«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2025 жылдың І жартыжылдығында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 535 бұйрығы негізінде
33 мемлекеттік мекемеде мерзімді тексеру жүргізілді.
Мерзімді тексеру жұмыстарымен Астана, Алматы қалалары, облыс әкімі аппараттары мен әкімдікке қарасты басқармалар мен аудан әкімі аппараттары қамтылды.
А.ж. қаңтар айында Астана қаласы әкімінің аппараты мен денсаулық сақтау басқармасы, Ұлытау облысы әкімінің аппараты, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ақпанда Алматы облысы әкімінің аппараты, жұмылдыру дайындығы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары және Жамбыл ауданы әкімінің аппараты, наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, дін істері басқармалары және Глубокое ауданы әкімінің аппараты, сәуірде Абай облысы әкімінің аппараты, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармалары, Жетісу облысы әкімінің аппараты, ветеринария, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика және бюджеттік жоспарлау, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары, мамырда Алматы қаласы әкімінің аппараты, қоғамдық денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология және қоршаған орта басқармалары, маусымда Павлодар облысы әкімінің аппараты, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, цифрлық технологиялар басқармалары тексерілді.
Тексерудің нәтижесі бойынша барлық мемлекеттік мекемелерге Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұсынымдар көрсетілген тексеру нәтижелері туралы акті табыс етілді.
Тексерілген мекемелер тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға жолдады.