Республикалық терминология комиссиясының қызметі туралы

Республикалық терминология комиссиясының қызметі туралы

Қысқаша сипаттама Құжаттың толық мәтіні Құжаттарды жүктеу

Комиссия атауы

Комиссияның жұмыс органы

Комиссияға басшылық ететін лауазымды тұлға

Комиссия функциялары мен мақсаттары

Комиссия құрылу жөнінде актінің деректемелері

Республикалық терминология комиссиясы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

- экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң әртүрлі салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар тұжырымдау;

- терминдерді қарау және қабылдау;

- экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң әртүрлі салалары бойынша Комиссия бекiткен терминдердi бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздiктер түрiнде шығару, сондай-ақ терминдердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға ұсынымдар дайындау;

- қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша секциялар құру, соның ішінде экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің тиісті салалары бойынша;

- терминдердің практикалық пайдаланылуы мен қолданылуының дұрыстығы мен дәйектiлiгiн айқындау мақсатында, қажет болған жағдайда қазақ тiлiнiң терминологиясын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау үшiн мамандарды, ғалымдарды, экономиканың, ғылымның, техника мен мәдениеттің тиісті салаларының терминологиялық секцияларының мүшелерін, сондай-ақ мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тарту

Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2024 жылғы 18 наурыздағы
№ 116 бұйрығы

 

Дата публикации
03 октября 2025