Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды.
Қазылар алқасының құрамына бес адамнан тұратын филолог ғалымдар, қоғам белсенділері, журналистер кіреді.
Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
11. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
12. Байқауға қатысушылар:
1) Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:
2) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар 2024 жылдың 1 қазанынан кейін әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін;
3) тауар өндіруші:
- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;
- ғимараттта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;
4) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.
- 1 маусымға дейін ауылдық округ әкімдігіне;
- 1 шілдеге дейін аудандық/қалалық әкімдіктің тіл саясатын іске асыратын құрылымдық бөлімшелеріне;
- 1 тамызға дейін облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдігіне қарасты тіл саясатын іске асыратын құрылымдық бөлімшелеріне;
- 1 қыркүйекке дейін Комитетке тапсырылуы қажет.
1) Байқауға қатысқан квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар арасынан жеңімпаздарды анықтауы;
2) Жоғары тұрған органға жеңімпаз туралы мәліметті 13-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынуы;
3) Облыстық, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі Байқау жеңімпаздары туралы мәліметтерді (қатысушының жеке куәлігі, жұмыс орнынан анықтама) және олардың жұмысын Комитетке 2025 жылғы 29 тамыз сағат
24.00-ге дейін ұсынуы қажет.
15. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және Комитет бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
16. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін 10 күн ішінде Комитеттің ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылады.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-27-84, 74-03-42, 74-03-25.
+7 7772638171.
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауын ұйымдастыру
және өткізу ережесіне қосымша
1-нысан
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауына қатысуға
өтінім
Басшының қолы
Күні