2025 жылдың 29 мамырында Республикалық терминология комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысы жаратылыстану-математика бағыты бойынша терминдерді қарау мен бекітуге арналды.
Күн тәртібіне сәйкес Атырау облысы әкімдігі ұсынған мұнай-газ саласында қолданылатын 350-ден аса термин талқылауға салынды.
Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылды, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ғылыми мекемелер мен ұлттық компанияларға қызмет барысында қолдану үшін жіберілді.