері өткізілді. Бұл арада, Ахмет Байтұрсынұлының таңдамалы шығармаларының тұңғыш рет ағылшын, орыс және түрік тілдерінде жарық көргенін ерекше айтуға боларлық. Бұл жинақ ендігі уақытта қазақ ғалымының шығармашылығын басқа тілдерде де зерттеуге жол ашады деп ойлаймыз. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының толық академиялық жинағын әзірлеп, баспадан шығарды. Бұл академиялық басылым Ахаң шығармашылығының эволюциясын тануға жақсы көмек бола алады. Бесінші бағыт – мәдени шаралар 3 қыркүйекте ұлт ұстазының туған жері Торғай ауылында «Жан жүрегім – Торғайым» атты жастар форумы, «Бабалар аманаты» республикалық
айтыс өтті. Жастар форумы аясында 2022 жылғы бірқатар түлектерге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы гранттар табысталды. Қостанай облысында баршаңызға белгілі, төтенше жағдайдың жариялануына орай мерейтойлық шаралар кейінге шегерілген болатын. Ұлт ұстазының туған жеріндегі осы мерейтойлық шаралар 1 қазанда Торғай және Ақкөл ауылдарында өткізілді. Мерейтойлық шаралар шеңберінде «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» ғылыми-практикалық конференция, ескерткіштің ашылу рәсімі, әдеби музейдің және музей-үйдің тұсаукесері, спорттық ойындар және танымал қазақстандық өнер жұлдыздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерейтойлық шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, Торғай өңірінің дамуына үлес қосқан ел азаматтарын мерекелік медальдармен марапаттады. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін зерттеп жүрген ғалымдарға сыйлықтар табыстады. Республикалық «Алтын домбыра» айтысы биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналып өткізіледі. «Ақаң жүріп өткен жолмен...» атты ғылыми-танымдық экспедицияны ұйымдастыру және өткізуге арналған 2 жоба Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен мамыр және тамыз айларында жүзеге асырылды. Бірінші бағыт Қостанай – Орынбор – Мәскеу – Архангельск – Баку – Челябинск маршрутын құрады. Екіншісі – Қостанай – Қарқаралы – Семей – Қарабұтақ – Әулиекөл – Торғай бағытында болды. Осындай ғылыми-танымдық экспедиция Астана қаласы әкімдігі тарапы нан ұйымдастырылып, қыркүйек айында жүзеге асырылды. Ол Астана – Әулиекөл – Қостанай – Арқалық – Торғай – Ақкөл – Бидайық бағытында жүргізілді. Алтыншы бағыт – әлеуметтік шаралар Мерейтой аясында ұлт ұстазының туған жері – Сарытүбекте музей-үйі салынды. Музей-үй осы киелі топыраққа тағзым жасай келген қонақтарға
Ахмет Байтұрсынұлының балалық шағынан, туған өңірінің тарихынан сыр шертеді. Жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылында жаңа медициналық пункт салынды. Ақкөл ауылдық медициналық пункті қажетті заттармен жабдықталды. 10 маусымнан бастап Ахмет Байтұрсынұлы және Ақкөл ауылдары ин тер нетпен қамтамасыз етілді. Торғайдағы «Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы музейі» күрделі жөндеуден өтіп, экспозициясы жаңартылып, толық тырылды. Музей алдына қос қайраткердің жаңа ескерткіші орна тылды. Жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, аймақтың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жол мәселесіне ерекше назар аударылуда. Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолдың 41,4 км қаржы бөлініп, қазір оның едәуір бөлігіне асфальт жамылғысы төселді. Сондай-ақ, Торғай өзені арқылы өтетін Шұбалаң-Қарасу автожолындағы көпір күрделі жөндеуден өтті. Жетінші бағыт – халықаралық деңгейдегі шаралар Отандық және шетелдік зиялы қауым өкілдерінің, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы (Франция) штаб-пәтерінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойын аталып өтті. ТҮРКСОЙ аясында отандық және шетелдік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Ыстамбұл қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел, фотокөрме 1 қарашада өткізілді. Сегізінші бағыт – насихат шаралары Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында мерейтой шеңберінде 2214 материал шықты. Олар теле-радио арналарда, газет-журналдарда, сайттарда жарияланды. Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы бауырлас түркі халықтарын тағы да тоғыстырды. Соның арқасында біз туысқандығымызды бұрынғыдан да терең түсініп, бұрынғыдан да қаттырақ сезіне бастадық. Мерейтой шараларына қатысқан отандық ғалымдарымызбен бірге Әзербайжаннан, Башқұртстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Татарстаннан, Түркиядан атсалысқан ғалымдарға рақмет айтамыз. Қасиетті Түркістанда баршамыздың басымыз қосылып, тарихымызбен тағы да табысып, ұлыларымызды ардақтауға жиналып отырмыз. Алыс-жақыннан келген барша ағайынға алғысымызды жеткізгіміз келеді. Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ұлы тұлғалардың есімі мен еңбегін ұлықтаудың дәстүрі енді үлкен даңғылға шықты деп ойлаймын. Осы жолда баршаңызға игілік пен үлкен жетістіктер тілеймін! Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
17 ноября 2022
Дата обновления
17 ноября 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
26 декабря 2025
Киберқауіпсіздік: Бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады?
26 декабря 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған киберқауіпсіздік журналы «CYBERKRAFT»
Ақпарат
26 декабря 2025
Алаяқтар қол қусырып отырмайды. Кибергигиена - сенің қорғанысың

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы