Республикалық терминология комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 18 сәуірде Республикалық терминология комиссиясының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес Нархоз университеті ұсынған демография саласында қолданылатын терминдер қаралды. Отырысқа Комиссия және әлеуметтану, саясаттану салалары терминология секциясының мүшелері, сондай-ақ Нархоз университетінің демография саласы бойынша терминологиялық сөздік әзірлеген ғалымдары қатысты.

Отырыс барысында «демографический потенциал – демографиялық әлеует, демографическая устойчивость – демографиялық орнықтылық, индекс жизненности – өміршеңдік индексі, сетевое поколение – желілік ұрпақ» сияқты 600-ден аса термин бекітілді.

Комиссия бекіткен терминдер termincom.kz сайтына орналастырылды.

 

Дата публикации
03 октября 2025