«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына

толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

15-тармақ мынадай мазмұндағы 153-1) тармақшамен толықтырылсын:

«153-1) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тексерілетін субъектіні мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізу үшін өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                                      О. Бектенов

Дата публикации
17 апреля 2024