Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың
2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы
ЕСЕП
Есепті кезең: 2023 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат
|
№ |
Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы |
Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
||
|
жоспары |
факт |
түсініктеме |
||||
|
1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту |
||||||
|
1-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі |
|
81 |
81 |
Орындалды. Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің (бұдан әрі - Зерттеу) қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 81 %-ті құрады. Зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «EcoVid» ЖК жүргізді. |
||
|
2-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі |
|
37 |
30 |
Ішінара орындалды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы республика бойынша 30 578 адамға «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу өткізді. Тестілеуге қатысқан мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің саны – 9 000 адам. Диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижесі бойынша 2 727 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің (30 %) мемлекеттік тілді орта (В1) деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. |
||
|
3-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі |
|
35 |
35 |
Орындалды. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы 12 067 мемлекеттік қызметші диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша 4 223 мемлекеттік қызметші (35 %) мемлекеттік тілді ортадан жоғары (В2) деңгейде меңгергендерін көрсетті. |
||
|
1. |
Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізу |
әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу |
ҒЖБМ, ЖАО
|
|
|
Орындалды. ҚР тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу (бұдан әрі - Зерттеу) жүргізілді. Зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша конкурс арқылы анықталған «EcoVid» ЖШС жүргізді. Зерттеу еліміздің 17 облысында және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілді. Зерттеуге Қазақстан Республикасының 18 жастан жоғары 4 000 азаматы, экономика және қаржы саласының 700 өкілі қатысты. |
|
2. |
Түркі, славян жазбаларының күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО |
|
|
Орындалды. Түркі, славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді. Атап айтқанда, Абай облысында Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде «День славянской письменности и культуры» атты әдеби-музыкалық кеш, ашық есік, «Как появилась письменность» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тақырыптық іс-шаралар өткізілді. Ақмола, Алматы және Павлодар облыстарында түркі жазбалары күніне арналған халықаралық және облыстық конференциялар ұйымдастырылды. Қарағанды облысында кітапханалар жүйесінің қызметкерлеріне «Таңбаларда тарих бар» атты ақпараттық сағат өткізіліп, Күлтегін ескерткіш мәтінінің 14 тілдегі ғылыми аудармалар жинағы таныстырылымына шолу жасалды. |
|
3. |
Жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға көрнекі ақпаратты дұрыс жазу (акциялар, «Үздік маңдайша», «Үздік аудан», «Үздік көше» және т.б.), бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО, ҰК (келісу бойынша), «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. Жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 21-бабына енгізілген түзетулерді ескере отырып, көрнекі ақпаратқа қатысты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізді. Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде заң нормаларының сақталуы бойынша әкімдіктер мен «Атамекен» ҰКП арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде нақты жұмыстар атқарылды. Мәселен, Қарағанды облысында «Көрнекі ақпарат және жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жобасы шеңберінде барлық мүдделі жергілікті атқарушы органдарының, жарнама агенттіктерінің, БАҚ және шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуымен іс-шаралар мен есептік семинар-кеңес өтті. Астана қаласында сауда орталықтарының базасында кәсіпкерлік субъектілер арасында түрлі нормативтік құқықтық актілер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілері үшін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарды түсіндіру бойынша 4 бірлескен іс-шара (кеңестер, дөңгелек үстелдер) өткізілді. Барлық өңірлерде сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің орфографиялық нормаға сәйкес жазылуын үйлестіру мақсатында тегін кеңес беретін «жедел желі» (сall-center) қызмет етеді. «e-Otinish» жүйесі арқылы жеке тұлғалардан 2023 жылы 720 өтініштер келіп түсті. Ең көп өтініш Астана (359), Алматы (44), Шымкент (36) қалаларынан, Түркістан (24), Алматы (17), Шығыс Қазақстан (16), Қарағанды (16), Ақтөбе (12), Батыс Қазақстан (12), Қостанай (10), Жамбыл (9), Ақмола (8) облыстарынан келді. Өтініштерге нақты жауап беру үшін заң талаптарын бұзған кәсіпкерлер тексеріліп, ұсынымдар берілді және екертулерді талапқа сай түзету жұмыстары жүргізілді. 2023 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Көрнекі ақпарат: мәселе мен шешім» атты семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске 20 өңірден тіл мәселесіне жауапты басқармалардың басшылары мен көрнекі ақпарат мәселесіне жауапты мамандары, қатысты. Сонымен қатар көрнекі ақпарат және мемлекеттік тілде қызмет көрсету мәселелеріне қатысты сұрақтарға нақты жауап беру үшін Бас прокуратурадан, Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінен, Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан жауапты мамандары және Мақсұт Нәріқбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің заңгер ғалымдары қатысып, көрнекі ақпараттың сауатты жазылуына қатысты мәселелер талқыланды. Ұлттық компанияларда (акционерлік қоғамдарда) ішкі Іс-қимыл жоспарлары бекітіліп, тиісті іс-шаралар жоспарланды. Мәселен, «Қазпошта» АҚ өңірлік филиалдардағы көрнекі ақпараттардың, соның ішінде мекеме маңдайшалардың, халыққа ұсынылатын хабарландыру-лардың дұрыс ресімделуі бойынша консультациялық кеңестер беріп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіді. |
|
5. |
Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде тіл туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселені пысықтау |
ПӘ-не ұсыныс |
ҒЖБМ |
|
|
Орындалды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жергілікті атқарушы органдардың маңдайшаларды орналастыр-мас бұрын хабарлама беру тәртібімен алдын ала келісу құзыретін қарастыру нормасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына (3 түзету) және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына |
|
8. |
Қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру |
іс-шаралар |
ЖАО, ҒЖБМ, «Отандастар» қоры (келісу бойынша), «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, 2024 – 2027 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған тармақ шеңберінде барлық өңірлерде қоғамдық ұйымдардың, белсенді азаматтардың, қоғам қайраткерлерінің, еріктілердің қатысуымен қазақ тілін қолдауға бағытталған онлайн және офлайн форматта түрлі қоғамдық-мәдени іс-шаралар ұймдастырылды. Мәселен, Астана қаласында «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігі ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында «Қарашаңырақ» жобасын іске асырды. Жоба аясында 30 балабақшада 846 ата-анамен, 3 жоғары оқу орнынан 334, 4 орта арнаулы оқу орнынан 198 студентпен, 10 мектептен 1321 оқушымен кездеу өткізіліп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық өңірлерде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының филиалдарымен бірлесіп арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Алматы қаласында «Тіл – достық дәнекері» атты дөңгелек үстел, «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант, «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» атты іс-шара, «5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі, «Менің таңдауым – қазақ тілі» атты челлендж ұйымдастырылды. Жетісу облысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Тіл және тілші» тақырыбында семинар-тренинг, «Тілдік ахуал: көрнекі ақпарат, жарнама тілі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шаралар барысында мемлекеттік тілге қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары туралы пікірлер талқыланды. Қостанай облысында мәдениет және тілдерді дамыту саласы мамандарының, колледждер және мектептер директорлары, тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, зиялы қауым, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ана тілім – ардағым» атты аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Отандастар қоры» КеАҚ дәстүрлі өнер мен ұлттық спортты дәріптеу мақсатында шетелдегі қазақтар шоғырланған елдерде домбыра, би, қазақша күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ және т.б. оффлайн іс-шаралар ұйымдастырды. |
|
10. |
Мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО, МО, ҰК (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. Жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда ішкі өкімдік құжаттар щеңберінде тиісті іс-шаралар қабылданды. Мәселен, Ұлытау облысында ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің құжата айналымын ішкі бақылау бойынша құрылған арнайы жұмыс тобының жоспарына сәйкес қалалық мекемелер (Емхана, Жылумен және сумен қамсыздандыру кәсіпорны, «Сәт-тазалық», АХАЖ, Сәтбаев қаласының Қорғаныс істері бөлімі, Сәтбаев қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті) құжаттарына бақылау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді Облыс көлемінде іс қағаздарындағы мемлекеттік тілдің қолданысын қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысындағы 55 мекемеге әдістемелік көмек көрсетілді. Жалпы әдістемелік көмекпен банк бөлімшелері, дәріханалар, нотариустер, мейрамханалар, дәмханалар, лифт компаниялары, сауда орталықтары қамтылды. «Банкте», «Сауда орталығында», «Қонақ үйде», «Қоғамдық көлікте», «Поштада», «Қаладағы бағдар» тақырыптарында тілдескіштер әзірленіп, таратылды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінде мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілер үшін тоқсан сайын «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында түсіндіру семинары өткізілді. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да қызметкерлерге мемлекеттік және ресми тілдерінде авиациялық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізіліп, авиациялық терминдер, сөздер мен сөз тіркестерінің сөздігі әзірленіп, жұмыс барысында қолданылды. Жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлік субъектілеріне деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігіндегі тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмысын «Атамекен» ҰКП-ның және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жергілікті жерлердегі филиалдарын, басқа да үкіметтік емес ұйымдарды, тіл жанашырларын тарта отырып жүргізді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынын көрнекі ақпаратты орфографиялық нормаға сәйкестендіру мақсатында 2023 жылы 43 557 көрнекі ақпарат объектісіне зерделеу жұмысы жүргізіліп, 33 344 объект сәйкестендірілді (76,5 %). |
|
11. |
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО, МО |
|
|
Орындалды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарын ынталандыру мақсатында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға өңірлерде іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет атқаратын 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысты. «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы аясында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өткізілді. Мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды және практикалық қолдануын ынталандыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қонаев, Өскемен қалаларында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумы, Тараз қаласында «Тіл – татулық тірегі» республикалық дөңгелек үстелі, Орал қаласында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі», Павлодар қаласында «Мемлекеттік тіл саясаты: жастар және қоғам» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. 2023 жылы 28 қарашада «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапататау рәсімі өтті. Байқау барысында 64 үміткердің 145 материалы қаралды. 2023 жылғы мамыр-қазан аралығында өңірлерде «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауы өткізілді. Республикалық деңгейдегі жеңімпаз-дарды салтанатты марапаттау рәсімі 2023 жылғы 28 қарашада Астана қаласында өтті. Барлық өңірлер мен мемлекеттік органдарда БАҚ-та кең түрде жариялау арқылы Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар өткізілді. Мысалы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде жеке құрамның қатысуымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Ахмет оқулары», «Ахмет – ұлт ұстазы» атты тақырыптық кештер өткізілді. Қазақстан халқы тілдері күні аясында ҚР Президентінің Іс басқармасының ведомстволары мен ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – татулықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросында «Тіл шебері» конкурсы өткізіліп, осы іс-шара әрбір аумақтық бөлімшеде дебат, викториналық сұрақтар, шығармаларды талқылау және т.б. нысандарда ұйымдастырылды. |
|
12. |
Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
ЖАО, МО, ҰК (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. Мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру және дәріптеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Мерейтойлар тізбегінде - Ұлылар» атауымен М. Жұмабайұлы, М. Әлімбаев, С. Көбеев, О. Бөкей, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы шығармашылықтарына арналған танымдық сағаттар, поэзия кештері, пікірсайыстар, көрмелер ұйымдастырылды. Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант ұйымдастырылып, 132 мың адам қатысты. Жамбыл облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, тіл арқылы ұлттық құндылықтарды көрсетуге бағытталған «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» бейнедәріс топтамасы, балалардың тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған «Bal-Balaqai tili» анимациялық, танымдық бейнедәрістер топтамасы, ресми іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жазуды, тыныс белгілерін орын тәртібімен қолдануды көрсетуге бағытталған «Қатемен жұмыс» атты анимациялық, сауатты жазуға, сөйлеуге арналған бейнедәрістер әзірленіп, тиісті мекемелерге таратылды және әлеуметтік желілерге орналастырылды. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары, магистранттары және алғашқы кәсіби дайындық курстарының тыңдаушылары арасында «Тіл шебері» конкурсы өткізіліп, 14 білім алушы қатысты. ҚР Денсаулық министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттік тіл – қызмет тілі» республикалық байқауы өткізілді. ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан «Тіл – татулық тірегі» атты айлық өткізіліп, айлық барысында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл, Талғат Бигелдиновтің туғанына 101 жыл толуына орай, сондай-ақ ұлттық құндылықты дәріптеуге, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. |
|
17. |
«ҚАЗТЕСТ» бағдарламасының негізінде тілді білу деңгейін бақылау жүйесін ұйымдастыру |
жыл қорытындысы бойынша есеп |
ҒЖБМ |
|
|
Орындалды. Жыл сайын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қызмет көрсету мекемелері мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, «Болашақ» халықаралық стипендиясы үміткерлері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметкерлері мен ұстаздары «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тестілеуден өтті. 2023 жылы 30 578 адам диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті. Тестілеуге келесі санаттар қатысты: - мемлекеттік қызметшілер – 12 067 адам; - мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлері – 7 159 адам; - ұлттық компаниялар қызметкерлері – 1 841 адам; - Президенттік жастар кадр резерві – 1 483 адам; - «Болашақ» стипендиясы үміткерлері – 2 670 адам; - ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсушілер – 3 565 адам; - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері мен басқару персоналы – 911 адам; - басқа сала қызметкерлері – 882 адам. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары (бұдан әрі – Стандарт) қолданысқа енгізілді (2015 жылғы 24 қарашадағы № 236-од бұйрық, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетімен бекітілген). Ұлттық стандарт тілді оқыту мен меңгеру деңгейін бағалауды жүйелейтін бірден-бір нормативті кұжат болып табылады. Стандарт тіл үйренушінің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін және оның коммуникативтік тілдік құзыреттілігінің қандай дәрежеде қалыптасқандығын анықтау мен бағалауға толық мүмкіндік береді. |
|
18. |
Мемлекеттік Тілдерді оқыту орталықтарында ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер үшін курстар (қазақ, орыс, ағылшын) ұйымдастыру |
курстар |
ЖАО |
|
|
Орындалды. 2023 жылғы жағдай бойынша республика аумағында 114 тіл оқыту орталығы жұмыс жасады (2022 жылы - 111). Тілдерді оқыту орталықтарында азаматтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдері тегін оқытылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан өткендер: - өңірлерде – 42 775 адам (Астана қ. - 1500, Ақтөбе - 1680, Ақмола – 3023, Атырау – 570, Абай – 1300, Алматы – 2338, Алматы қ. – 1221, БҚО – 870, Маңғыстау – 100, Павлодар – 2558, СҚО – 3350, Ұлытау – 242, ШҚО – 1213, Түркістан – 3946, Қызылорда – 1050, Қарағанды – 3466, Қостанай – 6590, Жетісу – 2752, Жамбыл – 4184, Шымкент - 822). - этномәдени бірлестіктерде – 5754 адам (Ақтөбе – 74, Жамбыл – 3666, Маңғыстау – 150, Түркістан – 1126, Шымкент – 100, ШҚО - 638). Қазақ тілі курсынан өткендердің жалпы саны – 52 507 адам. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орыс тілі курсынан өткендер: - өңірлерде – 3742 адам (Атырау – 30, Абай – 130, Алматы – 104, , ШҚО – 22, Түркістан – 2566, Қызылорда – 425, Қарағанды – 54, Қостанай – 15, Жетісу – 26, Жамбыл – 231, Шымкент - 139). Орыс тілі курсынан өткендердің жалпы саны – 3 867 адам. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ағылшын тілі курсынан өткендер: - өңірлерде – 11 566 адам (Астана қ. - 110, Ақтөбе - 320, Ақмола – 529, Атырау – 300, Абай – 446, Алматы – 727, БҚО – 900, Павлодар – 203, СҚО – 260, Ұлытау – 158, ШҚО – 298, Түркістан – 3404, Қызылорда – 533, Қарағанды – 1690, Қостанай – 728, Жетісу – 675, Жамбыл – 581, Шымкент - 431). Алматы қаласы және Маңғыстау облысында ағылшын тілі оқытылмады. Ағылшын тілі курсынан өткендердің жалпы саны – 12 193 адам. |
|
4-нысаналы индикатор. Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі |
|
70 |
79 |
Орындалды. Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі 79 %-ті құрады. |
||
|
19. |
Балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі танымдық бағдарламалар, жобалар, соның ішінде ойын түріндегі оқыту бағдарламаларын әзірлеу |
бағдарламалар, жобалар |
МАМ, ОМ |
|
|
Орындалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ тіліндегі контенттің, оның ішінде балаларға, жасөспірімдер мен жастарға арналған танымдық контенттің үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл ретте «Balapan» телеарнасының басты рөлін атап өткен жөн, оның эфирінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 24 танымдық бағдарламалардың мемлекет-тік тілде шығуы ұйымдастырылды («1001 кеңес», «5/5», «Balapan live», «iBars», «Miss Kaussar» және т.б.). Сонымен қатар бағдарламалардың бұл санаты «Хабар» («XXI ғасыр көшбасшысы», «Мектеп», «Құрқұдық»), «Qazaqstan» («Арғықазақ мифологиясына сапар», «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Киелі Qazaqstan», «Сұлтан Бибарыс», «Аспанды Бағындырған Хиуаз») және «El arna» («Жауынгер», «Табиғат Challenge», «Жабайы табиғат») телеарналарында да шықты. Жоғарыда аталған жобаларда эрудицияны арттыруға және балалардың ой-өрісін кеңейтуге көп көңіл бөлінеді. Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың интеллектуалды дамуына ықпал ететін бағдарламаларды бөлек атап өткен жөн. Көбінесе бұл бағдарламалар ойын форматында таратылады. Мысалы, «Balapan» телеарнасының «iBars» телебағдарламасы балаларға арналған ойын түріндегі зияткерлік байқау болып табылады. «Balapan» телеарнасының «Balapan live» телебағдарламасының ойын-сауық бағыты да, танымдық элементтері де бар. Ойын-сауық және танымдық элементтер осы телеарнаның «Бірге ойнап, бірге үйренейік» бағдарламасында да бар. Бағдарлама аясында жүргізушілер логиканы, зейінді, шығармашылық ойлауды және спорттық дағдыларды дамытуға ықпал ететін ойындарды ұсынады. Телеарналарда оқушыларға арналған білім беру контентіне белсенді көңіл бөлінеді. Мәселен, «Хабар» телеарнасының «Мектеп» телебағдарлама-сында оқу бойынша кеңестерді (ҰБТ-ға қалай дайындалу керектігін), сондай-ақ кейбір мектептер мен оқу пәндерінің ерекшеліктерін көрсететін білім беру бағдарламасы болып табылады. «Balapan» телеарнасындағы «Вундеркинд бала» телехикаясы оқу барысында туындаған түрлі есептерді шешетін оқушылар туралы баяндайды. Сонымен қатар телеарналар танымдық жанрдағы жобалар арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді. «Balapan» телеарнасының «Күмбір live» телебағдарламасы «Күй» ұлттық өнеріне арналған, оның эфирінде жүргізушілер мен қонақтар қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары туралы әңгімелейді. Сондай-ақ «Balapan» телеарнасында «Miss Kaussar» телебағдарламасын атап өткен жөн, оның мақсаты көрермендердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру болып табылады. «El arna» телеарнасының «Жауынгер» телебағдарламасы жастардың әскери-патриоттық рухын қалыптастыруға және жас ұрпақтың бойында патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған. Сондай-ақ «Qazaqstan», «Хабар» және «El arna» телеарналарының эфирінде тарихи оқиғаларға, сондай-ақ Қазақстанның мәдени және табиғи көрікті жерлеріне арналған деректі фильмдердін атап өткен жөн («Арғықазақ мифологиясына сапар», «Киелі Qazaqstan», «Жабайы табиғат», «Құрқұдық» және т.б.). «Qazaqstan» телеарнасындағы «Сұлтан Бибарыс», «Аспанды Бағындырған Хиуаз», «Киелі Qazaqstan», «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Арғықазақ мифологиясына сапар» жоғарыда айтылғандар арасында, қамтылуы 136 мыңнан 292 мың көрерменге дейін болып келетін, ең танымал телебағдарламалар болып табылады. «Хабар» телеарнасының телебағдарла-маларын қамту 67 мыңнан 115 мың көрерменге дейін, ал «El arna» - да 5,6 мыңнан 8,5 мыңға дейін, «Balapan» - да 6,4 мыңнан 6,7 мыңға дейін көрерменді қамтиды. |
|
5-нысаналы индикатор. Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шетелде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық іс-шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі |
|
52 |
52 |
Орындалды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шет елдерде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастыратын халықаралық шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі 52 %-ті құрады. |
||
|
21. |
Халықаралық қызметте мемлекеттік тілдегі іс-шаралар ұйымдастыру |
есеп |
СІМ, МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. 2023 жылы халықаралық қызметте іс-шараларды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес жүзеге асырылды. 2023 жылы Қазақстанда бірқатар халықаралық ірі іс-шаралар, Мемлекет басшысының, ҚР Премьер-Министрінің, Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары, сондай-ақ елімізге жоғары дәрежелі шетелдік қонақтардың сапарлары ұйымдастырылды. Қазақстанға ресми сапармен 32 мемлекет және үкімет басшысы, 24 сыртқы істер министрі және халықаралық ұйымдардың басшылары келді. Олардың ішінде Мажарстан, Британия, Италия, Қырғызстан, Люксембург, Македония, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Швейцария, Оңтүстік Корея және т.б. сыртқы саяси ведомстволар басшылары бар. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Нұртілеу 2023 жылы 23 елге барды, атап айтқанда Әзербайжан, Беларусь, Бельгия, Мажарстан, Қырғызстан, Қытай, Сауд Арабиясы, Люксембург, Ресей, Румыния, Сербия, Солтүстік Македония, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және т.б. елдерге сапар жасап, олардың мемлекет, үкімет және СІМ басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесулер мен келіссөздер тиістілігіне қарай ағылшын, орыс және өзге де тілдерде өтті. ҚР мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және шет елдердегі мекемелер ұйымдастырған халықаралық іс-шаралар мен кездесулер, бұқаралық, мәдени-спорттық және өзге де қоғамдық шаралар (кездесу, келіссөз, халықаралық конференция, форум, дөңгелек үстел және т.б.) барысында мемлекеттік тіл кеңінен қолданылып, «Қазақстан Республикасын-дағы тіл туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес мемлекеттік және өзге тілдерде өткізілді. 2023 жылғы 18 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдануының 33 жылдығы мен 1993 жылғы 22 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шарттың 30 жылдығына орай Моңғолия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Стратегиялық зерттеулер институтында ҚР елшісінің моңғол ғалымдарымен және сарапшылармен «Елші сағаты» атты дөңгелек үстел форматындағы кездесуі мемлекеттік тілде өтті. 25 қарашада Бейжіңде ҚР-дың ҚХР-дағы елшілігі мен «Zhongguancun» компаниясының бірлесіп өндірген «Саған ұқсаймын» атты алғашқы цифрлық жоба іске қосылды. Цифрлық жобаның субтитрлері мен дыбыстамасы толықтай қазақ тілінде жазылып, Абайдың қанатты сөздері қолданылды және қытай тіліне аудармасы жасалды. 2-3 желтоқсанда Тегеран қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің қатысуымен ҚР мен ИИР арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысы қазақ тілінде өтті. Отырыста жасалған баяндамалар қазақ тілінен парсы тіліне және керісінше парсы тілінен қазақ тіліне синхронды түрде аударылды. Оған қоса, отырыс хаттамасы тек қазақ, парсы тілдерінде әзірленіп қол қойылды. 12 желтоқсанда Британияда «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігінің алғашқы басылымының тұсаукесері өтті. Осы сөздіктің негізінде қазақ тілі «Oxford Global Languages» платформасына енгізіліп, жаһандық лингвистикалық қоғамдастықтың бір бөлігіне айналмақ. 21 желтоқсанда ҚР Пәкістан Ислам Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті мен Пәкістанның Ұлттық заманауи тілдер университеті бастамасымен «Қазақ-урду-ағылшын» тіліндегі тілашар басып шығарылды. ҚР Словак Республикасындағы елшілігі словак қауымына қазақ фольклорын және әдебиетін кеңінен таныстыру мақсатында Тәуелсіздік күніне орай көрнекті қазақ ақыны, Алашорда қайраткері Мағжан Жұмабайдың словак тіліне көркем поэтикалық стильде тәржімаланған «Күнге ғана бағынам» атты жыр жинағы, сондай-ақ Республика күніне орай «Халық даналығы» атты қазақ мақал-мәтелдері жинағы жарыққа шығарылды. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар тарапынан бірқатар халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, 2 қарашада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде Airbus Helicopters және «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС өкілдерімен мемлекеттік тілде кездесулер өткізді. 3 қарашада Румыния Энергетика министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі арасындағы энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум мемлекеттік, румын және ағылшын тілдерінде әзірленіп, қол қойылды. «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік» атты халықаралық «KIOSH» конференциясы мен көрмесі жыл сайын өтеді. Іс-шаралар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да шетелдік серіктестердің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізіліп, оларды ұйымдастыру барысында қазақ, ағылшын және орыс тілдері тең қолданылды. Мәселен, ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен телекөпір арқылы «Рожковское» газ конденсатты кен орнын іске қосудың, «Liwa» және «Taraz» танкерлерінің «Ақтау» портына келуінің салтанатты рәсімдері өтті. «Қазпошта» АҚ тарапынан ұйымдастырылған «YTO Express (Logistics) Co., Ltd» – Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына және Орталық Азия елдеріне жүк жөнелтілімдерінің транзитін және электрондық сауда тауарларының импортын дамыту мәселелері, «Sai Cheng Logistics International Co.» – Қытайдан Қазақстанға тауарларды жеткізу және халықаралық тасымалдау бойынша меморандумдарға 4 тілде - мемлекеттік, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде қол қойылды. |
|
22. |
Шетелдік университеттер мен орталықтарға, факультеттерге, сондай-ақ қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту кабинеттеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету |
есеп |
СІМ, ҒЖБМ, ДҚҚ (келісу бойынша), «Отандастар» қоры (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. Болгарияның Әулие Климент Охридски атындағы София университетінде Қазақ тілі мен мәдениетін зерделеу орталығы 2014 жылдан бері ресми түрде жұмыс істейді. София техникалық универси-тетінде «Абай» мәдени және танымдық орталығы ашылды. Қазақ тілі мен мәдениетін зерделеу орталығында профессор Баян Райханова тұрақты түрде шетелдік студенттерге қазақ тілін оқытуды, сондай-ақ Елшілік осы Орталықты қазақ-болгар тілашарымен, болгар тіліне аударылған қазақ әдеби кітаптармен және т.б. материалдармен қамтамасыз етуде. АҚШ-та наурыз айында Елшілік «Тұран» мемлекеттік этно-фольклорлық ансамблінің Вашингтонға сапары аясында Джордж Вашингтон университетінің студенттерін АҚШ-тағы «Абай» орталығының виртуалды негіздегі қызметіне қосымша ретінде Джордж Вашингтон университетінде ашылған кабинет қазақ тіліндегі көркем әдебиеттер, кәдесый және постерлермен толықтырылды. 2023 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Гумбольдт атындағы Берлин университетімен бірлесіп Оныншы Студенттер форумын өткізді. Студенттік форум алғаш рет Германия серіктестерінің, неміс ғалымдары мен студенттерінің тікелей қатысуымен өтті. «Байланыс құру» тақырыбымен өткен іс-шара негізінен қазақстандық және неміс студенттері арасында байланыс орнатуға бағытталды. 29 қарашада Елшілікте Латвияның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің қатысуымен Алашорда қайраткерлеріне арналған әдеби кеш өтті. Ақпан айында Ереван мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнының басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен, сондай-ақ Армения БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Қатысушылар мәдени-гуманитарлық, ғылыми-ағартушылық, академиялық серіктестіктің флагманы ретінде танылатын Ереван мемлекеттік университетін ерекше атап, ЕМУ әкімшілігінің, профессорлық-оқытушы құрамының және басшылықтың қазақ тарихын, мәдениеті мен тілін зерттеуге қосып жүрген үлестерін жоғары бағалады. Іс-шара аясында 2023 жылғы Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығы, Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және Мұрат Әуезовтің 80 жылдығы туралы атап өтілді. Мажарстандағы Лакителек университетінде қазақ тілінің жазғы курстары 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2023 жылы Абай орталығы мен қазақ диаспорасының жетекшісі Оңғайша Мандокидің және Айдана Смағұлдың ұстаздығымен қазақ тілінің курсына 13 мажар оқушысы қатысты. Олар, қазақ тілі арқылы ұлтымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрімен жақын танысуға мүмкіндік алды. Жалпы мемлекеттік тіл кеңінен қолданылып, қазақ тілін үйрену, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. |
|
23. |
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету |
есеп |
СІМ, ЖАО (шекаралас өңірлер), ДҚҚ (келісу бойынша), «Отандастар» қоры (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйрену үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету және шетел университеттері мен орталықтарында қазақ тілін оқытатын курстарға, факультеттер мен кабинеттерге әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету бойынша жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда. Шет елдерде шоғырланған барша қазақ диаспора өкілдерінің ана тілін жетік үйренуіне қолдау көрсету мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақ тілі» әмбебап оқулығымен және Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жанындағы «Абай институты» (https://abai. institute) қазақ тілін үйрету және ілгерілетудің онлайн платформасымен таныстырды. ҚР шетелдік мекемелер «Отандастар қоры» КеАҚ-тан мемлекеттік тіліміздің қолданысын кеңейту мақсатында түрлі әдеби-шығармашылық бағыттағы онлайн форматтағы сайыстар бойынша келіп түскен ақпараттарды болу елінде тұрып жатқан немесе білім алып жүрген отандастарымызға дер кезінде хабарлап, аталған іс-шараның өтетіні туралы алдын ала ақпаратты ҚР шетелдік мекемелердің веб-сайттарына және әлеуметтік желілеріне орналастырады. Бұған қоса, ҚР шетелдік мекемелердің ресми веб сайттарында (https:// www.gov.kz/ memleket/ entities/mfa-vilnius?lang=kk) диаспора өкілдеріне арналған қазақ тілін тегін үйрену курстарына сілтеме орналастырылды. АҚШ астанасы Вашингтонда апта сайын Елшілік ғимаратында жергілікті диаспора мен Елшілік қызметкерлерінің балаларына арналған қазақ тілі үйірмесі мен домбыра үйрету сабақтары өткізілді. АҚШ қалаларындағы қазақ диаспораларына «Отандастар қоры» КеАҚ және демеушілердің қолдауымен жиналған қазақ әдеби шығармалары мен қазақ тілі оқулықтары жеткізілді. Аустрияда 29 қарашада қазақ диаспорасы мүшелерінің, қазақстандық студенттердің, отандастардың және Вена қаласындағы «Edustream» тіл мектебі қызметкерлерінің қатысуымен Елшілік ғимаратында «Алаш» қайраткерлеріне арналған шығармашылық кеш өткізілді. Болгария астанасы Софияда қазақ диаспорасы өкілдері мен отандастарымыздың қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Болгарияда қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай Иранның Гүлстан провинциясында тұратын қандастарымы-здың қатысуымен Горган қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығында дөңгелек үстел өткізілді. Латвияның Елгава қаласындағы «Сәуле» қазақстандық мәдени орталығында қазақ тілін үйренем деушілерге 2023 жылдан бастап қазақ тілін оқыту үйірмесі онлайн форматта ашылды. Сингапурдағы қазақ диаспорасының өкілдеріне қазақ тілін үйренуде әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Сингапурдағы ҚР азаматтары мен диаспора өкілдеріне Елшіліктің жанында ашылған Абай орталығында жүйелі түрде насихаттау іс-шаралары ұйымдастырды. Бұдан басқа, мемлекеттік тілдің дамуын ілгерілету мақсатында Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңесінің төрағасы С. Маренов Елшіліктің қолдауымен Сингапурда қазақ тілін үйрету бойынша оқу курстарын ашуды жоспарлауда. Түркияның төрт ірі қаласында қазақ диаспорасы тарапынан құрылған ұлттық-мәдени орталықтар қызмет етеді: «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамы, «Дүниежүзі қазақтарының даму қоры», «Қазақ түріктері қоры», «КАТЕАД», «Қазақкент Алтай қоғамы» және «Х.А. Яссауи қоры». Қазақстан Үкіметінің квотасы аясында еліміздегі жоғары оқу орындарына оқуға түсу емтихандарын тапсыру тәртібі және «Қандас» бағдарламасымен ақпараттан-дыру жұмыстары жүргізіліп тұрды. Финляндияда тұратын қандастар «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырған онлайн форматта өтетін қазақ тілі курстарына қатысты. Елшілік осы мәдени орталықпен бірлесіп, қазақ мәдениетін қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізді. Бұдан басқа, осы бағытта Елшілік қазақ халқының тілін, дәстүр мен мәдениетін сақтау, сондай-ақ маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу мақсатында қазақ диаспорасының өкілдерімен және студенттермен жүйелі түрде кездесті. Қандастарымыздың тілдік қажеттіліктерін іске асыруға бағытталған іс-шаралар барысында Қазақстан туралы кітаптар, ақпараттық материалдар мен қазақ тілін оқуға арналған оқу-әдістемелік құралдар таратылып, жалпы әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілді. |
|
24. |
«Абай институты» жобасы аясында қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту жөніндегі бейнесабақтарды әзірлеу және платформаға орналастыру |
бейнесабақтар |
ҒЖБМ |
|
|
Орындалды. «Қазақ тілін үйретуге бағытталған, оның ішінде шетелде тұратын қазақтар үшін бейнесабақтар әзірлеу» жобасының тұжырымдамасы мен қызмет көрсету кестесі әзірленді. Жобаны 2024 жылы іске асыруға бюджеттік өтінімдер, сметалар, күнтізбелік жоспар жобалары келісілді. Жобаның бағдарламасы әзірленді, контентті түсіретін жұмыс тобын айқындау жұмыстары жүргізілді. |
|
6-нысаналы индикатор. Мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі |
|
91 |
91 |
Орындалды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлемі 91 %-ті құрады. |
||
|
25. |
Мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу |
мониторинг қорытындысы |
ҒЖМБ, МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. Мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне 2023 жылы 4 рет мониторинг жүргізілді. Межелі көрсеткіштен төмен көрсеткен мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға ресми хаттар жолданды. |
|
26. |
Құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыруға бағытталған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру |
әдістемелік семинарлар |
ҒЖМБ |
|
|
Орындалды. Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар үшін құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыруға бағытталған «Ұлттық компаниялардағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесіне жүргізілген мониторингтің қорытындысы», «Құжат айналымы бойынша мониторинг нәтижелері» тақырыбында әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды. |
|
28. |
Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу |
іс-шаралар, ҒЖБМ-не ақпарат |
МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. Бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, Жетісу облысында 2023 жылы осы бағытта аудан, қалаларда 87 маңызды ірі шаралар (байқау, семинар, дөңгелек үстел) өткізілді. Шымкент қаласында 102 концерт, мәдени және қоғамдық шаралар өткізіліп, 50 028 көрермен қамтылып, 16 қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Абай облысында 2023 жылы өткізілген қоғамдық маңызды іс-шаралардың жалпы саны – 3 026. Шараларға қатысқан адам саны 349 990 адам. Ұқсас бірлескен іс-шаралар мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар тарапынан да ұйымдастырылды. Мәселен, «Kazakһ Tourism» ҰК» АҚ Маңғыстау және Түркістан өңірлерінде өткізген 40 іс-шаралардың ақпараттық ілгерілетуі басым түрде мемлекеттік тілде жүргізілді. Оның ішінде хабарлау әдістері, баспасөз хабарламалары, әлеуметтік желілерде жарияланатын бейнероликтер. Атап айтқанда, 2023 жылы Ақтау қаласында теңіз кемелерімен танымдық тур, Туристік поезды іске қосу аясында Түркістан қаласы бойынша танымдық тур, Қазақстан туризмінің онлайн академия, Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы форумы, Balqaimaq Food Fest фестивалі және т.б. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету мақсатында спорттық-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының және негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылы екі тілде 50-ден астам спорттық іс-шаралар өтті: ITF таэквондодан барлық жастағы әлем чемпионаты, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон бәйгесі, «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турнирі, «Бурабай – 2023» республикалық жартас фестивалі, Футзалдан әуесқой командалар арасындағы Қазақстан Республикасының біріншілігі, грэпплингтен ALGA Champions League халықаралық турнирі, VI жазғы спартакиадасы, WKF каратэден «KAZAKHSTAN OPEN» халықаралық турнирі, IV қысқы жастар ойындары, «Uly dala qysy» кедергілерден өту жарыстары, армрестлингтен әлем чемпионаты, джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты және т.б. |
|
7-нысаналы индикатор. Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесі |
|
5 |
- |
Орындалмады. Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. |
||
|
30. |
Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі мен емле ережелерінің жобаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу |
ПӘ-ге ұсыныс |
ҒЖБМ
|
|
|
Орындалмады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі және емле ережесі жобаларын жетілдіру жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда. |
|
31. |
Латынграфикалы әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін, қазақ орфографиясы, орфоэпиясы бойынша анықтамалықтарды, сөз мәдениеті бойынша анықтамалықтарды, практикалық стилистика мен пунктуация бойынша құралдарды, қазақ тілінің үлкен бір томдық сөздігін, қазақ тілінің үлкен 20 томдық сөздігін, жаңа қазақ грамматикасын әзірлеу, басып шығару және тарату |
сөздіктер, анықтамалықтар, құралдар |
ҒЖБМ, «Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК (келісу бойынша)
|
|
|
Орындалмады. Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. Тармақ бойынша бөлінген қаражат республикалық бюджетке қайтарылды. |
|
32. |
Көшу кестесін бекіте отырып, қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін енгізу бойынша ғылыми-ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар өткізу |
семинар, конференция, конкурс |
ҒЖБМ
|
|
|
Орындалды. 2023 жылғы 15-24 мамыр аралығында Астана, Алматы қалаларындағы, Жамбыл, Жетісу, Ақмола, Қарағанды облыстарын-дағы жоғары оқу орындары мен Тілдерді оқыту орталықтарында латын графикасындағы қазақ әліпбиі нұсқалары апробациядан өткізілді. Апробация жұмыстарына Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары қатысты. 2023 жылғы 9 маусымда Алматы қаласында Орфографиялық жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде латынграфикалы қазақ әліпбиі жобасы, апробация жұмыстарының нәтижесі қаралды. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу мақсатында ағылшын, неміс, француз, түрік, әзербайжан, өзбек, қарақалпақ тілдеріне жүргізілген реформаларға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте 2023 жылғы 27 қыркүйекте «Мәдениетаралық сұхбат: емле, әдістеме, тәжірибе» тақырыбында халықаралық семинар-кеңес өтті. Семинарға отандық ғалымдармен қатар Хорватия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қарақалпақстанның ғалымдары онлайн режімде қатысып, емле ережелерінің мәселелері, латын графикасында қиын сөздердің жазылуы, шеттілдік сөздердің игерілуі, бірге және бөлек жазылатын сөздер, латын графикасындағы әліпбиді меңгерту мәселелері бойынша баяндамалар жасалды және талқыланды. 2023 жылғы 14 қарашада «Қазіргі қазақ жазуы: талқы және ұсыныс» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің мақсаты – қазақ жазуының қазіргі жай-күйін талдау, сонымен қатар түрлі әлеуметтік факторлардың қазақ жазуына ықпалын психолингвистикалық аспекті тұрғысынан зерделеу. Іс-шараға жоғары оқу орындарының лингвист-ғалымдары, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Гуманитарлық-педагогикалық институтының, ҚазГЗУ Жоғары Гуманитарлық мектебінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары бір-бірімен тәжірибе алмасып, күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша өзара тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік алды. |
|
34. |
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейнеблоктар әзірлеу |
бейнеблоктар |
ҒЖБМ
|
|
|
Орындалды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді түсіндіру бойынша әлеуметтік-түсіндірмелі, вирустық сипаттағы бейнероликтер және «Қазақ тілі – ғылым тілі» тақырыбында подкастар түсірілді. Жалпы роликтердің хронометражы – 1074,4 минут, оның ішінде әлеуметтік-түсіндірмелі және вирустық сипатта түсірілген бейнероликтердің хронометражы – 122, 28 минут, подкастардың хронометражы – 952, 12 минут. Әлеуметтік-түсіндірмелі және вирустық сипаттағы бейнероликтер жергілікті телеарналар, қоғамдық көліктер мен халыққа қызмет көрсету орындарында жариялау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды. |
|
36. |
Жергілікті атқарушы органдар жанындағы оқу орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист-ғалымдарды тарта отырып, семинарлар, дәрістер, курстар ұйымдастыру |
семинарлар, дәрістер, курстар |
ҒЖБМ, ЖАО |
|
|
Орындалмады. Бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. |
|
37. |
Орфографикалық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның латын графикасына кезең-кезеңімен көшуге байланысты отырыстарын өткізу (латын графикасына көшуге қатысты өзекті мәселелерді талқылау) |
хаттама |
ҒЖБМ
|
|
|
Ішінара орындалды. 2023 жылғы 15-24 мамыр аралығында Астана, Алматы қалаларындағы, Жамбыл, Жетісу, Ақмола, Қарағанды облыс-тарындағы жоғары оқу орындары мен Тілдерді оқыту орталықтарында латын графикасындағы қазақ әліпбиі нұсқалары апробациядан өткізілді. Апробация жұмыстарына Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары қатысты. 2023 жылғы 9 маусымда Алматы қаласында Орфографиялық жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде латынграфикалы қазақ әліпбиі жобасы, апробация жұмыстарының нәтижесі қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі және емле ережесі жобаларын жетілдіру жұмыстарын жүргізу жалғастырылатындықтан, қалған 3 отырысты өткізу (жоспарланғаны – «5-тен кем емес, қажеттілігіне», өткізілгені – 2) мақсатқа сай емес деп танылып, қаражаты республикалық бюджетке қайтарылды. |
|
3-бағыт. Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру |
||||||
|
8-нысаналы индикатор. Жетілдірілген әдістемемен мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткендер саны |
|
41 000 |
42 775 |
Орындалды. 2023 жылы жетілдірілген әдістемемен мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткендер саны 42 775 адамды құрады. |
||
|
38. |
Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру үшін қазақ тілін оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру |
іс-шаралар |
ҒЖБМ, ЖАО |
|
|
Орындалды. 2023 жылғы 12 қазанда «Мемлекеттік тіл үйретудегі ІТ технологияларға негізделген жүйелерді қолдану» республикалық онлайн семинары Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Түркияда қазақ тілінен сабақ беретін оқытушыларға арналып өткізілді. Онлайн басқосуда Орталық шығарған «Қазақ тілі» оқулықтары мен түрлі жобалары, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі мәселелері қарастырылды. Әдістеме lab жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы «Қазақ тілін оқытудағы «Тіл-Қазынаның» IT жобалары» туралы, ғылыми қызметкер, PhD Ләйлә Мұратқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту және «Til Qural» жөнінде, «Абай институтының» жетекшісі, филология магистрі Айгүл Әділбекқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудағы «Әмбебап оқулығының» рөлі туралы баяндады. Семинар барысында Түркияның әртүрлі ЖОО оқытушылары қазақ тілін оқытудағы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Тіл-Қазына» орталығымен бірлесе атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарын білдірді. Түркияның оқу орындары мен қазақ тілінің оқытушылары, негізінен, Орталықтың жобалары мен оқулықтарын пайдаланатынын, олардың тиімділігін, сондықтан әрі қарай жұмыс істеуге дайын екендерін айтып, алғыстарын білдірді. Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мақсатында «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында республикалық онлайн семинар ұйымдастырылды. Жамбыл облысы тарапынан оқытушылар мен әдіскерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған Қарағанды, Алматы облыстарымен ынтымақтастық меморандумы жасалып, бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес «Қазақ тілін үйретудегі белсенді әдістер», «Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар» атты облыстық онлайн семинарлар, Қарағанды қаласында «Тіл оқыту курстары: Заманауи технологиялар мен цифрлық оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу», Өскемен қаласында «Озық тәжірибе - ортақ әдіс» және Тараз қаласында «Мемлекеттік тілді және ана тілдерін дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыптарында екі күндік өңірлік тәжірибе алмасу семинар-тренингтері және Қарағанды облысының Ресурстық тіл орталығымен бірлесіп «Ересектер аудиториясында күрделі сөйлемдерді үйретудің әдістемелік мәселелері» тақырыбында республикалық онлайн семинар, «Қазақ тілін оқытудың Назарбаев университеті тәжірибесі» атты республикалық онлайн дәрістер циклі, облыстық «Қазақ тілін үйретудегі белсенді әдістер» онлайн семинарлар циклі өтті. |
|
39. |
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсын өткізу |
конкурс |
ОМ |
|
|
Орындалды. Конкурс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТжКОБ) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін тануға бағытталған. Конкурс екі кезеңде: Конкурстың I кезеңі – өңірлік, облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалалары деңгейінде жыл сайын қыркүйек-қазан айларында өткізіледі. ІІ кезеңі – республикалық – жыл сайын қараша-желтоқсан айларында өткізіледі және оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ТжКОБ ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелері анықталады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 387 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсы туралы ережесі республикалық конкурстың мақсатын, міндеттерін, күтілетін нәтижелерін, қатысушылар санатын, ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. 2023 жылы Республикалық кезеңге 9 өңірден жұмыс келіп түсті. Республикалық комиссияның құрамына Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» орталығының мамандары мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары енді. Республикалық кезеңде ТжКОБ ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі ретінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқытушысы Абильтаева Самал Бекбасқызының әдістемесі анықталды. |
|
44. |
Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурс ұйымдастыру |
конкурс |
ҒЖБМ, ЖАО |
|
|
Орындалды. 2023 жылғы 25 мамырда Атырау қаласында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы өтті. Аталған байқау алдымен еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды. Облыстық байқаудан жеңімпаз атанған, үздік деген оқытушы республикалық байқауға жіберілді. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 15 оқытушы қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңнің талаптарына сәйкес оқытушылар өздерін және авторлық бағдарламаларын таныстырды. Байқаудың екінші кезеңі «Сөйлеудің 4 дағдысын үйрету, отандық және шетелдік тәжірибе кезеңі» деп аталды. Бұл кезеңде мемлекеттік тілді үйретіп жүрген оқытушылардың әдістеме бойынша білімдерін тексеру үшін отандық және шетелдік танымал әдіскерлердің сөйлеудің 4 дағдысын үйретуге ұсынған тиімді әдіс-тәсілдері мен әдістемелері, пікірлері туралы сұрақтар берілді. Байқаудың үшінші кезеңінде қатысушылар В1 деңгейіне сәйкес келетін сынама топтағы тіл үйренушілеріне сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) тапсырмаларды орындады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. |
|
45. |
Этностардың мемлекеттік тілді және ана тілдерін үйренуіне арналған бейнесабақтарды әзірлеу |
бейнесабақтар |
ҒЖБМ, ЖАО |
|
|
Орындалды. Тілдерді еркін меңгеруіне жағдай жасау мақсатында ұлттық-мәдени орталықтардың жексенбілік мектептері арқылы мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының ана тілдерін дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету аясында бейнесабақтар, жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұратын қазақ, әзербайжан, дүнген, корей, неміс, украин, түрік, ұйғыр тілдерінде этнос өкілдеріне арналған бейнекурс әзірленіп, «Tilalemi.kz» сайтына жүктелді. Мемлекеттік тіл және этнос тілдері бойынша академиялық сағаттар толық қамтылды. Қазақ тілі бойынша 225,3 минут және этнос тілдері бойынша 1577,1 минут (әрқайсысы 225,3 минуттан: дүнген, ұйғыр, неміс, украин, әзербайжан, корей, түрік тілдері) қамтылды. Барлығы 1802,4 минут. Бүгінгі таңда платформаға бір уақытта 5000 адамның кіру мүмкіндігі бар. Бейнекурстан өту 4 кезеңнен құралады: 1) тіркелу; 2) курс бойынша барлық бейнелерді қарау; 3) тестілеуден өту; 4) сертификат алу. Әр бейнесабаққа қосымша ретінде мемлекеттік тілде жаттығулар, тақырыпқа сай PDF форматында жүктеп алуға болатын сөздіктер мен өзге де ақпаратты қамтыған құжаттар әзірленді. Жаттығулар әрбір бейнесабақ бойынша 3 (үш) бағыттан тұрады: 1) Терминология; 2) Сөз тіркестері; 3) Диалогтар. Әр сабақ бойынша жаттығулар 20 сұрақтан құралған. |
|
46. |
Азаматтар үшін «Қазақ тілі» жаппай ашық онлайн курстарын ұйымдастыру |
онлайн курстар |
ҒЖБМ |
|
|
Орындалмады. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар нәтижесі бойынша аталған іс-шараны өткізуге көзделген қаражат бюджетке қайтарылды. |
|
9-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектеп түлектерінің үлесі |
|
45 |
48 |
Орындалды. Ұлттық білім беру дерекқорының (ҰБДҚ) мәліметі бойынша 2022-2023 оқу жылында мектеп бітірген түлектердің жалпы саны – 17 1434, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын сыныптарда 119 953, орыс тілінде оқытатын сыныптарда 44 811, өзбек тілінде оқытатын сыныптарда 5 290, ұйғыр тілінде оқытатын сыныптарда 919, тәжік тілінде оқытатын сыныптарда 266, ағылшын тілінде 195 оқушы білім алған. А - мемлекеттік тілді В2 деңгейде меңгерген, қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептер түлектерінің үлесі; Х - мемлекеттік тілді В2 деңгейде меңгерген, қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектеп түлектерінің саны - 25 000 адам. V - тестілеуден өткен мектеп түлектерінің жалпы саны (44811+5290+919+266+195 = 51 481 адам). А=X/V*100= 25000 /51481 *100 = 48 %. Мемлекеттік тілді B2 деңгейінде меңгерген қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектеп түлектерінің үлесі 2023 жылы 48 %-ті құрады. |
||
|
49. |
Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату (сапалық құрамын арттыру) |
курстар, семинарлар |
ОМ |
|
|
Орындалды. Ұлттық білім беру дерекқорының деректері бойынша республика бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің саны 38 079, оның 281-і жоғары, 836 педагог I және II санатты мұғалімдер. Аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша 2023 жылы 30 486 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (80 %) «Педагог-модератор» – 7 898, педагог-сарапшы – 10 180, «Педагог-зерттеуші» – 11 770, «Педагог-шебер» біліктілігін 638 педагог алды. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Өрлеу» БАҰО АҚ) жыл сайын қазақ тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізеді. 2023 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 407 қазақ тілі мұғалімдерінің және орта білім беру ұйымдарының 6 854 қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру келесі білім беру бағдарламалары бойынша өтті: 1. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9 сынып)» - 3107 мұғалім; 2. «10-11 сыныптарда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т1) пәні бойынша педагогтердің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту» – 1 851 мұғалім; 3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтеріне арналған 4 «10-11 сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» - 770 мұғалім. Курстан кейінгі кезеңдегі өзекті мәселелер бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік қолдауды «Өрлеу» БАҰО АҚ профессор-оқытушылар құрамы мен әдіскерлері семинарлар, вебинарлар, шеберлік сыныптары, тренингтер өткізу, сондай-ақ әртүрлі байланыс құралдарын қолдану арқылы жеке қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырды. Инновациялық білім беру кеңістігін тереңдету және кеңейту, үздік тәжірибені тарату мақсатында 2023 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін келесі тәжірибеге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: - Қостанай облысында Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім Академиясымен бірлесе отырып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Тіл мен әдебиетті оқытуда педагогтердің зерттеу қызметін дамыту» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар; - Алматы облысындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Тіл-тағылым» облыстық интернет-олимпиадасы; - Ақтөбе облысында қазақтың ұлы ақыны М. Жұмабаевтың мерейтойына арналған «BookDating» көрмесі және т.б. |
|
4-бағыт. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту |
||||||
|
10-нысаналы индикатор. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі |
|
12 |
12,5 |
Орындалды. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі 2023 жылы 12,5 %-ті құрады. |
||
|
51. |
Қазақ тілі ұлттық корпусының кіші корпустарының құрылымы мен мазмұнын (сөйлеу стильдеріне сәйкес) қалыптастыру |
жаңартылған кіші корпустар |
ҒЖБМ, «Тіл білімі институты» ШЖҚ РМК (келісу бойынша), «Тіл-Қазына» КеАҚ орталығы (келісу бойынша) |
|
|
Орындалды. Қазақ тілінің ұлттық корпусы жұмысын жетілдіру мақсатында келесі жұмыс түрлері іске асырылды: 1) ғылыми мəтіндер кіші корпусы бойынша метабелгіленім жасаудың моделі əзірленіп, контент жинақтаушыларға берілді; 2) портал ядросы жетілдірілді; 3) статистика кестесі оңтайландырылды; 4) ұқсас корпустарды зерттеу жүргізілді; 5) іздеу функциялары оңтайланды-рылды; 6) мəліметтер қорындағы кестелерге өзгерістер енгізілді; 7) іздеу нəтижесін шығару бетінің алгоритмі жетілдірілді; 8) сөйлеуді тану алгоритмдерін корпусқа енгізу үшін плагин әзірленді; 9) талдау бөліміне арналған оңтайландыру алгоритмдері жазылды; 10) деректер базасына сақтық көшірме жасалынды; 11) мәтіннің толық нұсқасын қарау мүмкіндігі әзірленді; 12) сөзді дыбыстау (синтез) функционалы әзірленді; 13) әкімші бөлігінде құжаттарды сұрыптау функционалы әзірленді; 14) ғылыми мәтін қосу функционалы әзірленді; 15) құжатты өңдеу бетінде сөздерді іздеу функционалы қосылды; 16) құжаттағы сөзді өзгерту және оның типін таңдау функционалы әзірленді; 17) сөзді өңдеу және сөздің түрін таңдау функционалы қосылды. Сөзді инкоррект, ауызекі, түсіндірме, жер-су аттары және басқа түрлер бойынша бөлу мүмкіндігі қарастырылды; 18) сайттың мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған нұсқасы әзірленді; 19) сайттың түнгі режиміне ауыстыру нұсқасы әзірленді; 20) талдауды өңдеу бетіне лемманың түрленуін енгізетін функционал қосылды; 21) статистика бөліміндегі мәліметке тез жету батырмалары әзірленді. Корпус бойынша контент өндіру жұмысы толық орындалды: - публицистикалық мәтін бойынша 5 899 мақала (5 103 431 сөзқолданыс); - ғылыми мәтін бойынша 2 032 мақала (5 014 923) сөзқолданыс; - ауызекі мәтін бойынша 891 мақала (294 446 сөзқолданыс). Барлығы 8 822 мақала, 10 412 800 сөзқолданыс өңделіп, қабылданды. Бұл 12,5%-ті құрады. Қазіргі уақытта Корпус қоры 23 443 589 сөзқолданыстан (оның ішінде 13 030 798 былтырғы көрсеткіш, жаңасы – 10 412 800) тұрады, 2023 жылы өндірілген контент лингвистикалық белгіленімге жіберілді. |
|
52. |
Ашық онлайн энциклопедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалар, жарияланымдармен, еңбектермен және мәліметтермен толықтыру |
жарияланымдар |
ҒЖБМ, МО |
|
|
Орындалды. Ашық онлайн энциклопедияның (Уикипедия) негізгі мақсаты - ақпараттық кеңістікте қазақ тілді контенттің үлесін арттыру, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру, қазақ тіліндегі ғылыми және энциклопедиялық мақалалар, жарияланымдар, еңбектер және мәліметтермен толықтыру. Уикипедия – көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба. Бүгінгі күні Уикипедияда 280–нен астам тілде - 62 024 359 мақала орналасса, қазақ тіліндегі мақалалар саны - 235 331. 2023 жылы мемлекеттік органдармен және жоғары оқу орындарымен бірлесе Уикипедияда қазақ тілінде жазылған энциклопедиялық мақалалар санын арттыру, қазақ тілді мазмұнды байыту бойынша жұмыс бастау алды. Барлық мемлекеттік органдарда ҚР тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарлары қабылданды. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында аталған жобаны іске асыруға жауапты тұлғалар белгіленді. |
|
11-нысаналы индикатор. Реттелген терминологиялық қордың үлесі (2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, өсу қорытындысымен) |
|
7,6 |
7,9 |
Орындалды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша реттелген терминологиялық қордың үлесі 7,9 %-ті құрады. |
||
|
53. |
Республикалық терминология комиссиясының отырыстарын өткізу |
хаттамалар, электрондық бюллетень, сараптама қорытындылары |
ҒЖБМ |
|
|
Орындалды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 194 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік терминология комиссиясының атауы Республикалық терминология комиссиясы деп қайта аталып, жаңа құрам жасақталды. Комисияның жылдық жоспары бекітілді. Есептік кезеңде Республикалық терминология комиссияның 4 отырысы өткізілді. Отырыстарда 2 816 термин бекітілді, оның ішінде экономика, қоғамдық тамақтану саласы, мектеп терминологиясы және т.б. Терминдерге (3 000-нан аса бірлік) лингвистикалық сараптама жүргізілді. |
|
54. |
Терминологияның өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу |
семинарлар, конференция, конкурстар |
ҒЖБМ |
|
|
Орындалды. 2023 жылы «Заңнама тілі: біріздендіру алгоритмі», «Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында 2 республикалық әдістемелік семинар және «Мектеп оқулықтары: мектеп терминдерін жетілдіру және біріздендіру» тақырыбында республика-лық конференция ұйымдастырылды. Іс-шараларға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі аппараттарының, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері мен тіл саласының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының заңгер-ғалымдары, лингвист-ғалымдары қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, орта білім беру саласындағы уәкілетті органға және басқа да ұйымдарға тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жолданды. Сондай-ақ «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңы жұмысын жалғастырды. Республикалық терминология комиссиясы отырыстарына дейін терминдер аталған электрондық алаң платформасына (termincom.kz сайты) қоғамдық талқылау үшін орналастырылады. Республикалық терминология комиссиясы мүшелері электронды алаң арқылы лингвистикалық сараптамадан өткен терминдермен танысып, дауыс береді. Сонымен қатар 2023 жылы электрондық алаң платформасында («Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы») жыл сайынғы «Терминшілер байқауы» өткізілді. Конкурс өткізу аясында конкурсқа қатысушылар «Ас мәзірі» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындады. Іс-шара терминологтар пулын, жаңа салалық терминдерді қалыптастыруға, электрондық алаңды жетілдіруге және т.б. ықпал етті. Барлық бекітілген терминдер жұмыста пайдалану үшін орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық холдингтер мен компанияларға жолданды, сондай-ақ termincom.kz сайтында көпшілікке қолжетміді. Бұған қоса бекітілген терминдер «Терминологиялық хабаршы» комиссиясының электрондық бюллетенінде (2 нөмір) жарияланды. Бұл жаршыға қазақ терминологиясының өзекті мәселелері бойынша мақалалар да енген. Бюллетень «termincom.kz», «tilalemi.kz» сайттарында орналастырылған. |
|
55. |
Қазақ тілі терминологиясының ғылыми негіздерін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдау (қазақ тілінің сөзжасамдық, фонетика-морфологиялық табиғатына сай кірме терминдерді игерудің тиімді модельдерін әзірлеу және процесті автоматтандыру) |
кірме терминдердің базасы |
ҒЖБМ
|
|
|
Орындалды. Шет тілі терминдерінің қазақ тілінің сөзжасамдық, фономорфологиялық модельдеріне сәйкес игерудің автоматтандырылған жүйесі, шет тілдік терминдердің сөзжасамдық, фономорфо-логиялық тұрғыдан талдануын қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарлама әзірленді. 5 000 терминге талдау жасалды.
|
|
56. |
Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу |
мониторинг нәтижесі |
ҒЖБМ |
|
|
Орындалды. 2023 жылы бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу бойынша жұмыс жалғастырылды. Бұл жұмыс терминдерді жүйелеуге, біріздендіруге, электрондық терминологиялық базаны дамытуға ықпал етті. Жобаға ғалымдар мен ғылыми институттардың, университеттердің қызметкерлері тартылды. Жұмыс қорытындысы бойынша 8 000-нан аса қоғамдық-гуманитарлық бағыт терминде-ріне мониторинг жүргізілді. |
|
5-бағыт. Қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру |
||||||
|
12-нысаналы индикатор. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі |
|
83 |
85 |
Орындалды. 2023 жылы мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі 85 %-ті құрады. |
||
|
58. |
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын ұйымдастыру |
конкурстар |
ҒЖБМ, МАМ |
|
|
Орындалды. 2023 жылы 28 қарашада «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапататау рәсімі өтті. Байқау барысында 64 үміткердің 145 материалы қаралды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде иегеріне 1 000 000 теңгенің, 1-орынға - 750 000 теңгенің, 2-орынға - 500 000 теңгенің, 3-орынға - 300 000 теңгенің, ынталандыру сыйлығының иегерлеріне 100 000 теңгенің сертификатары табыс етілді. |
|
59. |
Мәдениет ұйымдарының (театр, кино) репертуарын қазақтілді жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру |
іс-шаралар |
МАМ, ЖАО
|
|
|
Орындалды. 2023 жылы республикалық театрлармен қазақ тілінде – 27 («Еңлік-Кебек», «Құйын», «Тавро Кассандры», «Жан әке», «Ойыннан от шығар», «Контрабас», «Дауыс», «Күйеуіңізді сатыңызшы», «Жошы Хан», «Қыз Жібек», «Патша қөңілім, не дейсің?!», «Үйлену», «Қыз жиырмаға толғанда», «Кешкі жеті», «Апалы сіңілі үшеу», «Тойы көп үй», «Әпке», «Көгілдір құс», «Оптимистік трагедия», «Кішкентай ханзада», «Бернарда Альбаның үйі», «Жұмбақ қыз» операсы, қазақ тіліндегі субтитрлармен «Иоланта» операсының концерттік нұсқасы, қазақ тіліндегі субтитрлармен «Итальянка в Алжире» операсының концерттік нұсқасы, «ИНО», «Ұлы дала баласы», «Тенгриада»), оның ішінде республикалық бюджет есебінен 11 жаңа қойылым («Еңлік-Кебек», «Құйын», «Тавро Кассандры», «Жошы Хан», «Қыз Жібек», «Патша көңілім, не дейсің?!», «Апал- сіңлілі үшеу», «Тойы көп үй», «Әпке», «Көгілдір құс», опера «Жұмбақ қыз») қойылды. Балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған қазақ тіліндегі жаңа шығармалар саны – 3 («Әпке», «Көгілдір құс», «Кішкентай ханзада»). 2023 жылы өндіріске қазақ тілінде 18 жаңа киножоба («Әбіл», «Набат» операциясы», «Бүркіт», «Жаза», «Дала қасқыры», «ШУ-ЛА-МА», «Солдат любви», «Ароматное сердце» (қазақ тіліндегі дубляжбен), «Айқай», «Тезек», «Талақ», «Қара қыз», «Жел тоқтаған жер» көркем фильмдері, "Спутник" (50+ мин), «Жел пайда болған жер», «Мәншүкпен сырласу…», «Үш дүние арқауы» деректі фильмдері, «Joqtau» дебюттік фильмі) енгізілді. |
|
66. |
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған журналдар шығару («Балапан әлемі», «Тіл және қоғам», «Туған тіл») |
журналдар шығару |
ҒЖБМ |
|
|
Орындалды. 2023 жылы «Туған тіл» альманағының 400 данасы (4 рет жарық көрді) шығарылып, шетелдердегі қазақ диаспоралары көп шоғырланған мәдени орталықтарға таратылды. Альманахтың әрбір нөмірі www.tilalemi.kz және www.qazlatyn.kz, oq.gov.kz, mtdi.kz сайттарына орналастырып, әрбір нөміріндегі жарық көрген маңызды материалдар www.instagram.com әлеумет-тік желісінде жарияланды. Сонымен қатар мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған мақалалар топтамасы жинақталып, «Тіл және қоғам» альманағының 2023 жылғы №1 (57) және №2 (58) саны жарық көрді. Альманахқа тілтаным, лингвомәдениет-тану, тұлғатану, аударматану, әдістеме, сөз өнеріне қатысты 29 мақала енгізілді. Альманахтың электронды нұсқасы www.tilalemi.kz сайтына орналастырды.
|
|
13-нысаналы индикатор. Әзірленген мемлекеттік тілдегі анимациялық өнімдердің көлемі |
|
700 |
2016 сағат 39 минут |
Орындалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің есептеуі бойынша көрсеткіш 2016 сағат 39 минутты құрады. |
||
|
67. |
Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын анимациялық өнімдерге қолдау көрсету |
есеп |
МАМ |
|
|
Орындалды. Бүгінгі таңда медиа кеңістік азаматтық қоғамды қалыптастырудың, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің және ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызды құралы болып табылады. Осылайша, Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық телеарналарда балалар мен жастар арасында негізгі мәдени-дәстүрлі және ұлттық құндылықтарды ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, ғасырлық құндылықтар мен дәстүрлердің сабақтастығын қалыптас-тыруға ықпал етеді. Медиа кеңістіктің мониторингі көрсетіп отырғандай, еліміздің балалар мен жасөспірімдер қажеттіліктеріне бағдар-ланған республикалық телеарналар арасында орталық орынды «Balapan» мемлекеттік телеарнасы алады. Берілген кезең аралығында телеарнада 15 анимациялық өнім шығарылымын ұйымдастырды («Аспазия», «Әткеншек», «Бозторғай», «Қоңыр қаз», «Күмбір LIVE», «Алтын кілт», «Желаяқ», «TuranDos», «Әли мен Ая», «Aлпамыс», «Қобыланды батыр», «Ырысты ыдыстар», «Әсем әуен», «Бала Бекзат», «Қаһарман»). Жоғарыда аталған анимациялық мазмұнның негізгі жиынтығы балалар аудиториясында негізгі идеологиялық және мәдени құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Өз кезегінде «El arna» телеарнасында отандық өндірістің анимациялық өнімдері де көрсетіледі. Осылайша, телеарнада қазақ халқының ұлттық дәстүрлері, мәдениеті мен тұрмысы насихатталатын 10 мультипликациялық фильмдер мен сериалдар шығарылымы ұйымдас-тырылды («Ер төстік және айдаһар», «Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Құйыршақ», «Түркістан», «Толағай», «Мұңлық-зарлық», «Тастүлек», «Көне құмыраның сыры», «Қазақстан барысы»). Жоғарыда аталғандардың арасында ең танымал анимациялық өнімдер ретінде «Balapan» телеарнасының «Ырысты ыдыстар», «TuranDos», «Алпамыс», «Бала Бекзат», «Желаяқ» болып табылады, олардың телекөрермендерді қамтуы 2 мыңнан 10 мыңға, ал «El arna» телеарнасының телеөнімдерін қамту 2,2 мыңнан 10,5 мыңға дейін. Бұдан басқа, «Abai TV», «El arna», «Qazaqstan», «Хабар», «TALIM TV» республикалық телеарналарында мәдени құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ қазақ дәстүрлері мен ұлттық киімдерін насихаттауға бағытталған әлеуметтік роликтердің 43 түрі көрсетілді. |
|
70. |
Балалардың тілін дамытуға арналған анимациялық фильмдер, сондай-ақ әдебиеттер мен иллюстрациялар (комикстер) әзірлеу |
анимациялық фильмдер, әдебиеттер |
МАМ |
|
|
Орындалды. ҚР Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Мәдениет және ақпарат министрлігі өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді меңгеруіне көмектесуге бағытталған анимациялық контентті әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағытта «Balapan» телеарнасы шешуші рөл атқарады, оның эфирінде мемлекеттік тілде балалар мен жасөспірімдерге арналған бірқатар бағдарламалардың шығуы ұйымдасты-рылды («Әли мен Айя», «Тәтті балалақайлар», «Бірге ойнап, бірге үйренейік», «Кім тапқыр?», «Miss Kaussar» және т.б.), олардың жекелеген шығарылымдары мемлекеттік және басқа тілдерді үйренуге бағытталған. Сондай-ақ «Balapan», «Qazaqstan» және т.б. телеарналарда телекөрермендердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыратын шетелдік мультфильмдер мен мультсериалдардың мемлекеттік тілде көрсетілуін атап өту керек («Чип пен Дейл көмекке асығады», «Сақшы арыстан», «Трансформерлер», «Спирит: дала рухы» және т.б.). Сонымен қатар 2023 жылы «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ-ның «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі аясында түркі тілдес мемлекеттерінің ұлы тарихи тұлғалары мен оқиғаларға арналған Қожа Ахмет Ясауи, сақ дәуірінің патшайымы Зарина, Тұңғыш көк түрік Ашина, қазақ даласын мекендеген Тұран жолбарысы туралы және т.б. қазақ тілінде 10 анимациялық жобаның («Үш арыс», «Шырақ батыр», «Арай», «Тұңғыш Көк түрік», «Тұран», «Ахмет», «Қожанасыр мен ұрылар», «Суын», «Жұмақ дегеніміз, «Алтын көл») өндірісі аяқталды. |
|
Күтілетін нәтиже: Күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолданатын тұрғындардың үлесі |
|
49,7 |
49,7 |
Орындалды. «EcoVid» ЖК жүргізген Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолданатын тұрғындардың үлесі 49,7 %-ті құрады. |
||
|
Күтілетін нәтиже: Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) қатар меңгерген тұрғындардың үлесі |
|
29 |
29 |
Орындалды. «EcoVid» ЖК жүргізген Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі 29 %-ті құрады. |
||
2-бөлім. Ішкі және сыртқы әсерді талдау
|
Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсері |
Қабылданған шаралар |
|
1 |
2 |
|
Сыртқы факторлар: |
|
|
2017 жылы қолданысқа енгізілген «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері» ҚР Ұлттық стандартының практикалық түрде қолданылмауы. Бұл өз кезегінде «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі», «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі» нысаналы индикаторына қол жеткізуге әсер етеді. Қолданыстағы стандартта мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруі талап етілетін кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі ұсынылған. Алайда мемлекеттік саяси қызметшілер, қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін қызметке кіру кезінде заңнамада «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы міндетті тестілеуден өту көзделмеген. Әдетте тілдік білімді бағалау азаматтардың коммуникативтік-тілдік құзыреттілігін және қоғамдағы қазақ тілді ортаны қалыптастыруға, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге ықпал етеді. Осылайша, осы фактордың әсерінен мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтардың төмен үлесін, мемлекеттік қызмет саласында және қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді пайдаланудың жеткіліксіз деңгейін анықтау тәуекелдері болуы мүмкін.
|
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері» ҚР Ұлттық стандарты қолданысқа енгізілді. Ұлттық стандарт мазмұны тіл үйренушінің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін және оның коммуникативтік-тілдік құзыреттілігінің қандай дәрежеде қалыптасқандығын анықтау мен бағалауға толық мүмкіндік береді. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден келесі санаттар өтеді: - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервіне үміткерлері (шекті балл болмаса да); - «Болашақ» халықаралық стипендиясы үміткерлері; - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері; - Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің академиясына үміткерлері үшін міндеттелген тест болып отыр. Бүгінгі күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан келесі мәселер пысықталуда: - қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген жекелеген саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына тиісті өзгерістер енгізу; - тестіленушінің тілдік білімін бір тест үлгісімен тексеруге мүмкіндік беретін «ҚАЗТЕСТ» жүйесінің жаңа форматын енгізу. |
|
Латын графикасы қазақ әліпбиі мен қазақ тілінің емле ережесі тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілмеген. Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиі бекітілген жоқ. Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыс жетілдірілуде. «Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесі» нысаналы индикаторына қол жеткізу 2027 жылдан бастап жоспарланғанына қарамастан, бұл фактор Тұжырымдаманың Іс-қимыл жоспарында көзделген дайындық іс-шараларының іске асырылуына теріс әсер етеді. Жаңа әліпбиге көшу, тілдік жоспарлауды жүзеге асыру, тіл мәдениетін сақтау – халықты кезең-кезеңімен даярлауды және оқытуды, ғылыми-әдістемелік мазмұндағы және қоғамдық-бұқаралық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруды талап ететін аса маңызды жаңғырту жобасы. Осылайша, осы фактордың әсері Тұжырымдаманың «Тілдік жоспарлауды іске асыру» бағытын жеткіліксіз іске асыру тәуекелдерін тудырады, бұл индикаторға қол жеткізуге айтарлықтай әсер етеді.
|
2023 жылғы 6, 22 маусымда өткен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясын жанынан құрылған Қазақ ұлттық жазуы ведомствоаралық алқа отырыстарында әліпби жобасы қаралды. 2023 жылғы 15-24 мамыр аралығында Астана, Алматы қалаларындағы, Жамбыл, Жетісу, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы жоғары оқу орындары мен Тілдерді оқыту орталықтарында латын графикасындағы қазақ әліпбиі нұсқалары апробациядан өткізілді. 2023 жылғы 9 маусымда Алматы қаласында Орфографиялық жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде латынграфикалы қазақ әліпбиі жобасы, апробация жұмыстарының нәтижесі қаралды. Сонымен қатар әліпби жобасы 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарының төрағалығымен өткен арнайы жұмыс тобында кеңінен талқыланып, пікір алмасу өтті. Емле ережесінің жобасы 2023 жылғы 9 тамызда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ғалымдар кеңесінің отырысында қаралып, Орфографиялық жұмыс тобы отырысына қаралуға ұсынылды. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу мақсатында ағылшын, неміс, француз, түрік, әзербайжан, өзбек, қарақалпақ тілдеріне жүргізілген реформаларға зерделеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылғы 26 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е. Қариннің төрағалығымен қазақ тілін реформалау мәселелері бойынша кеңес өтті. |
|
Ішкі факторлар: |
|
|
Өңірлерде дербес басқармалардың және орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда (акционерлік қоғамдарда) салалық бөлімшелердің болмауы. 2023 жылы Тұжырымдаманы іске асыруға орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар (акционерлік қоғамдар) және өзге де ұйымдар жұмылдырылды. Тіл саясатын іске асыру стратегиясы қоғамның ағымдағы сұраныстарын ескере отырып іске асырылады. Осыны ескере отырып, Тұжырымдамада тіл саясатын дамытудың бірыңғай стратегиясының негізгі тетіктері айқындалған. Тұжырымдама елдегі тілдік ахуалдың әлеуетін арттыруға және оның қоғамдық-саяси және әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесін арттыруға, жергілікті және өңірлік деңгейлердегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Тұжырымдама іс-шараларын іске асыру құқықтық өрісте тілдерді дамытуға қатысты мәселелерді іске асыруды, сала жобаларын тұтас жүйеге біріктіруді талап етеді. Осы процеске қатысушылардың алдында мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану, басқа тілдердің толыққанды жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдай жасау жөніндегі жалпы міндет тұр. Тұжырымдама индикаторларының басым бөлігі өңірлік деңгейдегі көрсеткіштерден есептеледі. Жергілікті атқарушы органдар этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға, мемлекеттік тілді меңгерген, оның ішінде оны күнделікті өмірде қолданатын халықтың, жаңа алфавиттік және орфографиялық ережелерді оқыту курстарымен қамтылған ересек халықтың, сондай-ақ үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген халықтың және т.б. үлесін ұлғайтуға жауапты. Этностардың ана тілін және мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығының төмен деңгейі байқалады, жексенбілік мектептердің оларды өңірлерде танымал ету және тілдерді оқытуды ұйымдастырудағы қызметті үйлестіру жөніндегі жұмыс тиісті деңгейде орындалмайды. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты барынша жандандыру қажет. Алайда бүгінгі таңда тілдерді дамыту жөніндегі дербес басқармалар Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ғана сақталған. Мемлекеттік басқару саласындағы оңтайландыру шаралары шеңберінде басқа облыстардың салалық бөлімшелері мәдениет және архив ісі, ішкі саясат, қоғамдық даму басқармаларымен біріктірілген. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган Ғылым және жоғары білім министрлігі болғанымен, өңірлердегі тіл мәселесі Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырында қалып отыр. Бұл өз кезегінде тіл саясатын іске асыру саласындағы жұмыстың сапасы мен тиімділігін төмендететіп отыр, себебі, мәдениет басқармалырының миссиясы - өңірлерде мәдениет саласындағы жұмысты ілгерлету болса, ішкі саясат және қоғамдық даму басқармалары – этникааралық және конфессияаралық келісім саласындағы қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Ал, тілдерді дамыту мәселесі назардан тыс қалып отыр. Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың көпшілігінде салалық бөлімшелер жоқ, тіл саясатын дамыту функцияларын әкімшілік және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінің құрамына кіретін құжаттарды редакциялау жөніндегі қызметкерлер мен менеджерлер орындайды. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің төмен үлесі анықталды, бұл 2023 жылы 30 % -ті құрады. Ұлттық компанияларда қызметкерлердің диагностикалық және сертификаттық тестілеуге қатысуының пассивті деңгейі байқалады. Орталық мемлекеттік органдарда қызметкерлерді оқыту және тестілеу жөніндегі қызметті үйлестіру тиісті деңгейде жүргізілмейді. Тіл үйрену курстарына қатысушылардың жұмыста пайдалану үшін мемлекеттік тілді меңгеруі міндетті емес. Мемлекеттік органдардың басым бөлігінде редакциялау қызметтері жұмыс істейді. Осылайша, бұл фактор ведомствоаралық және өңіраралық үйлестіруді әлсіретеді, тіл саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге, жалпы осы бағыттағы жұмысты үйлестіруге теріс әсер етеді. |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Тұжырымдама қабылдағаннан кейін Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарын іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшелерді белгілей отырып, «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы бұйрығын бекітті. Сонымен қатар Министрлік орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың (акционерлік қоғамдардың) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша тиісті өкімдік құжаттарды қабылдауы бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік шаралар кешенін өткізді. Бүгінгі күні орталық мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда, ұлттық компанияларда (акционерлік қоғамдарда) ведомстволық және өңірлік Іс-қимыл жоспарлары бекітілді. Жалпы, Іс-қимыл жоспарының 70 іс-шарасының ішінен Министрлікке 44 іс-шара (бірлесіп орындау – 4), орталық мемлекеттік органдарға – 18 (бірлесіп орындау – 9), жергілікті атқарушы органдарға – 8 (бірлесіп орындау - 12), ұлттық компанияларға - 6 (бірлесіп орындау), өзге де ұйымдарға - 11 (бірлесіп орындау) бекітілді. Осыған байланысты үйлестіру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында Министрлік құзыреті шеңберінде жауапты органдарға Іс-қимыл жоспарының жекелеген тармақтары бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша нұсқаулық және ақпараттық хаттар жолдады. «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы», «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары», Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы тармақтарының орындалуы туралы», «Халықаралық қызметте мемлекеттік тілдегі іс-шаралар ұйымдастыру» тармағының орындалуы туралы», «Ашық онлайн энциклопедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалар, жарияланымдармен, еңбектермен және мәліметтермен толықтыру» тармағының орындалуы туралы» және т.б. тақырыптарда бірқатар кездесулер мен семинарлар ұйымдастырылды. Нысаналы индикаторладың орындалуына жауапты Оқу-Ағарту, Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен жекелеген жұмыс жүргізілді. Нысаналы индикаторларды сапалы орындау бойынша тиісті шаралар қабылдау мәселелері жөнінде «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттары туралы» тақырыбында кеңес ұйымдастырылды. Ұлттық компаниялар мен өңірлерге нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жеке құрылымдық бөлімшелерді құру (күшейту) мүмкіндігін қарастыру туралы хаттар жолданды.
|
«Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) 2023 жылғы 16 қазанда бекітілді (ҚР Үкіметінің № 914 қаулысы). Тұжырымдаманы іске асырудың нақты мерзімі 2023 жылдың 3 айын құрады.
Тұжырымдамада, оның ішінде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында көзделген іс-шаралар ұзақ мерзімді сипатқа ие екендігін ескере отырып (орындалу мерзімі 2023-2029 жылдары), құжат шешуге бағытталған мәселелер мен міндеттерді шешу дәрежесі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат ұсыну мүмкін емес.
Сонымен қатар 2023 жылы тіл саясаты Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) арқылы жүзеге асырылды. ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен Мемлекеттік бағдарламаның күші жойылды.
Тұжырымдамаға енгізілген қағидаттар мен тәсілдер 2029 жылға қарай мынадай күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
3.2.1. Күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолданатын тұрғындардың үлесі
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы өткізген ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың (5 жастағы және одан үлкен) саны 13 768 406 адамды немесе 80 %-ды құрады. Оның ішінде мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолданатыны 8 472 661 адам немесе 49,2 %.
Санақ нәтижесі бойынша өңірлер бөлінісінде халықтың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі әркелкі. Мәселен, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қазақ тілін күнделікті өмірде қолданатын адамдардың үлесі 70 %-ды құрады. Бұл өңірлердің көрсеткішінен оң динамиканы көруге болады. Ал қазақ тілін күнделікті өмірде қолданатындар санының төмен үлесі Қостанай облысында –
30,5 %, Ақмолада – 33,8 %, Солтүстік Қазақстанда – 37,9 % тіркелді.
Сондай-ақ 2023 жылы «EcoVid» ЖК жүргізген Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің нәтижелері халықтың 49,7 %-ті күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолданатын көрсетті.
Өңірлер бөлінісінде, үнемі тек қазақ тілінде сөйлейтін респонденттер Қызылорда (58,5 %) және Абай (45,5 %) облыстарының тұрғындары; жиі қолданатындар Түркістан (37,9 %) және Атырау (37,9 %) облысының тұрғындары; сирек қолданатын өңірге Солтүстік Қазақстан (16,4 %) және Алматы қаласының (16,0 %) тұрғындары кіреді; өте сирек қолданатындар Павлодар (16,7 %) және Солтүстік Қазақстан (16,4 %) облысының тұрғындары; мүлдем қолданбайтындар Ақмола (19,5 %) және Солтүстік Қазақстан (19,7 %) облысының респонденттері.
Қорыта алғанда, респонденттердің тілдерді қолдану жиілігі қоршаған ортадағы тілдік факторға байланысты, мысалы, Түркістан, Атырау, Абай облыстарында көбіне қазақ тілді халық; керісінше орыс тілінде сөйлейтін халық солтүстік өңірлерді орыс тілін басым қолданып, қазақ тілін қолдану деңгейі төмендейді.
1-кесте.
|
Өңірлер, республикалық маңызы бар қалалар |
Үнемі (тек қазақ тілінде сөйлеймін) |
Жиі |
Сирек |
Өте сирек |
Мүлдем қолданбаймын |
|
Абай облысы |
45,5 |
34,4 |
6,5 |
11,0 |
2,6 |
|
Ақмола облысы |
25,0 |
31,1 |
14,6 |
9,8 |
19,5 |
|
Ақтөбе облысы |
40,6 |
34,9 |
7,8 |
11,5 |
5,2 |
|
Алматы облысы |
35,5 |
32,6 |
10,2 |
10,5 |
11,2 |
|
Атырау облысы |
27,3 |
30,3 |
13,6 |
9,1 |
19,7 |
|
Батыс Қазақстан облысы |
46,5 |
31,9 |
8,3 |
10,4 |
2,8 |
|
Жамбыл облысы |
30,8 |
33,0 |
12,1 |
9,4 |
14,7 |
|
Жетісу облысы |
44,1 |
35,6 |
6,8 |
9,3 |
4,2 |
|
Қарағанды облысы |
30,3 |
31,6 |
11,0 |
14,5 |
12,7 |
|
Қостанай облысы |
29,0 |
33,5 |
11,5 |
12,0 |
14,0 |
|
Қызылорда облысы |
58,5 |
22,6 |
6,7 |
9,1 |
3,0 |
|
Маңғыстау облысы |
43,7 |
21,8 |
9,9 |
7,0 |
17,6 |
|
Павлодар облысы |
33,9 |
32,1 |
12,5 |
16,7 |
4,8 |
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
15,6 |
33,6 |
16,4 |
16,4 |
18,0 |
|
Түркістан облысы |
33,2 |
37,9 |
9,2 |
9,2 |
10,5 |
|
Ұлытау облысы |
42,3 |
34,6 |
10,3 |
11,5 |
1,3 |
|
Шығыс Қазақстан облысы |
29,7 |
33,8 |
12,2 |
10,1 |
14,2 |
|
Астана қаласы |
37,7 |
32,7 |
10,0 |
9,2 |
10,4 |
|
Алматы қаласы |
34,2 |
30,1 |
16,0 |
9,7 |
10,0 |
|
Шымкент қаласы |
37,5 |
32,9 |
10,6 |
6,9 |
12,0 |
3.2.2. Жаңа әліпбиді және емле ережелерін оқыту курстарымен қамтылған ересек тұрғындардың үлесі
Бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін 2027 жылға қарай жүргізілетін болады.
3.2.3. Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) қатар меңгерген тұрғындардың үлесі
«EcoVid» ЖК жүргізген Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің нәтижелері Ххалықтың үш тілді еркін меңгеру деңгейі орта есеппен 29,0 %-і құрағанын көрсетті, оның ішінде жақсы меңгергендер үлесі – 6,0 %, 5,2 %-і еркін сөйлейді, бірақ нашар жазады; 5,0 %-і түсінеді және түсіндіре алады; 12,8 %-і жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды. Мүлдем білмейтін респонденттер 28,1 %-і құрады, 42,9 % респонденттер кейбір сөздерді ғана түсінеді.
2-кесте.
|
Тілдерді меңгеру |
Мүлдем білмеймін |
Кейбір сөздерді түсіне-мін |
Жақсы түсіне-мін, бірақ сөйле-меймін |
Түсіне-мін және түсіндіре аламын |
Еркін сөйлеймін, оқимын, бірақ нашар жазамын |
Жақ-сы меңгергенмін |
Тілдерді меңгеру деңгейі |
|
Қазақ тілін |
7,4 |
11,6 |
6,8 |
7,0 |
18,5 |
48,7 |
81,0 |
|
Орыс тілін |
0,5 |
8,9 |
7,2 |
20,3 |
11,2 |
51,8 |
90,6 |
|
Ағылшын тілін |
35,8 |
35,2 |
12,8 |
10,2 |
1,0 |
5,0 |
29,0 |
|
Өз этносының тілін |
- |
3,4 |
12,4 |
5,2 |
8,5 |
70,6 |
96,7 |
|
Үш тілді меңгеру |
28,1 |
42,9 |
12,8 |
5,0 |
5,2 |
6,0 |
29,0 |
Өңірлер бөлінісінде халықтың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі келесідей болды: мемлекеттік тілді жақсы меңгерген халық Түркістан (70,5 %), Қызылорда (62,8 %), Маңғыстау (62,7 %), Ұлытау (59,0 %) облыстары мен Шымкент қаласында (66,2 %) тұрады; керісінше мемлекеттік тілді мүлдем білмейтіндер Павлодар (27,4 %), Қостанай (14,5 %), Қарағанды (13,2 %) облыстарында тұрады.
Орыс тілін жақсы білетін халықтың жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысы (73,0 %) тұрғындары арасында байқалды. Абай облысының тұрғындары (88,0 %) өз этносының тілін еркін меңгерген.
Ағылшын тілін еркін меңгерген халық Абай (13,0 %), Батыс Қазақстан (10,4 %) облыстарында тұрады. Ағылшын тілін мүлдем білмейтін халық Қызылорда (47,6 %) және Ұлытау (47,4 %) облыстарында тұрады.
Салыстырмалы талдау нәтижелері облыстар бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі оңтүстік облыстарда жоғары, солтүстік өңірлерде төменгі деңгейді көрсетті. Мұның себептері солтүстік өңірдегі халықтың басым бөлігін орыс этностары және өзге этностар құрайды, керісінше, оңтүстік, батыс өңірлерде қазақ ұлты өкілдері басым, сондықтан зерттеу өлшемінде алынған корреляциялық талдау орынды.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023 жылы 41 іс-шара көзделген:
30, 31, 36-іс-шаралар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі мен емле ережесі тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін іске асырылады.
37-іс-шара бойынша 2 отырыс өткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі және емле ережесі жобаларын жетілдіру жұмыстарын жүргізу жалғастырылатындықтан, қалған 3 отырысты өткізу мақсатқа сай емес деп танылып, қаражаты республикалық бюджетке қайтарылды.
Өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар нәтижесі бойынша 46-іс-шараны өткізуге көзделген қаражат бюджетке қайтарылды.
Тілдік жағдайды талдау бойынша Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігіне кері әсер ететін бірқатар факторлар мен проблемалар анықталды.
Латин графикасына негізделген қазақ әліпбиі мен қазақ тілінің емле ережесі бекітілмеген. Тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау талап етіледі.
Бүгінгі күні латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мен емле ереже жобаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Осыған байланысты қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ғылыми-әдістемелік мазмұндағы және қоғамдық-бұқаралық бағыттағы бағдарланған іс-шараларды ұйымдастыру мүмкін болмай отыр.
Қоғамдық қатынастарда мемлекеттік тіл өзінің құқықтық мәртебесіне қарамастан басым тіл болып табылмайды. Мәселен, мемлекеттік қызмет саласында, қызмет көрсету, бизнес және экономика саласында мемлекеттік тіл толық көлемде қолданылмайды. Халық арасында мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін қазақ тілді ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмейді. Жексенбілік мектептердің оларды өңірлерде танымал ету және тілдерді оқытуды ұйымдастырудағы қызметті үйлестіру жөніндегі жұмысының әлсірегені, тілдерді оқытудың төмен деңгейі байқалады. Этностардың ана тілі мен мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығы төмен.
2017 жылы қолданысқа енгізілген «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері» ҚР Ұлттық стандартының практикалық түрде қолданылмауы. Бұл өз кезегінде «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі» индикаторының ішінара орындалуына әсер етті.
Мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің мемлекеттік тілді жетік меңгерудегі үлесінің төмендігі, мемлекеттік қызмет саласында және қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді қолданудың жеткіліксіз деңгейі, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша дигностикалық және сертификаттық тестілеумен қамтудың төмен деңгейі байқалады.
Тілдерді оқыту орталықтарының оқу-әдістемелік деңгейін және материалдық-техникалық базасын жақсарту және олардың барлық өңірлерде жұмыс істеуін қамтамасыз ету талап етіледі.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрнекі ақпарат және деректемелер саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз деңгейі байқалады.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілдегі қаржылық құжаттаманың төмен үлесі байқалады.
Мемлекеттік тілдегі жалпы құжат айналымының үлесін төмендету факторларының бірі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда орыс тілінде ішкі құжат айналымын жүргізу болып табылады.
Бүгінгі күні тілдерді дамыту жөніндегі дербес басқармалар Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ғана сақталған. Мемлекеттік басқару саласындағы оңтайландыру шаралары шеңберінде басқа облыстардың салалық бөлімшелері мәдениет және архив ісі, ішкі саясат, қоғамдық даму басқармаларымен біріктірілген. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган Ғылым және жоғары білім министрлігі болғанымен, өңірлердегі тіл мәселесі Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырында қалып отыр.
Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың көпшілігінде салалық бөлімшелер жоқ, тіл саясатын дамыту функцияларын әкімшілік және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінің құрамына кіретін құжаттарды редакциялау жөніндегі қызметкерлер мен менеджерлер орындайды.
Тіл саясаты саласында жоғарыда аталған мәселелерді шешудің мүмкін жолдары ретінде мыналар ұсынылады: