Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2023 жылы орындалуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2023 жылы орындалуы туралы ақпарат

 

Р/с №

Атауы

Өл-шем

бірлігі

Ақ-па-рат көзі

Жауап ты орын даушы лар

Орындалуы

Қаржылан-дыру көздері

Бюджеттік бағдарлама-ның

коды

Орындалуы

База

лық бастап

қы мәні

Жоспар

(2023)

Факт

(2023)

                     

 

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

 

1. Латынграфикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту

 

Нысаналы индикатор:

 

Латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазба коммуникация қатысушыларының үлесі

%

 

 

ЖБМ

ЖАО

10

20

0

-

-

    Орындалмады.

Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады.

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Латынграфикалы әліпби негізінде шығарылған сөздіктер мен анықтағыш-тардың, қолжазбалардың саны (өсу қорытындысымен)

бір-лік

 

 

 

 

 

 

 

ҒЖБМ

5

11

0

-

-

 

Іс-шаралар

1.

 

Латын графикалы әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін, қазақ орфографиясы, орфоэпиясы бойынша анықтамалықтарды, сондай-ақ сөз мәдениеті бойынша анықтамалықтарды,  практикалық стилистика мен пунктуация бойынша құралдар басып шығару және тарату

млн.тг.

сөздіктер, анықтамалық-тар

 

ҒЖБМ, Тіл білімі институты (келісу бойын-ша)

50,0

0

0

РБ

230

100

     Орындалмады.

Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады.

Тармақ бойынша бөлінген қаражат республикалық бюджетке қайтарылды.

3.

Қазақ тілінің латын графикалы негіздегі әліпбиін пайдалана отырып мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұлттық компаниялардың  және басқа да ұйымдардың бланкілерін, маңдайшаларын, хабарландыруларын, жарнамаларын, прейскуранттарын, баға көрсеткіштерін, басқа да көрнекі ақпараттарын қазақ тілінің латынграфикалы негіздегі әліпбиін пайдалана отырып дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету

 

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ,

мүдделі МО, ЖАО,

ҰК,

ҮЕҰ

талап етілмейді

Орындалмады.

Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады.

5.

Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін енгізудің ғылыми - ұйымдастырушылық міндеттерін іске асыруға қатысты іс-шаралар өткізу

млн.тг.

семи

нар, кеңес, кон-фе-рен-ция

 

ҒЖБМ

25,9

12,0

12,0

РБ

 

230

100

   Орындалды.

  2023 жылғы 15-24 мамыр аралығында Астана, Алматы қалаларындағы, Жамбыл, Жетісу, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы жоғары оқу орындары мен Тілдерді оқыту орталықтарында латын графикасындағы қазақ әліпбиі нұсқалары апробациядан өткізілді. Апробация жұмыстарына Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары қатысты.

2023 жылғы 9 маусымда Алматы қаласында Орфографиялық жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде латынграфикалы қазақ әліпбиі жобасы, апробация жұмыстарының нәтижесі қаралды.

 Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу мақсатында  ағылшын, неміс, француз, түрік, әзербайжан, өзбек, қарақалпақ тілдеріне жүргізілген реформаларға зерделеу жұмыстары жүргізілді.  Бұл ретте 2023 жылғы 27 қыркүйекте «Мәдениетаралық сұхбат: емле, әдістеме, тәжірибе» тақырыбында халықаралық семинар-кеңес өтті. Семинарға отандық ғалымдармен қатар Хорватия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қарақалпақстанның  ғалымдары онлайн режімде қатысып, емле ережелерінің мәселелері, латын графикасында қиын сөздердің жазылуы, шеттілдік сөздердің игерілуі, бірге және бөлек жазылатын сөздер, латын графикасындағы әліпбиді меңгерту мәселелері  бойынша баяндамалар жасалды және талқыланды.  

2023 жылғы 14 қарашада «Қазіргі қазақ жазуы: талқы және ұсыныс» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің мақсаты – қазақ жазуының қазіргі жай-күйін талдау, сонымен қатар түрлі әлеуметтік факторлардың қазақ жазуына ықпалын психолингвистикалық аспекті тұрғысынан зерделеу.

Іс-шараға жоғары оқу орындарының лингвист-ғалымдары, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Гуманитарлық-педагогикалық институтының, ҚазГЗУ Жоғары Гуманитарлық мектебінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары бір-бірімен тәжірибе алмасып, күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша өзара тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік алды.   

6.

«Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының  мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша, оның ішінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша  қызметін қамтамасыз ету

млн.тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ, «Тіл-Қазы-на» орталы-ғы

284,6

186,3

186,3

РБ

 

230

100

Орындалды.

2023 жылы «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ҰҒПО» КеАҚ-тың «Қолданбалы лингвистика, «Әдістеме Lab», «Терминология», «Тіл Hub», «Абай институты», «Халықаралық байланыс және  PR», «Құқықтық қамтамасыз ету және HR», «Қаржы» бөлімдері  жалпы 40 штаттық бірлікте жұмыс жасады.

2023 жылы ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық, ақпараттық-ұйымдастыру бағытында іс-шаралар ұйымдастырылып, жобалар жүзеге асырылды.

Республикалық терминология комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету аясында 4 отырыс ұйымдастырылып, 2816  термин бекітілді.

Латын графикасына кезең-кезеңімен көшу бойынша ҚР Үкіметі жанындағы Орфографиялық  жұмыс тобының  2 отырысы, 1 рет апробация жұмысы ұйымдастырылды.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған бейнеблоктар әзірлеу жүзеге асырылды. Жалпы роликтердің хронометражы – 1074,4 минут, оның ішінде әлеуметтік-түсіндірмелі, вирустық – 122,28 минут.  Подкаст – 952,12 минут.

Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, шығару және тарату шеңберінде Сараптама комиссиясына келіп түскен 28 еңбектің 6-ы іріктеліп, баспаға ұсынылды. «Қазақ тілі ұлттық корпусының бес кіші корпусын әзірлеу» жобасы бойынша          барлығы 8822 мақала, 10 412 800 сөзқолданыс өңделіп, қабылданды. Қазіргі уақытта Корпус қоры 23 443 589 сөзқолданыстан тұрады.

«Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасы іске асырылды, 8 елде қазақ тілі офлайн/онлайн режимде оқытылды.

 

Міндет: 1.2. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау

 

Нәтижелер көрсеткіші

 

Қазақ тілінің латын графикалы әліпбиінің емле ережесіне негізделген терминологиялық қордың үлесі (өсу қорытындысымен)

 

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

5

40

42,59

-

-

Орындалды.

Есептік кезеңде Республикалық терминология комиссиясының 4 отырысы өткізілді. Терминологиялық қор 2019 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 2020 жылы                    5 %-ке,  2021 жылы – 15 %-ке, ал 2022 жылы 30%-ке, ал 2023 жылы 40 %-ке (37800 терминге дейін) жеткізілуі тиіс болатын. Терминологиялық қордың үлесі Бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылдарын қоса алғанда өсу қорытындысымен шамамен 42,59 %-ке артты (2019 жылы терминологиялық қор 27 мың терминді құрады, 2020 жылы – 1476, 2021 жылы – 2902, 2022 жылы – 4069, ал 2023 жылы -  2816 терминге артып, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы бекітілген терминологиялық қор 38500 терминді құрады). Көрсеткіш Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделіп, артығымен орындалды.

 

Іс-шаралар

8

Терминология және ономастика жөніндегі республикалық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету

млн.тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

 

 

 

 

ҒЖБМ

 

 

 

 

4,2

 

 

 

 

1,0

 

 

 

 

 

 

 

 

1,0

 

 

 

 

РБ

 

 

 

 

230

100

 

 

 

Орындалды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы  № 194 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік терминология комиссиясының атауы Республикалық терминология комиссиясы деп қайта аталып, жаңа құрам жасақталды. Комисияның жылдық жоспары бекітілді.

Есептік кезеңде Республикалық терминология комиссияның 4 отырысы өткізілді. Отырыстарда 2816 термин бекітілді, оның ішінде экономика, қоғамдық тамақтану саласы, мектеп терминологиясы және т.б.  Терминдерге                  (3000-нан аса бірлік) лингвистикалық сараптама жүргізілді.

Бүгінгі күні ономастикалық жұмыстар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес әзірленіп, Республикалық ономастика комиссиясында мақұлданған Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін  қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы негізінде жүзеге асырылады. 2023 жылы Республикалық ономастика комиссиясының 4 отырысы өтті.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде отырыста барлығы 135 ұсыныс қаралды, оның ішінде 26 объект, 16 станса, 4 аудан, 1 қала, 88 құрамдас бөліктер.

9.

Терминдер мен атауларға лингвистикалық сараптама жүргізу және ұлттық терминалогиялық жүйедегі интертерминдерді біріздендіру

млн.тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ МАМ

 

 

 

 

 

3,0

 

 

 

 

 

4,3

 

 

 

 

 

4,3

 

 

 

 

 

РБ

230

100

Орындалды.

Комиссияның 4 отырысында қаралған терминдерге лингвистикалық сараптама жасалды. Лингвистикалық сараптама барысында терминндердің дефинициясы анықталып, олардың түркі, ағылшын және т.б. тілдердегі баламасы берілді. Заңнамадағы қолданысына талдау жасалып, терминдердің нұсқалары бекітуге ұсынылды.

Терминдерге (3000-нан аса бірлік) лингвистикалық сараптама жүргізілді.

10.

Терминологияның өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу

 

млн.тг.

 

семинар

 

ҒЖБМ

 

15,1

 

23,4

 

23,4

 

РБ

 

 

230

100

Орындалды.

2023 жылы «Заңнама тілі: біріздендіру алгоритмі», «Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында 2 республикалық әдістемелік семинар және «Мектеп оқулықтары: мектеп терминдерін жетілдіру және біріздендіру» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастырылды.  Іс-шараларға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі аппараттарының, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері мен тіл саласының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының заңгер-ғалымдары, лингвист-ғалымдары қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, орта білім беру саласындағы уәкілетті органға және басқа да ұйымдарға тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жолданды.

Сондай-ақ «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңы жұмысын жалғастырды. Республикалық терминология комиссиясы отырыстарына дейін терминдер аталған электрондық алаң платформасына (termincom.kz сайты) қоғамдық талқылау үшін орналастырылады.    Республикалық терминология комиссиясы мүшелері электронды алаң арқылы лингвистикалық сараптамадан өткен терминдермен танысып, дауыс береді.

Сонымен қатар 2023 жылы  электрондық алаң платформасында («Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы») жыл сайынғы «Терминшілер байқауы» өткізілді. Конкурс өткізу аясында конкурсқа қатысушылар «Ас мәзірі» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындады. Іс-шара терминологтар пулын, жаңа салалық терминдерді қалыптастыруға, электрондық алаңды жетілдіруге және т.б. ықпал етті.

Барлық бекітілген терминдер жұмыста пайдалану үшін орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық холдингтер мен компанияларға жолданды, сондай-ақ termincom.kz сайтында көпшілікке қолжетміді. Бұған қоса бекітілген терминдер «Терминологиялық хабаршы» комиссиясының электрондық бюллетенінде (2 нөмір) жарияланды. Бұл жаршыға қазақ терминологиясының өзекті мәселелері бойынша мақалалар да енген. Бюллетень «termincom.kz», «tilalemi.kz» сайттарында орналастырылған.

        2023 жылы бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу бойынша жұмыс жалғастырылды. Бұл жұмыс терминдерді жүйелеуге, біріздендіруге, электрондық терминологиялық базаны дамытуға ықпал етті. Жобаға ғалымдар мен ғылыми институттардың, университеттердің қызметкерлері тартылды.  Жұмыс қорытындысы бойынша 8000-нан аса қоғамдық-гуманитарлық бағыт терминдеріне мониторинг жүргізілді.

 

Міндет: 1.3. Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау

 

Нәтижелер көрсеткіші

 

Ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарының сақталу үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

 МАМ

ЖАО

14

15,0

15,0

-

-

Орындалды.

Ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі 2023 жылы 15%-ті құрады. Жалпы 2023 жыл бойынша 448 009 тұрғындардың 67 904-і қатысып, оның 67192 қолдау көрсетті.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары негізінде жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде халықтың пікірін ескеру кезінде толтырылған хаттама негізінде қанағаттандырылды.

 

                                                                                                                    Іс-шаралар         

11.

Тарихи-диахрондық әдісті пайдалану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру

млн.тг

ҰЭМ-ге ақпарат

МАМ

11,0

0

 

0

 

РБ

 

 

-

 

 

Орындалмады.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 2023 жылға қаражат бөлінбеген. Осыған орай аталған бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілмеді.

12.

Латын графикасында  Қазақстан азаматтарының тегі мен есімдерін дұрыс жазу жөніндегі іс-шаралар өткізу

млн. тг

Акциялар,флешмобтар, семинар-лар және т.б.

ЖАО, ҰК

16,0

2,3

2,0

ЖБ

-

    Ішінара орындалды.

Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады.

Ақтөбе облысында «Атаулар мен есімдер – елдіктің белгісі» жобасы аясында халыққа қызмет көрсету орындарында, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылды. Шараға 1000-нан астам адам қатысты. Осындай іс-шаралар Ұлытау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында өткізілді.

13.

Ономастика мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

 

 

млн. тг

кон-фе-рен-ция, кон-курс, семинар

МАМ

17,4

0

0

РБ

-

Орындалмады.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 2023 жылға қаражат бөлінбеген. Осыған орай аталған бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілмеді.

 

Міндет: 1.4. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасын іске асыру

 

Іс-шаралар

15.

Қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусын әзірлеу

 

 

 

млн. тг

ашық инновациялық-ақпарат-тық жүйе құру

ҒЖБМ, «Тіл-Қазына» орталы-ғы

 

 

72,0

 

 

 

 

 

 

 

 

60,0

 

 

 

 

 

 

 

 

60,0

 

 

 

 

РБ

 

 

 

230

100

Орындалды.

Қазақ тілінің ұлттық корпусы жұмысын жетілдіру мақсатында келесі жұмыс түрлері іске асырылды:

1) ғылыми мəтіндер кіші корпусы бойынша метабелгіленім жасаудың моделі əзірленіп, контент жинақтаушыларға берілді;

2) портал ядросы жетілдірілді;

3) статистика кестесі оңтайландырылды;

4) ұқсас корпустарды зерттеу жүргізілді;

5) іздеу функциялары оңтайландырылды;

6) мəліметтер қорындағы кестелерге өзгерістер енгізілді;

7) іздеу нəтижесін шығару бетінің алгоритмі жетілдірілді;

8) сөйлеуді тану алгоритмдерін корпусқа енгізу үшін плагин әзірленді;

9) талдау бөліміне арналған оңтайландыру алгоритмдері жазылды;

10) деректер базасына сақтық көшірме жасалынды;

11) мәтіннің толық нұсқасын қарау мүмкіндігі әзірленді;

12) сөзді дыбыстау (синтез) функционалы әзірленді;

13) әкімші бөлігінде құжаттарды сұрыптау функционалы әзірленді;

14) ғылыми мәтін қосу функционалы әзірленді;

15) құжатты өңдеу бетінде сөздерді іздеу функционалы қосылды;

16) құжаттағы сөзді өзгерту және оның типін таңдау функционалы әзірленді;

17) сөзді өңдеу және сөздің түрін таңдау функционалы қосылды. Сөзді инкоррект, ауызекі, түсіндірме, жер-су аттары және басқа түрлер бойынша бөлу мүмкіндігі қарастырылды;

18) сайттың мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған нұсқасы әзірленді;

19) сайттың түнгі режиміне ауыстыру нұсқасы әзірленді;

20) талдауды өңдеу бетіне лемманың түрленуін енгізетін функционал қосылды;

21) статистика бөлімінде қажетті мәліметке тез жету батырмалары әзірленді.

Корпус бойынша контент өндіру жұмысы толық орындалды:

- публицистикалық мәтін бойынша 5 899 мақала, 5 103 431 сөзқолданыс;

- ғылыми мәтін бойынша 2 032 мақала, 5 014 923 сөзқолданыс;

- ауызекі мәтін бойынша 891 мақала 294 446 сөзқолданыс.

Барлығы 8 822 мақала, 10 412 800 сөзқолданыс өңделіп,  қабылданды.

Қазіргі уақытта Корпус қоры 23 443 589 сөзқолданыстан (оның ішінде 13 030 798 былтырғы көрсеткіш, жаңасы – 10 412 800) тұрады, 2023 жылы өндірілген контент лингвистикалық белгіленімге жіберілді.

16.

Елдің мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және дәріптеу жөніндегі іс-шаралар қамтамасыз ету

млн.тг.

Бас-па өнімдері

МАМ

30

0

0

РБ

-

Орындалмады.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 953 қаулысымен бекітілген «Архив – 2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020 - 2025 жылдарға арналған кешендік іс-шаралар жоспарының 5-тармағын орындау мақсатында 2023 жылы Министрлік тарапынан ҚР Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жіберіліп, алайда Республикалық бюджеттік комиссия тарапынан  қолдау таппай, қаржыландыру тоқтап калды.

Осыған орай отандық және шетелдік архивтерден, музейлерден, кітапханалардан және ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша ғылыми іздеу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оларды ғылыми айналымға енгізу жұмыстары іске асырылмады.

 

2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту

 

Нысаналы индикаторлар:

 

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

 

 

ҒЖБМ ЖАО

 

 

90,5

 

 

 

93

 

 

 

81

 

 

 

-

-

Орындалды.

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес 2023 жылы аталған индикатордың мәні  81 %-ті құрайды.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің (бұдан әрі - Зерттеу)  қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 81 %-ті құрады. Аталған индикаторды түзету ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы өткізген ұлттық халық санағының қорытындыларына негізделді.

Зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «EcoVid» ЖК жүргізді.

 

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі

%

ҒЖБМ -ге ақпарат

 

МАМ

 

74

 

 

 

77

 

 

 

85

-

-

Орындалды.

2023 жылы мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі - 85%-ті құрады, оның ішінде телеарналардағы қазақ тілінің үлесі –                    79 %, баспа БАҚ-та – 100 %, интернет-ресурстарда – 82 %.

 

Міндет: 2.1. Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

 

 

ҒЖБМ ЖАО

52,5

 

 

 

 

 

 

61,5

 

 

 

 

 

 

48,7

-

-

Орындалды.

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес 2023 жылы аталған индикатордың мәні  81 %-ті құрайды.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің (бұдан әрі - Зерттеу)  қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 81 %-ті құрады.

Осы индикатор арқылы есептелетін мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі атты нәтижелер көрсеткіші 48,7 %-ті құрады.

Аталған индикаторды түзету ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2021 жылы өткізген ұлттық халық санағының қорытындыларына негізделді.

Зерттеу мәліметтері бойынша  респонденттердің 48,7 %-ті қазақ тілін жақсы меңгерген. 18,5 %-ті қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ нашар жазады, 7 %-ті түсінеді және түсіндіре алады, 6,8 %-ті жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.

 

Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушыларын даярлауға көзделген гранттар саны

бір-лік

ҒЖБМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

500

500

1391

-

-

Орындалды.

«2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 шiлдедегі № 316 бұйрығына сәйкес 2023-2024 оқу жылына қазақ тілінің мамандарын даярлауға 1391 білім беру гранты бөлінді, оның ішінде:

бакалавриат – 1236,

   магистратура – 120,

   докторантура – 35.        

Кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған экономика салалары үшін кадрларға қажеттіліктің ортамерзімді болжамы негізінде қалыптастырылады.

 

Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген қазақ тілінде оқытпайтын мектеп түлектерінің үлесі

%

ҒЖБМ-ге ақпарат

ОАМ

30

45

48

-

-

Орындалды.

Ұлттық білім беру дерекқорының (ҰБДҚ) мәліметі бойынша 2022-2023 оқу жылында  мектеп бітірген түлектердің жалпы саны – 17 1434, оның ішінде  қазақ тілінде оқытатын сыныптарда 119 953, орыс тілінде оқытатын сыныптарда 44 811, өзбек тілінде оқытатын сыныптарда 5 290, ұйғыр тілінде оқытатын сыныптарда 919,  тәжік тілінде оқытатын сыныптарда 266, ағылшын тілінде 195 оқушы білім алған.

А - мемлекеттік тілді В2 деңгейде меңгерген, қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептер түлектерінің үлесі;

Х - мемлекеттік тілді В2 деңгейде меңгерген, қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектеп түлектерінің саны - 25 000  адам.

V - тестілеуден өткен мектеп түлектерінің жалпы саны  (44811+5290+919+266+195 = 51 481 адам). 

А=X/V*100= 25000 /51481 *100 = 48 %.

Мемлекеттік тілді B2 деңгейінде меңгерген қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектеп түлектерінің үлесі 2023 жылы 48 %-ті құрады.

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін және танымдық іс-әрекетке бейімділігін арттыру мақсатында республикалық пәндік олимпиадалар мен конкурстар өткізілді.

Анықтама ретінде:

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы, «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің тұғыры» атты өзге ұлт өкілдерінің 5-11 (12) сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасы, қазақ тілі мен әдебиетінен қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты халықаралық олимпиадасы, жалпы білім беретін мектептердің білім алушыларының арасындағы «Абай оқулары» республикалық байқауы, ақындық пен шешендікке баулитын «Ақберен» республикалық байқауы, «Әбіш оқулары» республикалық шығармашылық конкурсы, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы «Мәшһүр Жүсіп оқулары», «Ілияс Жансүгіров оқулары», «Махамбет» оқулары, «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурстары, 5-6-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада.

Сонымен қатар қазақ тілін еркін меңгерту және күнделікті өмірде қолданыс аясын кеңейту үшін мектептерде тілдік орта құрылуда, атап айтқанда, «Бір ел – бір кітап», «Кітап оқу сағаттары» және «Оқуға құштар мектеп» жобалары іске асырылды.

 

Іс-шаралар

17.

Мемлекеттік тілге оқытатын мамандарға арналған онлайн іс-шаралар

млн. тг

семинар-тре-нинг

 

 

 

ЖОО

 

 

 

6,9

 

 

 

1,2

 

 

 

1,1

 

 

 

ЖБ

 

 

 

 

-

Орындалды.

21-23 тамызда Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында  «Сөйлеу әрекетінің төрт дағдысын дамытудың тиімді әдістері» республикалық онлайн-семинары өтті.

Шарада Республикалық физика-математика мектебінің оқытушысы Р. Əзімбаева тіл үйренушінің коммуникативтік дағдыларын дамыту ерекшеліктерінен бастап, тілді қоғамдағы қатынас құралы ретінде меңгерту жолдары, фильм, мультфильмдерді қолдану арқылы тіл үйренушінің тілдік қорын байыту, рөлдік ойындар арқылы тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру мәселелері жөнінде баяндады. Қатысушылар тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған «Сөзден – іске» практикалық жұмыстарын орындады.

Сондай-ақ онлайн іс-шаралар Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында да өткізілген.

 

18.

Ересек тұрғындар арасында жаңа әліпби мен емле ережесін меңгерту мақсатында семинарлар, курстар ұйымдастыру

млн.тг.

курстар, семинар-лар

ҒЖБМ, мүдделі МО, ЖАО,

ҰК

 

60,8

 

3,3

 

3,1

 

ЖБ

 

-

Ішінара орындалды.

Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады.

Ұлытау облысында жаңа әліпби мен емле ережелерін меңгерту мақсатында онлайн және офлайн форматта бірқатар іс-шаралар, атап айтқанда «Жаңа әліпби жобасымен танысамыз» «Латын әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуі» «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз» және т.б. семинарлар ұйымдастырылды.

Ересек тұрғындарға жаңа әліпби мен емле ережесін таныстыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында «Тілге құрмет - елге құрмет», «Латын әліпбиі - өркениет жолы» атты ақпараттық сағаттар, кездесулер  ұйымдастырылды.

Қостанай облысында қазақ тілін ақпараттық-түсіндіру сипатындағы латын графикасына көшіру бойынша жұмыс шеңберінде барлығы 15 457 адамды қамтитын 579 іс-шара өткізілді.

 

19.

Барлық адамдарға қазақ тілін үйрену үшін мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім беру деңгейлері бойынша тегін курстар ұйымдастыру

млн. тг

ҒЖБМ-ге ақпарат

ЖАО, мүдделі МО,

ҰК,

ҮЕҰ

545,6

554,8

545,6

ЖБ

-

Орындалды.

2023 жылғы жағдай бойынша республикада 114 тіл оқыту орталығы жұмыс істейді (2022 жылы - 111).

2023жылы 3 орталық жаңадан ашылды:

1) Егіндікөл ауданының Ішкі саясат, мәдениет,  тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ Шелек аудандық филиалы;

3) «Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі орталықтар - 95, филиалдар - 19.

Орталықтарда 455 оқытушы, 91 әдіскер жұмыс істейді. Басқа да санаттағы қызметкерлер (басшылық құрам, бағдарламашы, есепші және т.б.)  456 адамды құрайды. Тілдерді оқыту орталықтарында азаматтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдері тегін оқытылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан өткендер саны:

- өңірлерде – 42 775 адам (Астана қ. - 1500, Ақтөбе - 1680, Ақмола – 3023, Атырау – 570, Абай – 1300, Алматы – 2338, Алматы қ. – 1221, БҚО – 870, Маңғыстау – 100, Павлодар – 2558, СҚО – 3350, Ұлытау – 242, ШҚО – 1213, Түркістан – 3946, Қызылорда – 1050, Қарағанды – 3466, Қостанай – 6590, Жетісу – 2752, Жамбыл – 4184, Шымкент - 822);

- орталық мемлекеттік органдарда – 2232 адам (Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 1612, Орталық сайлау комиссиясы – 78, Ұлттық банк – 84, Қорғаныс министрлігі – 43, Денсаулық сақтау министрлігі – 45, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі – 1, Ұлттық экономика министрлігі – 17, Төтенше жағдайлар министрлігі – 17, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі – 2, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі – 12, Қаржы мониторинг агенттігі – 311, Туризм және спорт министрлігі - 10);

- этномәдени бірлестіктерде – 5754 адам (Ақтөбе – 74, Жамбыл – 3666, Маңғыстау – 150, Түркістан – 1126, Шымкент – 100, ШҚО - 638).

- ұлттық компанияларда – 1746 адам («Qazinnovations» ҰК» АҚ – 8, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі – 15, «KEGOC» АҚ – 262, «Казатомпром» ҰК» АҚ – 19, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – 70, «Қазақтелеком» АҚ – 1193, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ – 20, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – 130, «KazakhExport» сақтандыру компаниясы» АҚ – 2, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ - 27).

Қазақ тілі курсынан өткендердің жалпы саны – 52 507 адам.

20.

Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшіруді ескере отырып, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогика кадрлар үшін біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру

млн.тг.

курстар

ОАМ

525,7

0

0

РБ

 

-

 

Орындалмады.

«Білім берудің барлық деңгейлерінде 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу кестесін бекіту туралы «2018 жылғы 27 сәуірдегі № 183 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі бұйрығының күшін жою туралы» 2020 жылғы 26 қазандағы № 462 бұйрық негізінде жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары уақытша тоқтатылды. 2020 жылға қарастырылған қаражат республикалық бюджет комиссиясының шешімімен бюджетке қайтарылды.

21.

Тілдік біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру (ресми хат, көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер)

млн. тг.

ҒЖБМ-ге ақпарат

БП (келісу бойын-ша),

ҚОА            (келісу бойын-ша)

-

-

-

-

-

Орындалды.

Бас прокуратураның Құқық қорғау органдары академиясы бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес 21-тармақты іске асыру мақсатында  2023 жылы 6 біліктілікті арттыру курсында арнайы дәріс сабақтар мен 1 конкурс ұйымдастырды.

2023 жылғы 27-31 наурыз аралығында 1-санаттағы резервте тұрған қызметкерлеріне (ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Сыбайлас жекмқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі) арналған «Құқық қорғау органдарында қызметті ұйымдастырудың және басқарудың замануи тәсілдері» біліктілікті арттыру курсында «Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге қатысты интернет-ресурстар»;

10-14 сәуір аралығында 10 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлеріне (ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Сыбайлас жекмқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі) «Дағдарыстық жағдайларды басқару»;.

24-28 сәуір аралығында 3 жылға дейін өтілі бар қызметкерлеріне (Арнайы прокурорлар, ҚР Сыбайлас жекмқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Қаржылық мониторингі агенттігіне және арнайы прокурорларға тергеуге алынған жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтарға сотқа дейінгі тергеу жүргізу ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курсында «Ресми іс қағаздың стильдік ерекшеліктері»;

22-26 мамыр аралығында прокуратура органдарының 3-10 жылға дейін өтілі бар қызметкерлерге «Сотталғандар мен тергеу-қамауға алыңғандарға қатысты жасалған азаптаулардың алдын алу мен тергеудің өзекті мәселелері» біліктілікті арттыру курсында практикалық сабақ;

Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлеріне 8 қыркүйекте Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты жеке құрам үшін «Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге қатысты интернет-ресурстар» дәрістерін өткізді.

Сонымен қатар 2023 жылғы 31 наурызда                      Ө.С. Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына орай көпшілік алдында сөз сөйлеу, ойды қисынды әрі дәлелді жеткізу өнерін дамыту мақсатында «Сейітов ізбасары» атты жоғары оқу орындарының студенттері мен тыңдаушылары арасында республикалық байқау өткізді.

МҚІА (келісу бойын-ша),

МБА            (келісу бойын-ша)

-

-

-

-

-

Орындалды.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және оның филиалдары тарапынан  біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарының бағдарламаларына 24, 16, 6, 3 сағаттық  ресми жазылым, көпшілік алдында сөз сөйлеу, шешендік өнер тақырыптарымен дәрістер, практикалық сабақтар енгізілді және өткізілді.

Академияда 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында «Ресми мәтін және жазылым дағдылары» тақырыбында – 705, «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Ауызша және жазбаша тиімді коммуникациялар», «Көпшілік алдында сөйлеуге жазбаша дайындық және сөз сөйлеу», «Ресми жазылым және азаматтардың өтініштері бойынша жазба мәтіндер құрастыру дағдылары» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарында – 1 130, сонымен қатар Академияның өңірлік филиалдарының қайта даярлау курстарында – 4 406, біліктілікті арттыру курстарында – 12510, барлығы 18 751 мемлекеттік қызметші әртүрлі көлемді ресми-іскерлік мәтін құрастыру және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын игерді.

22.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу

млн. тг

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

16,5

7,0

7,0

РБ

 

001

103

Орындалды.

2023 жылы ҚР тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу (бұдан әрі - Зерттеу)  жүргізілді.

Зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша конкурс арқылы анықталған «EcoVid» ЖШС жүргізді.

Зерттеу еліміздің 17 облысында және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өткізілді. Зерттеуге Қазақстан Республикасының 18 жастан жоғары 4000 азаматы, экономика және қаржы саласының 700 өкілі қатысты.

 

 Міндет: 2.2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

«Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің үлесі

 

 

 

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

35,5

38,0

 

30,0

 

-

-

Ішінара орындалды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы республика бойынша 30 578 адамға «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу өткізді.

Тестілеуге қатысқан мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің саны – 9000 адам. Диагностикалық және сертификаттық тестілеу нәтижесі бойынша 2727 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің (30 %) мемлекеттік тілді орта (В1) деңгейде меңгергендіктерін көрсетті.

 

Ұлттық стандарт негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

 

 

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

20,0

35,0

 

35,0

 

-

-

Орындалды.

«ҚАЗТЕСТ»  жүйесі арқылы 12 067 мемлекеттік қызметші диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті.

  Тестілеу нәтижесі бойынша 4223 мемлекеттік қызметші (35 %) мемлекеттік тілді ортадан жоғары (В2) деңгейде меңгергендерін көрсетті.

 

Ұлттық стандарт негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді С1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік  қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің үлесі

 

 

 

 

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

9,0

15,0

4,0

-

-

Ішінара орындалды.

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тестілеуден  19 226 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті. 

Тестілеу нәтижесі бойынша 786 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері (4 %) мемлекеттік тілді жоғары (С1) деңгейде меңгергендерін көрсетті.

 

Іс-шаралар

23.

«Қазтест» бағдарламасының негізінде тіл білу деңгейін бақылау жүйесін қамтамасыз ету

млн. тг

ҰЭМ-ге ақпарат

 

ҒЖБМ

58,9

61,5

61,5

РБ

 

230

101

Орындалды.

Жыл сайын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қызмет көрсету мекемелері мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, «Болашақ» халықаралық стипендиясы үміткерлері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметкерлері мен ұстаздары «ҚАЗТЕСТ»  жүйесі арқылы тестілеуден өтті.

2023 жылы 30 578 адам диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтті.

Тестілеуге келесі әлеуметтік топтар қатысты:

- мемлекеттік қызметшілер –   12 067 адам;

- мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлері – 7159 адам;

- ұлттық компаниялар қызметкерлері – 1841 адам;

- Президенттік жастар кадр резерві –  1483 адам;

- «Болашақ» стипендиясы үміткерлері –    2670 адам;

- ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсушілер – 3565 адам;

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері мен басқару персоналы –   911 адам;

- басқа сала қызметкерлері –  882 адам.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары (бұдан әрі – Стандарт) қолданысқа енгізілді (2015 жылғы 24 қарашадағы № 236-од бұйрық, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетімен бекітілген). Ұлттық стандарт тілді оқыту мен меңгеру деңгейін бағалауды жүйелейтін бірден-бір нормативті кұжат болып табылады.

Стандарт тіл үйренушінің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін және оның коммуникативтік тілдік құзыреттілігінің қандай дәрежеде қалыптасқандығын анықтау мен бағалауға толық мүмкіндік береді.

24.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша шекті мән белгілей отырып, тестілеуден өткізу

 

ҒЖБМ-ге ақпарат

 

МҚІА, ҒЖБМ

талап етілмейді

Орындалмады.

Агенттікпен 2019 жылы «Б» корпусының лауазымдарына үміткерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауды (шекті мәндерімен) көздейтін заң жобасы әзірленген.

Дегенмен, бұл заң жобасы мақұлданбады, өйткені «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 23-бабына сәйкес мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі заңмен белгіленді. Осы Заңның 1997 жылы қабылданғанына қарамастан, мемлекеттік тілді білу қажет етілетін кәсіптердің, мамандықтар мен лауазымдардың жоғарыда көрсетілген тізбесі бүгінгі күнге дейін белгіленбеген.

25.

Мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұлттық компаниялардың,  сондай-ақ басқа да ұйымдардың ісқағаздарын жүргізуді латын графикалы әліпбиге көшіру:
- құжат айналымының бірыңғай жүйесі, ақпараттық жүйелер – 2021 ж.;
- кадрлар бөлімінің, кеңсенің құжаттары – 2022 ж.;
- ішкі құжат айналымы –2023 ж.;
- сыртқы құжат айналымы, нормативтік құқықтық актілер – 2024 ж.;
 - қолданбалы бағдарламалар, есепке алу-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттамалар платформалары – 2025 ж. 

 

ҒЖБМ-ге ақпарат

 

МО, ЖАО,
ҰҚ,
ҮЕҰ

талап етілмейді

Орындалмады.

Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады.

26.

 «Электрондық үкімет» шеңберінде электрондық қызметтер көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын кеңейтуді және латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді пысықтау

 

ҒЖБМ-ге ақпарат

 

ЦДИАӨМ

-

-

-

-

-

Ішінара орындалды.

«Электрондық үкімет» порталының операторы контентті мемлекеттік тілге аудару жұмысын дербес жүзеге асырады. Азаматтардан мемлекеттік тілдегі контентті жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар түскен кезде олар уәкілетті органмен бірлесіп қаралады. Бұл ретте, азаматтар қазақ тіліндегі контенттің сапасын арттыруға өз қатысуын білдірсе, бірлесіп қарастыру үшін жұмыс тобы құрылады. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілген жағдайда портал операторымен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Міндет: 2.3. Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Қазақ тілді БАҚ-қа мемлекеттік қолдау көрсету үлесі

%

ҒЖБМ -ге ақпарат

МАМ

52

58

57,9

-

-

Орындалды.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 9 телеарна, 40 интернет-ресурс, 36 баспа басылымдарға қолдау көрсетілді. Оның ішінде, 9 аралас тілді телеарналарға (басым тіл – қазақ тілі), 20 қазақ тілді интернет-ресурс, 24 қазақ тілді баспа басылымға конкурс негізінде қолдау көрсетілді.

 

Іс-шаралар

27.

Қазақстанға импортталатын және елде өндірілетін техникалық құралдарда (компьютерлер, пернетақталар және т.б), сондай-ақ әзірленетін мобильдік қосымшалар мен сайттарда қазақ тілді интерфейстің және қазақ әліпбиі әріптерінің болуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау

 

ҒЖБМ -ге ақпарат

ЦДИАӨҚМ,  мүдделі МО

талап етілмейді

 Ішінара орындалды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 маусымдағы № 347 және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР зандарымен «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418 ҚР заңына келесі редакцияда  «мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік, орыс тілдерінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде жасауға және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруға» өзгеріс енгізілді.

Бұған қоса, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 141 ҚР заңымен «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР заңына мынадай редакцияда «Ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілерін Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде құруға және айналысқа шығаруға міндетті» өзгеріс енгізілді.

Сонымен қатар ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымданы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында Қазақстанға импортталатын және елде өндірілетін техникалық құралдарда (компьютерлер, пернетақталар және т.б),               сондай-ақ әзірленетін мобильдік қосымшалар мен сайттарда қазақтілді интерфейстің және қазақ әліпбиі әріптерінің болуын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау бойынша іс-шара көзделген (әліпби мен емле ережелері бекітілгеннен кейін).

Осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар әліпби мен емле ережелері бекітілгеннен кейін жалғастырылатын болады

28.

БАҚ-та балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу

млн. тг.

ҒЖБМ -ге ақпарат

МАМ

-

-

-

-

-

Орындалды.

Отандық анимациялық өнімдердің саны жылдан-жылға сапалы, мазмұнды мультхикаялармен толығып келеді. Мысалы, балалар сүйіп көретін «Тоқты мен Серке» жобасының 5 маусымы, «Әли мен Айя» мульфильмінің 4 маусымы дайындалып, брендтік өнімге айналды. Ұлттық тағамдар жайлы «Аспазия», аңыз кейіпкерлеріне негізделген «Ақжелкен», Бекзат Саттархановтың өмір жолын арқау еткен «Бала Бекзат», сондай-ақ «Дүлдүл», «Ұшақтар», «Күшті көліктер», «Дәрігер Дана», «Қамқор», «Бала барыс», ойын-сауық жанрындағы «Үш томпи», ұлтаралық достықты дәріптейтін «Тұрандос» мультфильмдері кішкентай көрермендердің көзайымына айналды. Қызық сюжеттерге құрылған «Пингвиннің оқиғалары», «Желаяқ», «Ақылды көжектер», «Тұлым-2» мультхикаялары балалар аудиториясына ұсынылды. 

30.

Фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждауды қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсету

млн. тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

МАМ

38,1

0

0

РБ

-

Орындалды.

2023 жылы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеуге конкурс үш рет жариялаған, олар объективті себептермен өтпей қалды. Дубляжға көзделген қаражат бюджетке қайтарылды.

Бұдан басқа, іс-шараны іске асыру мақсатында мемлекеттің қолдауымен 2023 жылы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ арқылы «Гости», «Операция Набат», «Беркут», «Шу-ла-ма», «Солдат любви», «Араматное сердце», «Защищенное место», «Носорог», «Алматы я люблю тебя» қазақстандық көркем фильмдері қазақ тіліне дубляжданды.

Сонымен қатар мемлекет қолдауынан басқа, жеке кәсіпкерлік субъектілер өкілдерінің қаражаты есебінен анимациялық және көркем фильмдер қазақ тіліне дубляжданып, онлайн прокатқа шықты.

Атап айтсақ, 2023 жылы «Яндекс» компаниясы және «Кинопоиск» онлайн-платформасы отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тіліне дубляждап, «Кинопоиск» платформасы арқылы онлайн-прокатқа шығарды: «Шрэк», «Кунг-фу жеребец», «Изумительный Морис», «Пес-самурай и город кошек», «Конек-Горбунок», «Волк и лев», «Леди Баг и Супер Кот». Нәтижесінде 2023 жылы қазақ тіліне 16 анимациялық және көркем фильмдер дубляжы жүзеге асырылды.

31.

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейнеблоктар әзірлеу

млн.тг.

бей-не-блоктар

ҒЖБМ, ЖАО

 

21,0

 

 

 

 

35,3

 

 

 

35,3

 

 

 

РБ

 

 

 

 

 

230

100

 

 

 

Орындалды.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді түсіндіру бойынша әлеуметтік-түсіндірмелі, вирустық сипаттағы бейнероликтер және «Қазақ тілі – ғылым тілі» тақырыбында подкастар түсірілді. Жалпы роликтердің хронометражы – 1074,4 минут, оның ішінде әлеуметтік-түсіндірмелі және вирустық сипатта түсірілген бейнероликтердің хронометражы – 122, 28 минут, подкастардың хронометражы – 952, 12 минут.

Әлеуметтік-түсіндірмелі және вирустық сипаттағы бейнероликтер жергілікті телеарналар,  қоғамдық көліктер мен халыққа қызмет көрсету орындарында жариялау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

Мемлекеттік сатып алу арқылы қазақ тіл білімі мен ғылымын, әдебиетін насихаттау, халыққа Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) таныстыру мақсатында 20 сериядан тұратын (10 сериясы қазақ және 10 сериясы орыс тілдерінде) бейнеподкастар түсірілді.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласында қолдану аясын кеңейтуге және оның мәртебесін арттыруға ықпал ету, сонымен қатар республика бойынша қазақ тілінде сөйлейтін, ақпарат алатын және бөлісетін тұрғындардың үлесін арттыру.

Түсірілім барысында сарапшылармен, ғалымдармен және белгілі қоғам қайраткерлерімен ашық пікірталас әңгіме құру және тілдің жай-күйі мен әлеуетін және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік саланы дамытуға қосатын үлесін арттыруға әсер ететін өзекті тақырыптарды көтеру міндеттерін орындауға басымдық берілді.

Шымкент қаласында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында желі қолданушыларының қазақ әліпбиін тез меңгеруіне жағдай жасау мақсатында арнайы бейнероликтер әзірленді.

32.

Мемлекеттік тілді пайдалануға ынталандыратын бейнероликтер әзірлеу және тарату

5,3

5,0

ЖБ

-

 

Міндет: 2.4. Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Мемлекеттік тіл нормаларына  сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту  дәрежесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ мүдделі МО, ЖАО, ҰК

70

76

76,5

-

-

Орындалды.

Министрлік сыртқы жарнама мен басқа да көрнекі ақпаратта орын алатын бұзушылықтар мен қателерді түзету және олардың алдын алу мақсатында Интернеттегі, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға тұрақты мониторинг жүргізді. 

   Жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлік субъектілеріне деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігіндегі тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмысын «Атамекен» ҰКП-ның және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жергілікті жерлердегі филиалдарын, басқа да үкіметтік емес ұйымдарды, тіл жанашырларын тарта отырып жүргізді.  

Жергілікті атқарушы органдар тарапынын көрнекі ақпаратты орфографиялық нормаға сәйкестендіру мақсатында 2023 жылы 43 557 көрнекі ақпарат объектісіне зерделеу жұмысы жүргізіліп, 33 344 объект сәйкестендірілді (76,5 %).               

 

Мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі

%

ҒЖБМ -ге ақпарат

МАМ

50

50

50

-

-

Орындалды.

Қазақ тіліндегі контент жыл сайын артуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша «Qazaqstan», «Balapan» телеарналары мен «Шалқар» радиосы 100 % мемлекеттік тілде хабар таратады.

Сонымен қатар «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ қазақтілді аудиторияны қамтитын «Ақпарат», «Таңшолпан», «Ақсауыт», «Таңғы Хабар» сынды бағдарламаларды көрсетуде.

«Abai TV» мәдени–ағарту арнасында «Шебер», «Руханият», «Жәдігер», «Тарихи тұлғалар», «Қазба қазыналары», «Ғимарат», «Қазақ эпосы» танымдық бағдарламалары мен қазақтілді спектакльдер, деректі фильмдер үздіксіз көрермен назарына ұсынылуда.

 «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосы» арналарында «Алтын қор», «Алтын қордағы тұлғалар дауысы», «Алтын қордан ән тыңдайық», «Алтын қордан күй тыңдайық», «Асыл сөз», «Атадан қалған асыл сөз», «Дарабоз», «Дауысыңды сағындым», «Киелі Қазақстан», «Айтыс», «Күй шашу», «Қазақ билері», «Қазақ хандары», «Батырлар жыры», «Есіл дәуреннің есті әндері», «Наридірген», «Қайым айтыс», «Жәдігер», «Құтты білік» бағдарламары тарих үнінен сыр шертеді.

Сонымен қатар тілімізді насихаттау мақсатында ұлт зиялылары мен тарихымызды дәріптейтін деректі фильмдер мен сериалдар түсіріліп көрсетілуде.

Жалпы Министрлік тарапынан аталған заңнамалардың орындалуы қамтамасыз етілуде.

 

Іс-шаралар

33.

Көрнекі ақпаратты 

дұрыс жазу бойынша консультациялық түсіндіру  жұмыстарын үйлестіру

 

 

 

 

 

 

млн.тен

түсіндіру жұ-мыс-тары, ерік-тілер ак-ция-лары, «Сәтті жарнама», «Үз-дік маң-дай-ша»

ҒЖБМ,

мүдделі МО, ЖАО, «Атамекен» ҰКП (келісу бойын-ша)

-

33,4

33,4

ЖБ

-

Орындалды.        

Жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 21-бабына енгізілген түзетулерді ескере отырып, көрнекі ақпаратқа қатысты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізді.

Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде заң нормаларының сақталуы бойынша әкімдіктер мен «Атамекен» ҰКП арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде нақты жұмыстар атқарылды.

Барлық өңірлерде сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің орфографиялық нормаға сәйкес жазылуын үйлестіру мақсатында тегін кеңес беретін «жедел желі» (сall-center) қызмет етеді.

«e-Otinish» жүйесі арқылы жеке тұлғалардан 2023 жылы 720 өтініштер келіп түсті.

Ең көп өтініш Астана (359), Алматы (44), Шымкент (36) қалаларынан, Түркістан (24), Алматы (17), Шығыс Қазақстан (16), Қарағанды (16), Ақтөбе (12), Батыс Қазақстан (12), Қостанай  (10), Жамбыл (9), Ақмола (8) облыстарынан келді. Өтініштерге нақты жауап беру үшін заң талаптарын бұзған кәсіпкерлер тексеріліп, ұсынымдар берілді және екертулерді талапқа сай түзету жұмыстары жүргізілді.

2023 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласында «Көрнекі ақпарат: мәселе мен шешім» атты семинар-кеңес өтті.  Семинар-кеңеске 20 өңірден тіл мәселесіне жауапты басқармалардың басшылары мен көрнекі ақпарат мәселесіне жауапты мамандары қатысты. Сонымен қатар көрнекі ақпарат және мемлекеттік тілде қызмет көрсету мәселелеріне қатысты сұрақтарға нақты жауап беру үшін Бас прокуратурадан, Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінен, Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан жауапты мамандары және Мақсұт Нәріқбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің заңгер ғалымдары қатысып, көрнекі ақпараттың сауатты жазылуына қатысты мәселелер талқыланды.

34.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашылық-жобалар өткізуде қолдау көрсету

млн.тен

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ, МАМ, мүдделі МО, ЖАО, ҰК, ҮЕҰ

-

69,7

69,4

ЖБ

-

Орындалды.

2023 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғам институттарының қазақ тілін қолдау мақсатындағы шараларға ақпараттық қолдау көрсетілді.

Атап айтқанда, бұл бағытта «Мемлекеттік тілге жеті қадам», «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстауға қатысты және т.б. материалдар «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Заң газеті», «Айқын» және басқа басылымдарда, «Хабар», «Хабар 24», «Қазақстан» телеарналарында жаңалықтар сюжеті, abai.kz, inform.kz, adyrna.kz, baq.kz және басқа интернет-ресурстарда жарияланды.

Аталған тармақ шеңберінде барлық өңірлерде белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған онлайн және офлайн форматта түрлі қоғамдық-мәдени іс-шаралар ұймдастырылды.

35.

Мәдениет ұйымдарының (театр, кино және басқалары) репертуарын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру

 

ҒЖБМ -ге ақпарат

МАМ,

ЖАО

 

талап етілмейді

Орындалды.

2023 жылы мемлекеттік театрларда 172 жаңа спектакльдер қойылды, жыл бойы театрларда қазақ тілінде 5 696 қойылым қойылды.

Мемлекеттің қолдауымен шыққан фильмдер қазақ және орыс тілдерінде болған жағдайда қазақ тілінде дубляжданады. 2023 жылы 2022 жылы басталған 18 фильмнің өндірісі аяқталды және өндіріске 19 жаңа киножобалар енгізілді.

36.

Бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету

 

ҒЖБМ -ге ақпарат

МАМ

мүдделі МО, ЖАО, ҰК

талап етілмейді

Орындалды.

Бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану  қамтамасыз етілген.

Атап айтқанда Жетісу облысында 2023 жылы осы бағытта аудан, қалаларда 87 маңызды ірі шаралар (байқау, семинар, дөңгелек үстел) өткізілді.

Шымкент қаласында 102 концерт, мәдени және қоғамдық шаралар өткізіліп, 50 028 көрермен қамтылып, 16 қайырымдылық концерт ұйымдастырылды.

Абай облысында 2023 жылы өткізілген қоғамдық маңызды іс-шаралардың жалпы саны – 3026.  Шараларға қатысқан адам саны 349 990 адам.

37.

Кинотеатрларда прайм-таймда қазақ тіліндегі фильмдерді көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау

 

ҒЖБМ -ге ақпарат

ЖАО

талап етілмейді

Орындалды.

Кинотеатрларда прайм-таймда қазақ тіліндегі фильмдерді көрсетуді қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Атап айтқанда Ақмола облысының Көкшетау, Степногор қалалары мен Бурабай, Целиноград аудандарындағы кинотеатрларда «Міржақып. Оян, қазақ!», «Келінжан», «Қазақша бизнес», «Бойдақ күйеу», «Аңдар шаҺары» мультфильмі және т.б. қазақ тіліндегі фильмдер мен мультфильмдер көрермендер назарына ұсынылды.

Алматы қаласы бойынша 2023 жылы бұқаралық 43 мәдени, 25 спорттық                                іс-шаралар мемлекеттік тілде өтті.

Астана қаласында 2023 жылы өткен бұқаралық-спорттық іс-шаралардың жалпы саны – 629, оның барлығы қазақ тілінде, қажеттілік туындаған жағдайда орыс және ағылшын тілдерінде (үш тілде) , 30 000-нан астам өзге де қоғамдық шаралар, оның 80 % қазақ тілінде және қазақ-орыс тілдерінде өтті.

38.

Халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларында (денсаулық сақтау, білім беру және сот ісі ұйымдарында, мәдениет және өнер салаларында,  спорт және туризм, банк ісі, сауда, қоғамдық көлік, әуе және темір жол коммуникациясы, қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану салалары мен демалыс орындарында және т.б) тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

 

ҒЖБМ -ге ақпарат

ЖАО, МО

талап етілмейді

Орындалды.

Халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларында тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданған.

Атап айтқанда, Алматы облысының Қонаев қаласы аймағындағы «КНАУФ», «ХЕНКЕЛ», «МАГНИТ», «СДи КО» кәсіпорындарында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 21-бабы түсіндіріліп, қателер түзетілді.

Павлодар облысында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп қалалық, аудандық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен сауда үйлері, қызмет көрсету орындары әкімшілерінің қатысуымен бірқатар семинар-кеңестер өткізілді. Шара барысында кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес ас мәзірі, тауар туралы ақпарат, баға көрсеткіштері тәрізді барлық көрнекі ақпараттар мен деректемелердің тәртібі түсіндірілді.

Солтүстік Қазақстан облысында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің сайттарын «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының талаптарына сәйкестендіру бойынша мониторинг жүргізілді. Жалпы 95 мекеме қамтылды, оның ішінде 82 білім беру мекемесі, 7 аудандық білім бөлімі және 6 емханаға  жүргізілді.

39.

Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалға мониторинг және талдау жүргізу

млн. тг.

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

4,8

3,3

 

 

3,3

 

 

РБ

 

230

100

Орындалды.

«Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу» жобасы шеңберінде 113 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ресми интернет-ресурстарына мониторинг жүргізілді.
Мониторингтің мақсаты - мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің ресми сайттарындағы мемлекеттік тілдің қолданысын зерделеу, қазақ тілінде нұсқасы жоқ ресми сайттарды анықтап, мемлекеттік тілде парақшасын ашуға ықпал ету.
Мониторинг «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР заңдарының кейбір нормаларына  негізделді және мониторинг жүргізудің бағалау критерийлері бекітілді.

Бекітілген критерийлерге сәйкес ағымдағы жылы 113 ресми сайтқа (жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармалары, полиция департаменттері, ұлттық компаниялар (акционерлік қоғамдар), екінші деңгейлі банктер, әуе компаниялары мен әуежайлар, қоғамдық тұтыну сервистері, құрылыс компаниялары, жекеменшік мектептер, туристік агенттіктер және қоғамдық қорлар) мониторинг жүргізілді. 

3 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу» тақырыбында оффлайн/онлайн режімде семинар ұйымдастырылды. Қатысушылар назарына мониторинг жүргізу тәртібі мен бағалау критерийлері түсіндірілді. Семинар жұмысына жекелеген әкімдіктердің жұмыспен қамту жөніндегі инспекциясының, полиция департаменттерінің, ұлттық компаниялардың, банктердің, әуежайлардың, қоғамдық тұтыну сервистерінің жауапты мамандары қатысты.

Мониторинг барысында 99 мекемеге (11 әуежай, 10 жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармалары, 18 жекеменшік мектеп,  7 қоғамдық қор, 10 туристік агенттік, 9 құрылыс компаниясы, 12 ұлттық компаниялары мен әуе компаниялары, 4 екінші деңгейлік банктер, 3 полиция департаменті, 15 қоғамдық тұтыну сервисі) ескерту хаты жолданды.

Жолданған ескерту хаты бойынша 29 мекеме (5 әуежай, 5  жергілікті атқарушы органның жекелеген басқармалары, 7 қоғамдық қор, 10 туристік агенттік, 4 ұлттық компания мен әуе компания, 1  екінші деңгейлік банк, 1 полиция департаменті,  4 қоғамдық тұтыну сервисі, 3  туристік агенттік, 3 жекеменшік мектеп, 3 қоғамдық қор) өздерінің ресми сайттарына түзетулер енгізді.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша электронды талдамалық жинақ  әзірленді.

 

 

 

40.

Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шаралар өткізу, оның ішінде «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгергендер арасында «Тіл шебері» республикалық конкурсы

млн. тг

рес-пуб-ликалық (өңірлік) кон-курстар, семинар-тре-нингтер, «дөңге-лек үс-тел» оты-рыс-тары, ак-ция-лар

ҒЖБМ мүдделі МО (оның ішінде құқық қорғау органдары мен әлеуетті құрылымдар), ЖАО, ҰК

35,2

 

 

70,06

23,1

 

 

87,4

23,1

 

 

82,7

РБ

 

 

ЖБ

 

230

100

 

 

 

Орындалды.

Мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарын ынталандыру мақсатында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға өңірлерде іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет атқаратын 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысты.

Байқау «Жұлдызды сәт», «Сөздің көркі», «Ой ұшқыны», «Ұшқыр сұрақ, ұтқыр жауап» деп аталатын төрт кезеңнен тұрды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. 

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы аясында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өткізілді.

Акция ережесіне сай еліміздің 20 өңіріндегі Қазақстан халқының 18 жастан асқан этнос өкілдері қатысты. Акцияға қатысушылар Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы аясында ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2,5 минуттан аспауы тиіс), бейнематериалды әлеуметтік желіде жариялады. Акция 4 тамызда 00:00-де тоқтатылып, барлық қатысушылардың нәтижелері скриндеу әдісі арқылы алынды және лүпіл сандарының (176 қатысушының) тізімі жасалды.

2023 жылғы 16 тамызда алдын ала жасақталған қазылар алқасының отырысы өтті. Қазылар алқасы акцияның бағалау талаптарына сай, лүпіл сандары жоғары 29 қатысушының бейнематериалдарын тыңдап, оның ішінен жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздарды марапаттау Петропавл қаласында онлайн форматта өтті.

Мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды және практикалық қолдануын ынталандыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қонаев, Өскемен қалаларында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумы, Тараз қаласында «Тіл – татулық тірегі» республикалық дөңгелек үстелі, Орал қаласында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі», Павлодар қаласында «Мемлекеттік тіл саясаты: жастар және қоғам» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

2023 жылы 28 қарашада «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапататау рәсімі өтті. Байқау барысында 64 үміткердің 145 материалы қаралды.

 2023 жылғы мамыр-қазан аралығында өңірлерде «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың, оның ішінде жарнама мәтінінің сауатты берілуіне оң бетбұрыс жасау, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге және қадағалап, түзету жұмыстарын жүргізуге атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, ынталандыру жұмыстарын жүргізу.

Байқаудың бірінші туры облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының деңгейінде өтіп, онда үздік деп танылған 14 қатысушы екінші республикалық турға жолдама алды. Республикалық деңгейде 8 үміткердің жұмысы бағаланды.

Республикалық деңгейдегі жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2023 жылғы 28 қарашада Астана қаласында өтті.

2023 жылғы 25 мамырда Атырау қаласында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы өтті. Аталған байқау  алдымен еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды. Облыстық байқаудан жеңімпаз атанған, үздік деген оқытушы республикалық байқауға жіберілді. Байқауға еліміздің барлық өңірінен 15 оқытушы қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңнің талаптарына сәйкес оқытушылар өздерін және авторлық бағдарламаларын таныстырды. Байқаудың екінші кезеңі «Сөйлеудің 4 дағдысын үйрету, отандық және шетелдік тәжірибе  кезеңі» деп аталды. Бұл кезеңде мемлекеттік тілді үйретіп жүрген оқытушылардың әдістеме бойынша білімдерін тексеру үшін отандық және шетелдік  танымал әдіскерлердің сөйлеудің 4 дағдысын үйретуге ұсынған тиімді әдіс-тәсілдері мен әдістемелері, пікірлері туралы сұрақтар берілді. Байқаудың үшінші кезеңінде қатысушылар В1 деңгейіне сәйкес келетін сынама топтағы тіл үйренушілеріне сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) тапсырмаларды орындады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.

2023 жылғы 12 қазанда «Мемлекеттік тіл үйретудегі ІТ технологияларға  негізделген жүйелерді қолдану» республикалық онлайн семинары Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Түркияда қазақ тілінен сабақ беретін оқытушыларға арналып өткізілді.

Онлайн басқосуда Орталық шығарған «Қазақ тілі» оқулықтары мен түрлі жобалары, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі мәселелері қарастырылды.

Әдістеме lab жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы «Қазақ тілін оқытудағы «Тіл-Қазынаның» IT жобалары» туралы, ғылыми қызметкер, PhD Ләйлә Мұратқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту және «Til Qural» жөнінде, «Абай институтының» жетекшісі, филология магистрі Айгүл Әділбекқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудағы «Әмбебап оқулығының» рөлі туралы баяндады.

Семинар барысында Түркияның әртүрлі ЖОО оқытушылары қазақ тілін оқытудағы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Тіл-Қазына» орталығымен бірлесе атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарын білдірді. Түркияның оқу орындары мен қазақ тілінің оқытушылары, негізінен, Орталықтың жобалары мен оқулықтарын пайдаланатынын, олардың тиімділігін, сондықтан әрі қарай жұмыс істеуге дайын екендерін айтып, алғыстарын білдірді.

41.

Мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу салаларын (оның ішінде білім беру жүйесінің мектепке дейінгі, мектептік, арнайы орта және жоғары оқу орындары ұйымдарын  қамти отырып)  пайдалану мен  оның қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру және дәріптеу жөніндегі іс-шаралар

млн. тг

мем-лекеттік әлеумет-тік тап-сы-рыс шең-берінде өткі-зіле-тін іс-шаралар

ЖАО

260,3

165,8

158,0

ЖБ

-

Орындалды.

Мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің  қолданылу аясын кеңейтуді ынталандыру және дәріптеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Мерейтойлар тізбегінде - Ұлылар» атауымен М. Жұмабайұлы,                        М. Әлімбаев, С. Көбеев, О. Бөкей, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы шығармашылықтарына арналған танымдық сағаттар, поэзия кештері, пікірсайыстар, көрмелер ұйымдастырылды.

Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктант ұйымдастырылып, 132 мың адам қатысты.

Жамбыл облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, тіл арқылы ұлттық құндылықтарды көрсетуге бағытталған «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» бейнедәріс топтамасы, балалардың тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған «Bal-Balaqai tili» анимациялық, танымдық бейнедәрістер топтамасы, ресми іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жазуды, тыныс белгілерін орын тәртібімен қолдануды көрсетуге бағытталған «Қатемен жұмыс» атты анимациялық, сауатты жазуға, сөйлеуге арналған бейнедәрістер әзірленіп тиісті мекемелерге таратылды, әлеуметтік желілерге орналастырылды.

42.

Мемлекеттік тілде (оның ішінде, латын графикалы әліпби негізінде)  инновациялық  ІТ-жобаларды, тележобаларды және анимациялық фильмдерді әзірлеу және шығару

млн. тг

жобалар, бағ-дарлама-лар, фильмдер (анима-ция-лық)

МАМ

164,3

495,3

495,3

РБ

 

-

 

Орындалды.

Балаларға арналған отандық анимациялық контент санын арттыру мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудия» АҚ» жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жұмыс істейді.

2023 жылы 10 анимациялық жоба іске асырылды, оның ішінде түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға Ахмет Яссауидің балалық шағы туралы, ежелгі сақ дәуірінің патшайымы Зарина туралы, «Тұңғыш Көк түрік» жобасы, түркі халықтарының түп атасы атақты Ашинаға арналған, сондай-ақ қазақ даласында мекен еткен «Тұран» жолбарысы туралы қысқаметрлі фильмдер бар.

43.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған баспа өнімдерін шығару, сондай-ақ олардың электронды нұсқаларын tilalemi.kz, qazlatyn.kz порталдарына орналастыру

млн. тг

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

13,5

284,1

284,1

РБ

230

100

Орындалды.

Аталған тармақты іске асыру мақсатында «Туған тіл» альманағының  400 данасы (4 рет жарық көрді)  шығарылып,  шетелдердегі қазақ диаспоралары көп шоғырланған мәдени орталықтарға таратылды. Альманахтың әрбір нөмірі www.tilalemi.kz және www.qazlatyn.kz, oq.gov.kz, mtdi.kz сайттарына орналастырып, әрбір нөміріндегі жарық көрген маңызды материалдар www.instagram.com әлеуметтік желісінде жарияланды. 

Сонымен қатар мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған мақалалар топтамасы жинақталып, «Тіл және қоғам» альманағының 2023 жылғы №1 (57) және №2 (58) саны жарық көрді. Альманахқа тілтаным, лингвомәдениеттану, тұлғатану, аударматану, әдістеме, сөз өнеріне қатысты 29 мақала енгізілді. Альманахтың электронды нұсқасы www.tilalemi.kz сайтына орналастырды.

2023 жылы келесі ІТ-жобалар іске асырылды:

1. Қазақ тілінің заңдылығын тексеру үшін «Qazgramma» көпфункционалды бағдарламалық кешені;

2. «Tilalemi.kz», «Balatili.kz», «Emle.kz» сайттарын сапалы мазмұнмен қамтамасыз ету және мобильді қосымшалары;

3. Қазақ тіл білімі үшін ғылыми электрондық кітапхана;

4. Электрондық құжаттар қорын қалыптастыру;

5. Машиналық оқытуға негізделген тілдерді үйренуге арналған «Til-Qural» веб-қызметін жақсарту;

6. «Шет тілі терминдерінің қазақ сөзжасамдық, фономорфологиялық модель-дерінің автоматтандырылған жүйесі» жобасы;

7. «Қазақ сөзі» мобильді қосымшасы;

8. Қазақ тілін үйрететін бірегей инновациялық көрнекіліктер мен әдістемелік өнімдер базасы.

Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес көру қабілеті бұзылған адамдар қолданатын ноутбукке арналған қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасы (экранды диктор, Screen Reader) әзірленді.

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығы «Speech.kz» компаниясымен меморандумға отырып, жинақталған дыбыстық қор негізінде сөйлеу синтезін (Айсана) әзірлеуге дайындық (жоба 2024-2026 жылдары іске асырылады) жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте «Speech Lab» компаниясына 1 мың сағаттан асатын көлемдегі дыбыстық қор ұсынылды.

Сонымен қатар Орталық Azure Text-To-Speech-пен интеграциялау арқылы қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын бірегей Telegram-бот әзірлеп, іске қосты.

Microsoft Azure интеграциясы арқылы Telegram-бот қазақ тілінде жазылған мәтінді жоғары деңгейде дыбысқа айналдыра алады. Бұл қазақ тіліндегі кітаптарды, жаңалықтар мен мақалаларды, оқу материалдарын және басқа да мәтіндерді әртүрлі жағдайда пайдалануға мүмкіндік туғызады. Ботты Телеграмм каналында @kztts_bot атауы арқылы табуға болады. Бот мәтінді жылдам әрі сапалы түрлендіріп, пайдаланушыға аудиофайлды кез-келген уақытта тыңдай алатындай етіп қайта жолдайды.

«Абай институты» жобасы аясында Тіл саясаты комитеті және «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының Түркияға іссапары ұйымдастырылды. Іссапар барысында «Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап оқулығы» А1 қарапайым, А2 базалық деңгейлерінің түрік тіліндегі нұсқасы таратылды.

44.

Қазақ тілін оқыту бойынша үздік әдістемелерді айқындау, сынақтан өткізу, тарату

45.

Бизнес-ортада қазақ тілінің латын графикалы әліпбиінің қолданылу деңгейін арттыру бөлігінде қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау

 

 

 

ин-те-рьер ди-зай-ны заттарын, кең-се заттарын, киім, аксе-ссуарларды және т.б. жасауда мем-лекеттік тілді пай-дала-ну

«Атамекен» ҰКП (келісу бойын-ша)

-

-

-

-

-

Ішінара орындалды.

Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен өңір әкімдіктерінің тілдерді дамыту мәселесіне жауап беретін құрылымдық бөлімшелері мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында көрнекі ақпарат саласындағы өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандумдар шеңберінде қалалар мен аудандарда ай сайын кәсіпкерлермен тіл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы тарапынан 2023 жылғы 28 қыркүйекте бизнес субъектілерінің кең аудиториясына деректер және көрнекі ақпарат тілі тақырыбында кездесу өткізілді.

Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту  басқармасымен бірлесіп, Кәсіпкерлер палатасының алаңында көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бойынша консультативтік-түсіндіру жұмыстарымен қатар әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирлер өткізілді.

Меморандумды іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жалпы қамтылуы 480-нен астам бизнес субъектіні құрады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Қызмет көрсету және қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілері үшін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарды түсіндіру бойынша 4 іс-шара (кеңестер, дөңгелек үстелдер) өткізді.

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалымен өзара ынтымақтастық жөнінде жасалған меморандум аясында салалық кеңестердің 4 отырысын өткізді.

Бизнес өкілдерінің қатысуымен тіл мәселелері туралы заңнаманы сақтау туралы семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облысының білім басқармасымен бірлесіп, Ақтау қаласының супермаркеттерінің өкілдеріне қазақ тілінде фискалдық чектер беруге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының және полиграфиялық қызметтер өкілдерінің қатысуымен 2 кездесу өткізіп, мемлекеттік тілде маңдайшаларды дұрыс ресімдеу бойынша бизнес субъектілеріне қойылатын талаптар түсіндірілді.

Ұлытау облысында көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамаларды  заңнама талаптарына сәйкес ресімдеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қатар  «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» атты облыстық айлық өткізілді

 

Міндет: 2.5.  Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Қазақстанда өткізілетін,  сондай-ақ  шет елдерде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі

%

ҒЖБМ-ге ақпарат

СІМ

50

52

52

-

-

Орындалды.

Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шет елдерде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастыратын халықаралық шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі жыл сайын артуда.

 

Іс-шаралар

46.

Мемлекеттік тілдің халықаралық қызметте қолданылуын қамтамасыз ету

 

келі-сім-дер, халықаралық шарттар, кездесу-лер, келіссөз-дер

СІМ,

мүдделі МО, ЖАО, ҰК

 

талап етілмейді

Орындалды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚР шетелдік мекемелер ұйымдастыратын іс-шаралар мен кездесулер, бұқаралық, мәдени- спорттық және өзге де қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тіл кеңінен қолданылды.

2023 жылғы 15 ақпанда Армения Ұлттық кітапханасында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында армян сарапшылары мәдени-гуманитарлық және ғылыми-академиялық салалардағы өзара ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда Арменияның және Арменияда Қазақстанның мәдениет күндерін, Ереванда қазақ театры күнін өткізу және т.б. мәселелер бойынша пікір алмасты.

26    сәуірде Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Қазақстанның Мароккодағы елшілігінде достық сипаттағы қабылдау өткізілді. Іс-шараны Марокко Королі Мұхаммед VI патронажындағы Мүмкіндіктері шектеулі жастарды өмірге бейімдеу және жұмыспен қамтамасыздандыру орталығының жастарымен бірлесе ұйымдастырылды. Елші өз сөзін мемлекеттік тілде жеткізіп, қонақтарға еліміздің ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты нығайтудағы жұмысы таныстырылды.

24    мамырда Канададағы қазақ диаспорасымен байланысты қолдау және нығайту жөніндегі іс-шаралар сериясы аясында Елшілік «Қазақтар» КВН командасының тур-концертін өткізді. Бұл тур Канаданың жеті ірі қаласын қамтыды: Торонто, Оттава, Монреаль, Виннипег, Ванкувер, Эдмонтон және Калгари. Аталған бастама мәдени байланыстарды нығайтуға, отандастарды біріктіруге және Канададағы қазақ мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған.

17-21 тамыз аралығында Гонконгтың көрме орталығында жыл сайынғы «Food Expo 2023» халықаралық көрмесі өтті. Бас консулдықтың қолдауымен көрмеде «Delice» «Сұлтан», «MPS», «Аралтұз», «Нала Хатуо Руйе» «Freighters Logistic LTD» және т.б. отандық азық-түлік өнімдерін өндірушілердің тауарлары Ұлттық стендте көрсетілді.

2-3 желтоқсанда Тегеран қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің қатысуымен ҚР мен ИИР арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысы қазақ тілінде өтті. Отырыста жасалған баяндамалар қазақ тілінен парсы тіліне және керісінше парсы тілінен қазақ тіліне синхронды түрде аударылды. Оған қоса, отырыс Хаттамасы тек қазақ, парсы тілдерінде әзірленді және осы құжатқа қол қойылды.

12 желтоқсанда Британияда «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігінің алғашқы басылымының тұсаукесері өтті. Осы сөздіктің негізінде қазақ тілі «Oxford Global Languages» платформасына енгізіліп, жаһандық лингвистикалық қоғамдастықтың бір бөлігіне айналмақ. Жоба қазақ тілін жаһандық лингвистикалық қоғамдастыққа интеграциялау үшін базалық инфрақұрылымды нығайтады, миллиондаған қазақстандықтардың ағылшын тіліндегі мәдениет, ақпараттық технологиялар, медицина, экономика, қаржы туралы үздік әлемдік еңбектер мен ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

47.

Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін оқыту және ілгерілету үшін «Абай институты» ашық білім беру-танымдық жобасын іске қосу

 

 

млн. тг

 

 

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

37,6

22,7

22,7

РБ

 

230

100

Орындалды.

«Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жетілдіру аясында қазақ тілін оқытуды  офлайн/онлайн жүргізу үшін «Отандастар қоры» КеАҚ-пен келісімшарт жасалды.

«Абай институты» бағдарламасы аясында қазақ тілі курсы Омбы, Варшава, Ұланбатыр, Горган, Ыстамбұл, Анталья, Париж, Вена, Глендейл  қалаларында офлайн жүргізіліп, 152 тіл үйренуші қатысты.

2023 жылғы 28, 29, 31 тамызда «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» тақырыбында жыл сайынғы біліктілік арттыру онлайн курсы өткізілді.

Түркияда «TÜRKTAV» қорымен меморандум жасалды. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалымен меморандумға қол қойылып, Ресей Федерациясына жіберілді, Хаджетепе университетінің «TÖMER» деңгейлері бойынша контент, аудио, бейнематериалдар, суреттер әзірленіп, жүктелді.

Жобаны насихаттау бойынша француз және түрік тілдерінде жарнамалық бейнероликтер әзірленді, таргет жарнама жіберілді.

48.

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету

млн. тг

ҒЖБМ -ге ақпарат

МАМ

ҒЖБМСІМ, ЖАО, ДҚҚ, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ (келісу бойын-ша)

39,1

 

71,1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

71,1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖБ

 

-

 

Орындалды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктері шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйрену үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету және шетел университеттері мен орталықтарында қазақ тілін оқытатын курстарға, факультеттер мен кабинеттерге әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету бойынша жұмыстарды жүйелі түрде атқаруда.

Шет елдерде шоғырланған барша қазақ диаспора өкілдерінің ана тілін жетік үйренуіне қолдау көрсету мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақ тілі» әмбебап оқулығымен және Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық  ғылыми-практикалық орталығы жанындағы «Абай институты» (https://abai. institute) қазақ тілін үйрету және ілгерілетудің онлайн платформасымен таныстырды. 

ҚР шетелдік мекемелер «Отандастар қоры» КеАҚ-тан мемлекеттік тіліміздің қолданысын кеңейту мақсатында түрлі әдеби-шығармашылық бағыттағы онлайн форматтағы сайыстар бойынша келіп түскен ақпараттарды болу елінде тұрып жатқан немесе білім алып жүрген отандастарымызға дер кезінде хабарлап, аталған іс-шараның өтетіні туралы алдын ала ақпаратты ҚР шетелдік мекемелердің веб-сайттарына және әлеуметтік желілеріне орналастырады. 

Бұған қоса, ҚР шетелдік мекемелердің ресми веб сайттарында (https:// www.gov.kz/ memleket/ entities/mfa-vilnius?lang=kk) диаспора өкілдеріне арналған қазақ тілін тегін үйрену курстарына сілтеме орналастырылды.

АҚШ астанасы Вашингтонда апта сайын Елшілік ғимаратында жергілікті диаспора мен Елшілік қызметкерлерінің балаларына арналған қазақ тілі үйірмесі мен домбыра үйрету сабақтары өткізілді.

АҚШ қалаларындағы қазақ диаспораларына «Отандастар қоры» КеАҚ және демеушілердің қолдауымен жиналған қазақ әдеби шығармалары мен қазақ тілі оқулықтары жеткізілді.

Аустрияда 29 қарашада қазақ диаспорасы мүшелерінің, қазақстандық студенттердің, отандастардың және Вена қаласындағы «Edustream» тіл мектебі қызметкерлерінің қатысуымен Елшілік ғимаратында «Алаш» қайраткерлеріне арналған шығармашылық кеш өткізілді.

5 қыркүйекте қазақ диаспорасы өкілдерінің және отандастарымыздың қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дөңгелек үстел, өзге де іс-шаралар өтті.

Болгария астанасы Софияда қазақ диаспорасы өкілдері мен отандастарымыздың қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Болгарияда қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай Иранның Гүлстан провинциясында тұратын қандастарымыздың қатысуымен Горган қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығында дөңгелек үстел өткізілді.

Латвияның Елгава қаласындағы «Сәуле» қазақстандық мәдени орталығында қазақ тілін үйренем деушілерге 2023 жылдан бастап қазақ тілін оқыту үйірмесі онлайн форматта ашылды.

Сингапурдағы қазақ диаспорасының өкілдеріне қазақ тілін үйренуде әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында Сингапурдағы ҚР азаматтары мен диаспора өкілдеріне Елшіліктің жанында ашылған Абай орталығында жүйелі түрде насихаттау іс-шаралары ұйымдастырды.

Бұдан басқа, мемлекеттік тілдің дамуын ілгерілету мақсатында Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңесінің төрағасы                                       С. Маренов Елшіліктің қолдауымен келесі жылы Сингапурда қазақ тілін үйрету бойынша оқу курстарын ашуды жоспарлауда.

Түркияның төрт ірі қаласында қазақ диаспорасы тарапынан құрылған ұлттық-мәдени орталықтар қызмет етеді: «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамы, «Дүниежүзі қазақтарының даму қоры», «Қазақ түріктері қоры», «КАТЕАД», «Қазақкент Алтай қоғамы» және «Х.А. Яссауи қоры». Қазақстан Үкіметінің квотасы аясында еліміздегі  жоғары оқу орындарына оқуға түсу емтихандарын тапсыру тәртібі және «Қандас» бағдарламасымен ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп тұрды.

Финляндияда тұратын қандастар «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастырған онлайн форматта өтетін қазақ тілі курстарына қатысты. Елшілік осы мәдени орталықпен бірлесіп, қазақ мәдениетін қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізді.

Бұдан басқа, осы бағытта Елшілік қазақ халқының тілін, дәстүр мен мәдениетін сақтау, сондай-ақ маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу мақсатында қазақ диаспорасының өкілдерімен және студенттермен жүйелі түрде кездесті.

Қандастарымыздың тілдік қажеттіліктерін іске асыруға бағытталған іс-шаралар барысында Қазақстан туралы кітаптар, ақпараттық материалдар мен қазақ тілін оқуға арналған оқу-әдістемелік құралдар таратылып, жалпы әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілді.

49

Шетелдік университеттер мен орталықтарға, факультеттерге, сондай-ақ қазақ тілін оқыту кабинеттеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету

 

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ,

СІМ,

 

талап етілмейді

Орындалды.

Болгарияның Әулие Климент Охридски атындағы София университетінде Қазақ тілі мен мәдениетін зерделеу орталығы 2014 жылдан бері ресми түрде жұмыс істейді. София техникалық университетінде «Абай» мәдени және танымдық орталығы ашылды. Қазақ тілі мен мәдениетін зерделеу орталығында профессор Баян Райханова тұрақты түрде шетелдік студенттерге қазақ тілін оқытуды, сондай-ақ Елшілік осы Орталықты қазақ-болгар тілашарымен, болгар тіліне аударылған қазақ әдеби кітаптармен және т.б. материалдармен қамтамасыз етуде.

АҚШ-та наурыз айында Елшілік «Тұран» мемлекеттік этно-фольклорлық ансамблінің Вашингтонға сапары аясында Джордж Вашингтон университетінің студенттеріне қазақ мәдениетімен таныстыру мақсатында концерт-дәрісі өткізілді.

АҚШ-тағы «Абай» орталығының виртуалды негіздегі қызметіне қосымша ретінде Джордж Вашингтон университетінде ашылған кабинет қазақ тіліндегі көркем әдебиеттер, кәдесый және постерлермен толықтырылды.

Аустриядағы қазақ диаспорасының өкілдері мен  отандастар арасында қазақ тілін үйрену, дамыту және насихаттау мақсатында 2023 жылғы 3 наурызда Вена қаласында  «Edustream» тіл мектебі жанындағы қазақ тілі курстарының ресми ашылуы рәсімі өтті.

Британияның «Oxford» университетінде қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуын назарға ала отырып, 21 қыркүйекте Қазақстан Елшісі Wolfson колледжінің «Central Asia initiative» Орталық директоры                                         Л. Наджафзадамен кездесті, онда тіл курсын ашу мәселелері талқыланды.

Осыған байланысты, «Central Asia Initiative» орталығына А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен кооперация орнатуға жәрдем көрсетілдi.

7 желтоқсанда Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Гумбольдт атындағы Берлин университетімен бірлесіп Оныншы Студенттер форумын өткізді. Студенттік форум алғаш рет Германия серіктестерінің, неміс ғалымдары мен студенттерінің тікелей қатысуымен өтті. «Байланыс құру» тақырыбымен өткен іс-шара негізінен қазақстандық және неміс студенттері арасында байланыс орнатуға бағытталды.

24 мамырда Латвияның жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесу өтті.

Латвияның Елгава қаласында орналасқан  «Сәуле» қазақстандық мәдени орталығында Латвия аумағында тұратын қазақ диаспора өкілдеріне, болу елінің жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттерге, Латвияның азаматтарына, ғылыми-мәдени топтардың және БАҚ өкілдеріне еліміздің туристік маңызы бар көрікті жерлерін дәріптеу мақсатында «Менің шуақты Қазақстаным» атты фотокөрме ұйымдастырылды

29 қарашада Елшілікте Латвияның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің қатысуымен Алашорда қайраткерлеріне арналған әдеби кеш өтті.

3 ақпанда Ереван мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнының басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен,         сондай-ақ Армения БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Қатысушылар мәдени-гуманитарлық, ғылыми-ағартушылық, академиялық серіктестіктің флагманы ретінде танылатын Ереван мемлекеттік университетін ерекше атап, ЕМУ әкімшілігінің, профессорлық-оқытушы құрамының және басшылықтың қазақ тарихын, мәдениеті мен тілін зерттеуге қосып жүрген үлестерін жоғары бағалады. Іс-шара аясында 2023 жылғы Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығы, Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және Мұрат Әуезовтің 80 жылдығы туралы атап өтілді.

Мажарстанда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орайластырып Лакителек Халықтық университетінде ұйымдастырылған мажар студенттеріне арналған «Қазақ тілі» сыныбының ашық сабағы өтті.

Лакителек университетінде қазақ тілінің жазғы курстары 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2023 жылы Абай орталығы мен қазақ диаспорасының жетекшісі Оңғайша Мандокидің және Айдана Смағұлдың ұстаздығымен қазақ тілінің курсына 13 мажар оқушысы қатысты. Олар, қазақ тілі арқылы ұлтымыздың мәдениетімен, салт-дәстүрімен  жақын танысуға мүмкіндік алды.

14 маусымда Гонконг сараптамалық қоғамдастығы мен университеттері өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы цифрландыру мен жаңа технологияларды дамытуға арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қатысушылар Қазақстанның «IT» индустриясын қолдау мен дамытуға бағытталған шаралар туралы, оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жанындағы «Tech Hub» және IT-сартаптарының халықаралық «Astana Hub» технопаркінің қызметі туралы таныстырылды.

Мемлекеттік тіл кеңінен қолданылып, қазақ тілін үйрену, қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді.

 

3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту

 

Нысаналы индикатор:

 

Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген  халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ ЖАО

26

29

29

-

-

Орындалды.

«EcoVid» ЖК жүргізген Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген  халықтың үлесі 29 %-ті құрады.

 

Міндет: 3.1. Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы

 

Орыс тілін меңгерген халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ ЖАО

90

90,6

90,6

-

-

Орындалды.

«EcoVid» ЖК жүргізген Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес орыс тілін меңгерген халықтың үлесі 90,6 %-ті құрады.

 

Міндет: 3.2. Этностық топтардың тілдерін дамыту

 

Қазақ және ана тілдерін оқыту бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ ЖАО

30

36

36

-

-

Орындалды.

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқып-үйрену бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі 2023 жылы 36 %-ке жетті (Астана қ. – 43 %, Алматы қ. – 34 % Шымкент қ. – 53 %, Ақмола – 35 %, Алматы– 36 %, Ақтөбе – 31 %, Атырау – 33 %, БҚО – 32 %, Жамбыл – 42 %, Қарағанды – 31 %, Қызылорда – 63 %, Қостанай – 35 %, Маңғыстау – 35 %, Павлодар – 38 %, СҚО – 32 %,  Түркістан – 36 %, ШҚО – 32 %, Абай – 34 %, Жетісу – 42 %, Ұлытау облысы - 41%).

50.

Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу

млн. тг

 

кон-курстар, фе-сти-вальдер, семинар-лар, тре-нингтер, ак-ция-лар

 

ЖОО

240,5

41,7

40,4

ЖБ

-

Орындалды.

Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, Алматы қаласында «Ұлт ұстазының ұлықталуы» тақырыбында дөңгелек үстел,   «Заманның заңғар тұлғасы» атты жалпыхалықтық диктант, этнос өкілдері арасында «Менің таңдауым – қазақ тілі!» атты челлендж, «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция,  «Ана тілім - ардағым!»,  «Тіл - достық дәнекері», «Мемлекеттік тіл - менің тілім», «Ана тілімізді ардақтайық!» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қызылорда облысында Славян жазуы мен мәдениеті күні, татар этномәдени бірлестігінің ұлттық мерекесі «Сабантой», жоғары және арнаулы оқу орындарының жастарының қатысуымен «Тіл-қазына» атты TedX форматында кездесу, «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты интеллектуалды сайыс, «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өткізілді.              

Батыс Қазақстан облысында орыс тілін меңгерген қазақ жастарын анықтау және қолдау, тіл мәдениетін арттыру мақсатында «Ой-сана» байқауы, көркемсөз оқу шеберлерінің Абай оқулары, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» және   т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.

51.

Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар өткізу

52.

Мемлекеттік тілді және этностардың тілдерін және оқыту курстарын ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсету

млн.тг

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ

23,1

12,4

12,4

РБ

230

100

Орындалды.

Тілдерді еркін меңгеруіне жағдай жасау мақсатында ұлттық-мәдени орталықтардың жексенбілік мектептері арқылы мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының ана тілдерін дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету аясында бейнесабақтар, жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұратын қазақ, әзербайжан, дүнген, корей, неміс, украин, түрік, ұйғыр тілдерінде этнос өкілдеріне арналған бейнекурс әзірленіп, «Tilalemi.kz» сайтына жүктелді.

Мемлекеттік тіл және этнос тілдері бойынша академиялық сағаттар толық қамтылды. Қазақ тілі бойынша 225,3 минут және этнос тілдері бойынша 1577,1 минут (әрқайсысы 225,3 минуттан: дүнген, ұйғыр, неміс, украин, әзербайжан, корей, түрік тілдері) қамтылды. Барлығы 1802,4 минут.

Бүгінгі таңда платформаға бір уақытта 5000 адамның кіру мүмкіндігі бар. Бейнекурстан өту 4 кезеңнен құралады: 1) тіркелу; 2) курс бойынша барлық бейнелерді қарау; 3) тестілеуден өту; 4) сертификат алу.

Әр бейнесабаққа қосымша ретінде мемлекеттік тілде жаттығулар, тақырыпқа сай PDF форматында жүктеп алуға болатын сөздіктер мен өзге де ақпаратты қамтыған құжаттар әзірленді. Жаттығулар әрбір бейнесабақ бойынша 3 (үш) бағыттан тұрады: 1) Терминология; 2) Сөз тіркестері; 3) Диалогтар. Әр сабақ бойынша жаттығулар 20 сұрақтан құралған.

53.

Мемлекеттік тілді және этностардың ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, сөздіктер мен үлгілік бағдарламаларды әзірлеу, басып шығару және тарату

млн. тг

оқу-әдіс-те

ме-лік, ғылыми- анықтамалық, пуб-лиц-стикалық әде-биеттер, сөз-дік-тер

ҒЖБМ,

 

 

 

ЖАО

 

21,0

35,3

 

 

 

12,5

 

 

35,3

 

 

 

11,5

 

 

 РБ

 

 

 

ЖБ

-

 

 

 

-

Орындалды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, Қазақстанның этнос өкілдерінің тілдік капиталын дамыту, шетелдегі отандастарды әдістемелік қолдау мақсатында «Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, шығару және  тарату» мемлекеттік тапсырмасы аясында 6 өнім әзірленді:

1. «Қазақ тілін кинофильмдер арқылы оқытуға арналған жаттығулар» - мектеп, ЖОО, тіл орталықтарында мемлекеттік тілді оқытуға арналған әдістемелік құрал. Жаттығулар жинағында қазақ халқының бірнеше ғасырлық тарихы бейнеленген фильмдер, телехикаялар жинақталып, тілді көркем фильмдер арқылы үйретеді. Осы жаттығуларды орындай отырып тіл үйренуші әсіресе тыңдалым, айтылым дағдыларын жетілдіреді.

2. «Жетісу жеріне саяхат» (орта В1 деңгейіне арналған оқу құралы) құралының негізгі мақсаты – Жетісу жерінің көрнекті жерлері туралы нақты тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу дағдыларын, лексикалық қорын жетілдіру, грамматикалық білімін тереңдету.   

3. «Мажар тілділерге арналған қазақ тілі оқулығы». Мажарстанда қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға арналған  түрлі ұйымдар, орталықтар мен тіл курстары бар. Осы елдің азаматтары мен қазақ диспорасына арналған «Мажар тілділерге арналған қазақ тілі оқулығы» қазақ және мажар тілдерінің фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктерін салғастыра талдай отырып, қазақ тілін үйренушілердің тілдік дағдыларын дамытады.

4. Қазақ тілі қарапайым деңгей (А1) (түрік тілді аудиторияға арналған оқу құралы). Түркиядағы 30-дан астам университеттер мен мәдени орталықтарда қазақ тілі арнайы пән немесе курс ретінде оқытылады. Алайда, қазақ тілін оқытуда бірізділік сақталмаған және оқулықтар жетіспейді. Осы мәселені шешу мақсатында Тіл-Қазына» ҰҒПО ғалымдары мен Түркиядағы қазақ-түрік ғалымдары түрік тілді аудиторияға арналған қазақ тілі (А1) оқу құралын бірлесіп жазды.

5. Авторлық бағдарлама «Современные методы обучения русскому языку как иностранному для слушателей». Оқу құралы орыс тілін «нөлден» оқитын азаматтарға арналған және ана тіліне сүйене отырып оқытуды көздейтін оқу-әдістемелік кешендерді құру үшін негіз болып табылады

6. «Қазақ тілі»  (дін саласы қызметкерлеріне қазақ тілін үйренуге арналған). Оқу құралының әр бөлімі негізгі лексикалық тақырып бойынша жеңілден күрделіге ұласады. Оқушы жаңа лексикалық қормен таныса отырып, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.

54.

Тілдік капиталды дамытуды, соның ішінде азаматтардың үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын)  өз бетінше меңгеруін қамтамасыз ететін әдістемелік құралды, мультимедиялық құралдарды, сөздіктер мен т.б. әзірлеу және енгізу

55.

Тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтарда тілдерді (қазақ-ағылшын, қазақ-орыс және т.б) оқыту курстарын кеңейту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

млн. тг

ҒЖБМ-ге ақпарат

ЖАО

144,7

588,0

587,0

ЖБ

-

Орындалды.

2023 жылғы жағдай бойынша республика аумағында 114 тіл оқыту орталығы жұмыс жасайды (2022 жылы - 111).

Тілдерді оқыту орталықтарында азаматтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдері тегін оқытылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақ тілі курсынан өткендер:

- өңірлерде – 42 775 адам (Астана қ. - 1500, Ақтөбе - 1680, Ақмола – 3023, Атырау – 570, Абай – 1300, Алматы – 2338, Алматы қ. – 1221, БҚО – 870, Маңғыстау – 100, Павлодар – 2558, СҚО – 3350, Ұлытау – 242, ШҚО – 1213, Түркістан – 3946, Қызылорда – 1050, Қарағанды – 3466, Қостанай – 6590, Жетісу – 2752, Жамбыл – 4184, Шымкент - 822).

- Этномәдени бірлестіктерде – 5754 адам (Ақтөбе – 74, Жамбыл – 3666, Маңғыстау – 150, Түркістан – 1126, Шымкент – 100, ШҚО - 638).

Қазақ тілі курсынан өткендердің жалпы саны – 52 507 адам.

2023 жылдың қорытындысы бойынша орыс тілі курсынан өткендер:

- өңірлерде – 3742 адам (Атырау – 30, Абай – 130, Алматы – 104, , ШҚО – 22, Түркістан – 2566, Қызылорда – 425, Қарағанды – 54, Қостанай – 15, Жетісу – 26, Жамбыл – 231, Шымкент - 139).

Орыс тілі курсынан өткендердің жалпы саны – 3867 адам.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ағылшын тілі курсынан өткендер:

- өңірлерде – 11 566 адам (Астана қ. - 110, Ақтөбе - 320, Ақмола – 529, Атырау – 300, Абай – 446, Алматы – 727,  БҚО – 900, Павлодар – 203, СҚО – 260, Ұлытау – 158, ШҚО – 298, Түркістан – 3404, Қызылорда – 533, Қарағанды – 1690, Қостанай – 728, Жетісу – 675, Жамбыл – 581, Шымкент - 431).

Алматы қаласы және Маңғыстау облысында ағылшын тілі  оқытылмады.

Ағылшын тілі курсынан өткендердің жалпы саны – 12 193 адам.

 

Міндет:  3.3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру

 

Нәтижелер көрсеткіші:

 

Ағылшын тілін меңгерген  халықтың үлесі

%

ҰЭМ-ге ақпарат

ҒЖБМ ЖАО

27,5

29

29

-

-

Орындалды.

«EcoVid» ЖК жүргізген Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі 90,6 %-ті құрады.

56.

Қазақ тіліне аударылған әлемдік классиктердің әдеби шығармаларын және ағылшын тіліне аударылған қазақ классиктерінің   шығармаларын басып шығару, сондай-ақ олардың онлайн режимде қолжетімділігін қамтамасыз ету

млн.тг

ҰЭМ-ге ақпарат

МАМ

-

0

0

РБ

-

Орындалмады.

Қаржы бөлінбеуіне байланысты бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілмеген.

57.

Ілеспе аударманы оқыту (қазақ-орыс/орыс-қазақ, ағылшын-қазақ/қазақ-ағылшын) жұмыстарын ұйымдастыру

млн. тг

семинар-тренинг-тер

ҒЖБМ, мүдделі МО

16,3

0

0

РБ

-

Орындалмады.

Қаржы бөлінбеуіне байланысты бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілмеген.

 

Республикалық бюджет

1 268,4

1268,4

 

 

 

 

Жергілікті бюджет

1 637,1

1 610,9

 

 

 

 

ЖАЛПЫ

2 905,6

2 879,4

 

 

 

                       

 

Ескертпе: Жоспардың реттік саны Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының реттік санына сәйкес келеді.

 

  1. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау

Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы

Өзара іс-қимылды талдау

1

2

3

2023 жыл бойынша жағдай

Нәтижелер көрсеткіші:

Латын графикалы әліпби негізінде басып шығарылған сөздіктер, анықтамалықтар мен қолжазбалардың саны (өсу қорытындысымен)

ЖАО

Орындалмады.

Әліпби бекітілген жоқ. Соған сәйкес латын графикалы әліпби негізіндегі сөздіктер, анықтамалықтар мен қолжазбалар басып шағырылған жоқ.

Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар латын графикасына негізделген әліпби және емле ережесі жобалары тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілгеннен кейін қайта қаралатын болады.

Нәтижелер көрсеткіші:

Ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарының сақталу үлесі

МАМ

ЖАО

Орындалды (15 %).

Ономастикалық атауларды ретке келтіруде ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі 2023 жылы 15%-ті құрады. Жалпы 2023 жыл бойынша 448 009 тұрғындардың 67 904-ы қатысып, оның 67 192 қолдау көрсетті.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген, Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары негізінде жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде халықтың пікірін ескеру кезінде толтырылған хаттама негізінде қанағаттандырылды.

Нысаналы индикатор:

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі

ЖАО

Орындалды (81 %).

Аталған индикаторға қол жеткізу мақсатында тілдерді дамыту саласындағы өңірлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, қазақ тілін үйренуге мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім беру деңгейлері бойынша тегін курстар ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешені өткізілді. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының оқыту орталықтарында мемлекеттік тілді оқыту бойынша клубтар, курстар, онлайн-сабақтар, семинарлар мен дәріс сабақтары ұйымдастырылды. Республика бойынша оқытылғандар саны - 52 507 адам.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулерді өткізу арқылы мониторингтік режімде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының 18 жас және одан жоғары жастағы 4000 адам қатысты.

Нәтижелер көрсеткіші:

Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатын халықтың үлесі

ЖАО

Орындалды (48,7 %).

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулер шеңберінде 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда мониторингтік режімде сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша халықтың 49,7 %-і мемлекеттік тілді кеңінен қолданатыны, яғни қазақ тілінде еркін сөйлейтіні, оқитыны және жазатыны анықталды. Өңірлер бөлінісінде мемлекеттік тілді жақсы меңгерген респонденттер Түркістан (70,5 %), Қызылорда (62,8 %), Маңғыстау (62,7 %), Ұлытау (59,0 %) облыстары мен Шымкент қаласында (66,2 %) тұрады.

Нәтижелер көрсеткіші:

Мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту  дәрежесі

мүдделі МО, ЖАО, ҰК

  Орындалды (76,5 %).

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың тілдерді дамыту саласына жауапты құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, көрнекі ақпараттардың орфографиялық нормаға сәйкес сәйкестігін зерделеу бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Атамекен» ҰКП-ның және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жергілікті жерлердегі филиалдарын, басқа да үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігіндегі тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмысы жүргізілді.  

Әкімдіктердің тілдерді дамыту саласына жауапты құрылымдық бөлімшелері мен «Атамекен» ҰКП-ның өңірлік филиалдары арасында көрнекі аөпарат саласы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Көрнекі ақпарат саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысатын  азаматтарды қолдау және ықпал ету мақсатында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты өңірлік және республикалық конкурстар ұйымдастырылды.

Нысаналы индикатор:

Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген  халықтың үлесі

ЖАО

Орындалды (29 %).

Аталған индикаторға қол жеткізу мақсатында тілдерді дамыту саласындағы өңірлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, азаматтардың тіл мәдениетін және тілдік капиталын арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда үш тілді меңгерген (қазақ, орыс және ағылшын) мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері», түрлі этностар арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауларының, А. Байтұрсынұлы атындағы оқытушылар байқауының, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының облыстық және қалалық кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар өткізілді.

Тілдік кемсітушілікке жол бермеу, болдырмау және оның алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мақсатында Қонаев, Өскемен қалаларында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумы, Тараз қаласында «Тіл – татулық тірегі» республикалық дөңгелек үстелі, Орал қаласында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі», Павлодар қаласында «Мемлекеттік тіл саясаты: жастар және қоғам» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулерді өткізу арқылы мониторингтік режімде үш тілді (қазақ, орыс, және ағылшын) меңгеру деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының 18 жас және одан жоғары жастағы 4000 адам қатысты.

Нәтижелер көрсеткіші:

Орыс тілін меңгерген халықтың үлесі

ЖАО

Орындалды (90,6 %).

Славян жазбалары күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстел отырыстарын өткізу барысында өңірлерде түрлі форматтағы іс-шаралар мен жобалар ұйымдастырылды: славян жазбалары мен мәдениеті күндері, орыс тілі білгірлерінің байқауы, этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен ашық есік күндері, Қазақстан халқы тілдері күндеріне арналған фестивальдар және т.б.

Өңірлерде оқыту орталықтарының жанынан орыс тілі курстары ұйымдастырылды. Республика бойынша оқығандар саны – 3 867 адам.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулерді өткізу арқылы мониторингтік режімде орыс тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының 18 жас және одан жоғары жастағы 4000 адам қатысты. Орыс тілін жақсы білетін халықтың жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстан облысы (73,0 %) тұрғындары арасында байқалды. Жетісу облысының тұрғындары  (85,6 %) өз этносының тілін еркін меңгерген.

Нәтижелер көрсеткіші:

Қазақ және ана тілдерін оқыту бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі

ЖАО

Орындалды (36 %).

Тілдердің еркін меңгеруіне жағдай жасау, ұлттық-мәдени орталықтардың жексенбілік мектептері арқылы мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының ана тілдерін дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында өңірлерінде оқу-әдістемелік, мультимедиалық құралдардың, түрлі қызмет салаларына арналған тілдескіштердің, қазақ тілі мен ана тілдерін үйрету бойынша оқу құралдарының жинақтары мен модульдерінің шығарылымы ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тапсырма аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан бейнесабақтар, жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұратын қазақ, әзербайжан, дүнген, корей, неміс, украин, түрік, ұйғыр тілдерінде этнос өкілдеріне арналған бейнекурс әзірленіп, «Tilalemi.kz» сайтына жүктелді.

Нәтижелер көрсеткіші:

Ағылшын тілін меңгерген  халықтың үлесі

ЖАО

Орындалды (29 %).

Аталған көрсеткішке қол жеткізу мақсатында тілдерді дамыту саласына жауапты құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, ағылшын тілін оқыту бойынша курстар ұйымдастырылды. Облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының оқыту орталықтарында халықтың түрлі санаттарына арналған ағылшын тілі курстары ұйымдастырылды. Республика бойынша оқығандардың саны - 12 193 адам.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулерді өткізу арқылы мониторингтік режімде ағылшын тілінің меңгеру деңгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының 18 жас және одан жоғары жастағы 4000 адам қатысты.

Мониторингтік талдау нәтижесі бойынша ағылшын тілін еркін меңгерген халық Абай (13,0 %), Батыс Қазақстан (10,4 %) облыстарында тұрады.

 

  1. Сыртқы әсерді талдау

 

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға / нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері

Қабылданған шаралар

1

2

«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің үлесінің, Ұлттық стандарт негізінде «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді С1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік  қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлері үлесінің төмен болуына басты себеп, 2017 жылы қолданысқа енгізілген қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттарының іс жүзінде басшылыққа алынбауы.

Стандартта мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруі талап етілетін кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі ұсынылған. Алайда аталған Тізбедегі лауазым, кәсіп иелеріне тест тапсыру міндеттелмеген. Сондай-ақ, бекітілген стандартқа сәйкес С1 деңгейін саяси қызметшілер мен басшылық лауазымдағы қызметшілер тапсыруы тиіс. Бүгінгі күнге дейін аталған азаматтар тестілеуге қатысқан жоқ.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары қолданысқа енгізілді. Ұлттық стандарт мазмұны тіл үйренушінің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін және оның коммуникативтік-тілдік құзыреттілігінің қандай дәрежеде қалыптасқандығын анықтау мен бағалауға толық мүмкіндік береді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан Ұлттық стандарттың қолданысқа енгізілгендігі хабарланып, барлық мемлекеттік органдарға таратылды.

Қазіргі уақытта «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша  тестілеу:

- «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервіне үміткерлері (шекті балл болмаса да);

- «Болашақ» халықаралық стипендиясы үміткерлері;

- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері;

- Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің академиясына үміткерлері үшін міндеттелген тест болып отыр.

Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиі бекітілген жоқ. Мемлекет басшысының латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру, қазақ тілінің латын графикасына көшуіне жан-жақты, терең талдау жасау (2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтайдың І отырысындағы), жаңа орфографиялық сөздіктегі сөздердің жазылуын қайта қарау (2022 жылғы 15 тамыздағы №22-32-29.295), қазақ тілін реформалау жөніндегі жұмысты жалғастырып, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу (Ғылым және технологиялар ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысы хаттамасының 5.1-тармағы) туралы тапсырмаларына сәйкес бұл бағыттағы  тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

 

  2023 жылғы 6, 22 маусымда өткен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясын жанынан құрылған Қазақ ұлттық жазуы ведомствоаралық алқа отырыстарында әліпби жобасы қаралды.

2023 жылғы 15-24 мамыр аралығында Астана, Алматы қалаларындағы, Жамбыл, Жетісу, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы жоғары оқу орындары мен Тілдерді оқыту орталықтарында латын графикасындағы қазақ әліпбиі нұсқалары апробациядан өткізілді.

   2023 жылғы 9 маусымда Алматы қаласында Орфографиялық жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде латынграфикалы қазақ әліпбиі жобасы, апробация жұмыстарының нәтижесі қаралды.

     Сонымен қатар әліпби жобасы 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарының төрағалығымен  өткен  арнайы жұмыс тобында кеңінен талқыланып, пікір алмасу өтті.   

Емле ережесінің жобасы 2023 жылғы 9 тамызда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ғалымдар кеңесінің отырысында қаралып, Орфографиялық жұмыс тобы отырысына қаралуға ұсынылды.

    Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру үшін басқа озық елдердің тәжірибесін зерделеу мақсатында  ағылшын, неміс, француз, түрік, әзербайжан, өзбек, қарақалпақ тілдеріне жүргізілген реформаларға зерделеу жұмыстары жүргізілді. 

    2023 жылғы 26 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е. Қариннің төрағалығымен қазақ тілін реформалау мәселелері бойынша кеңес өтті.

 

  1. Қаржыны игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар, млн.теңге

Факт, млн.теңге

Пайдаланбаудың себептері

1

2

3

4

1 көз: Республикалық бюджет

1 268,4

1268,4

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік бағдарлама аясында тіл саясатын жүзеге асыруға жоспарланған 773,1 млн. теңгені 100 % игерді.

ҚР Мәденеит және ақпарат министрлігі Мемлекеттік бағдарлама аясында тіл саясатын жүзеге асыруға жоспарланған 495,3 млн. теңгені 100 % игерді.

2 көз: Жергілікті бюджет

1 637,1

1 610,9

Жергілікті атқарушы органдар өңірлерде тіл саясатын жүзеге асыруға бөлінген 1 637,1 млн. теңгені 98,4 % игерді. 26,2 млн. тенгенің игерілмеуі жүргізілген мемлекеттік тапсырыс нәтижесінде болған үнемдеу есебінен болды.

Барлығы

2 905,6

2 879,4

 

 

  1. Талдамалық жазба

 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізуге бағытталды.

Осы Бағдарламаның 2023 жылы іске асырылу нәтижелері Қазақстан Республикасында тіл саясатының келесі бағыттар бойынша іске асырылуын қамтамасыз етті:

1) 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді халықтың 81,0 %-ті, орыс тілін - 90,6 %, ағылшын тілін – 29 %, үш тілді 29% түрлі деңгейде меңгергені анықталды. Оның ішінде халықтың 48,7 %-ті қазақ тілін жақсы меңгерген, 18,5 %-ті қазақ тілінде еркін сөйлеп, оқиды, бірақ нашар жазады.

2) Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді: 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердегі Мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының саны (филиалдарымен қоса алғанда) 114 құрады. Республика аумағы бойынша 52 507 адам қазақ тілі курстарынан өтті (тіл оқыту орталықтарында, орталық атқару органдарында, ұлттық компанияларда, этномәдени бірлестіктерде).

3) Этнос тілдерін оқытуға қолдау көрсетілді. Бейнесабақтар, жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұратын қазақ, әзербайжан, дүнген, корей, неміс, украин, түрік, ұйғыр тілдерінде этнос өкілдеріне арналған бейнекурс әзірленіп, «Tilalemi.kz» сайтына жүктелді.  Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, шығару және тарату шеңберінде 6 құрал әзірленді. Қазақ және ана тілдерін оқыту бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған республикалық этномәдени бірлестіктердің үлесі 36 %-ке жетті.

4) Шетелде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілді.  «Абай институты» бағдарламасы аясында қазақ тілі курсы Омбы, Варшава, Ұланбатыр, Горган, Ыстамбұл, Анталья, Париж, Вена, Глендейл  қалаларында офлайн жүргізіліп, 152 тіл үйренуші қатысты. Тіл саясаты комитеті және «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының Түркияға іссапары ұйымдастырылып, «Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап оқулығы» А1 қарапайым, А2 базалық деңгейлерінің түрік тіліндегі нұсқасы таратылды.

5) Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шет елдерде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастыратын халықаралық шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі жыл сайын артуда. 2023 жылғы көрсеткіш 52 %-ті құрады. 

6) «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеу өткізу жұмыстары жалғастырылды, барлығы 30 578 адам қамтылды. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеуден 12 067 мемлекеттік қызметші өтті. Тестілеу нәтижесі бойынша 4223 мемлекеттік қызметші (35%) мемлекеттік тілді ортадан жоғары (В2) деңгейде меңгергендерін көрсетті.

7) Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген қазақ тілінде оқытпайтын мектеп түлектерінің үлесі 48 %-ке жетті.

8) Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларын даярлауға көзделген гранттар саны – 1391.

9) Орталық атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардың, банктердің ресми сайттарына мониторинг жүргізілді. 2023 жылы 113 мекеме қамтылып, 99-на тиісті ескерту хаттар жолданып, 29 мекеменің ресми сайттары талапқа сай түзетілді.

10) Мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 91 %-ті құрады.

11) Мемлекеттік тіл нормаларына  сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі 76,5 %-ті құрады. 2023 жылы 43 557 көрнекі ақпарат объектісіне зерделеу жұмысы жүргізіліп, 33 344 объект сәйкестендірілді.

12) Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі 85 %-ті құрады.

13) Қазақтілді БАҚ-қа мемлекеттік қолдау көрсету үлесі 58 %-ті құрап, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 9 телеарна, 40 интернет-ресурс, 36 баспа басылымдарға қолдау көрсетілді. Оның ішінде, 9 аралас тілді телеарналарға (басым тіл – қазақ тілі), 20 қазақ тілді интернет-ресурс, 24 қазақтілді баспа басылымға конкурс негізінде қолдау көрсетілді.

14) БАҚ-та отандық анимация саны жылдан-жылға сапалы, мазмұнды мультхикаялармен толықты. Балалар сүйіп көретін «Тоқты мен Серке» жобасының 5 маусымы, «Әли мен Айя» мультфильмнің 4 маусымы дайындалып, брендтік өнімге айналды. Ұлттық тағамдар жайлы «Аспазия», аңыз кейіпкерлеріне негізделген «Ақжелкен», Бекзат Саттархановтың өмір жолын арқау еткен «Бала Бекзат», «Дүлдүл», «Ұшақтар», «Күшті көліктер», «Дәрігер Дана», «Қамқор», «Бала барыс», ойын-сауық жанрындағы «Үш томпи», ұлтаралық достықты дәріптейтін «Тұрандос» мульттоптамалары кішкентай көрермендердің көзайымына айналды. 10 анимациялық жоба іске асырылды, оның ішінде түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға Ахмет Яссауидің балалық шағы туралы, ежелгі сақ дәуірінің патшайымы Зарина туралы, «Тұңғыш Көк түрік» жобасы түркі халықтарының түп атасы атақты Ашинаға арналған, сондай-ақ қазақ даласында мекен еткен «Тұран» жолбарысы туралы қысқаметрлі фильмдер бар.

15) Латын негізді қазақ әліпбиін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді. Орфографиялық жұмыс тобының отырысы және қазақ тілінің латын негізді әліпби нұсқаларының апробациясы ұйымдастырылды. «Мәдениетаралық сұхбат: емле, әдістеме, тәжірибе», «Қазіргі қазақ жазуы: талқы және ұсыныс» тақырыбында семинарлар өткізілді.

16) «Қазақ тілі ұлттық корпусының бес кіші корпусын әзірлеу» жобасы бойынша барлығы 8822 мақала, 10 412 800 сөзқолданыс өңделіп, қабылданды. Қазіргі уақытта Корпус қоры 23 443 589 сөзқолданыстан тұрады.

17) Терминология бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Республикалық терминология комиссияның 4 отырысы өткізілді, 2816 термин бекітілді, оның ішінде экономика, қоғамдық тамақтану саласы, мектеп терминологиясы және т.б. Терминдерге (3000-нан аса бірлік) лингвистикалық сараптама жүргізілді.

18) Ономастика бағытында Республикалық ономастика комиссиясының 4 отырысы өткізілді. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде отырыста барлығы 135 ұсыныс қаралды, оның ішінде 26 объект, 16 станса, 4 аудан, 1 қала, 88 құрамдас бөліктер.

19) Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында шетелдердегі қазақ диаспораларына арналған «Туған тіл» альманағының 400 данасы, мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған мақалалар топтамасы жинақталып, «Тіл және қоғам» альманағы жарық көрді. «Қазақ тілінің заңдылығын тексеру үшін «Qazgramma» көпфункционалды бағдарламалық кешенін жетілдіру»,«Tilalemi.kz», «Balatili.kz», «Emle.kz» сайттарын сапалы мазмұнмен қамтамасыз ету және мобильді қосымшаларын әзірлеу», «Қазақ тіл білімі үшін ғылыми электрондық кітапхана әзірлеу», «Электрондық құжаттар қорын қалыптастыру», «Машиналық оқытуға негізделген тілдерді үйренуге арналған «Til-Qural» веб-қызметін жақсарту», «Шет тілі терминдерінің қазақ сөзжасамдық, фономорфологиялық модельдерінің автоматтандырылған жүйесі» жобасын әзірлеу», «Қазақ сөзі» мобильді қосымшасын әзірлеe», «Қазақ тілін үйрететін бірегей инновациялық көрнекіліктер мен әдістемелік өнімдер базасын әзірлеу» атты ІТ-жобалар іске асырылды. Көру қабілеті бұзылған адамдар қолданатын ноутбукке арналған қазақ тіліндегі сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасы (экранды диктор, Screen Reader) әзірленді. Azure Text-To-Speech-пен интеграциялау арқылы қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын бірегей Telegram-бот әзірленіп, іске қосылды.

20) Мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды және практикалық қолдануын ынталандыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумы, «Тіл – татулық тірегі» республикалық дөңгелек үстелі, «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі», «Мемлекеттік тіл саясаты: жастар және қоғам» тақырыбында республикалық семинарлар,  «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Сауатты жарнама – тіл абыройы», түрлі этностар арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқаулары, А. Байтұрсынұлы атындағы оқытушылар байқауы, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күніне орайластырылған мемлекеттік және ана тілдерін қолдау және оларды сақтау жөнінде іс-шаралар кешені, Түркияда қазақ тілінен сабақ беретін оқытушыларға арналған «Мемлекеттік тіл үйретудегі ІТ технологияларға  негізделген жүйелерді қолдану» республикалық онлайн семинары өткізілді.

Қорытындылар мен ұсыныстар.

  1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компаниялар мен холдингтерге:

- ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

- қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін нығайтуға, қолданысын кеңейтуге, қазақ тілінің латын графикалы кеңістігін дамыту және реттеуге, этнос тілдерін сақтауға және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды жалғастыру ұсынылсын.

Дата публикации
17 июня 2024