Аударма ісі саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құру туралы хабарландыру.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру аясында Баспа ісі саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің (бұдан әрі – Салалық кеңес) құрамын бекітуді жоспарлап отыр.

Салалық кеңес консультативтік-кеңесші орган ретінде мынадай функцияларды жүзеге асыратын болады:

- мемлекеттік орган әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;

- мемлекеттік орган әзірлеген кәсіби стандарттарды келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөніндегі ұсыныстарын келіседі;

- мемлекеттік органның кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстарын және басқаларын келіседі.

Осыған орай салалық кеңестің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін мыналарды ұсынуды сұраймыз:

1) жазбаша өтініш (өтініш нысаны қоса беріледі);

2) баспа ісі саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес).

Салалық кеңестің құрамына екі өкілден артық емес іріктелетінін атап өтеміз:

1) мемлекеттік органның;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

4) жұмыс берушілер;

5) салалық кәсіптік одақтар (бар болса);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдар (бар болса);

7) баспа ісі саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

Кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен оларға қоса берілген құжаттарды салалық кеңестің құрамына енгізу үшін 2024 жылғы 03 сәуірге дейінгі мерзімде g.madanova@sci.gov.kz электрондық мекенжай бойынша ұсынуды сұраймыз.

Қосымша: өтініш формасы.

Кәсіптік біліктілік жөніндегі

салалық кеңестерді құру

қағидаларына

1-қосымша

      нысан

 

                ____________________________

____________________________

(мемлекеттік орган атауы)

____________________________

(тегі, аты, әкесінің аты

(бар болса)

Өтініш

      Мені____________________________________________________________

 

      _____________________________________________________________________

 

      (салалық бағыттың атауы)

 

      салалық кеңестің құрамына ___________________________________________

 

      ____________________________________________________________________

 

      (ұйымның/органның атауы)

 

      өкілі/тәуелсіз сарапшы ретінде қосуды сұраймын.

 

      (керегін таңдаңыз)

 

      Мен мына құжаттарды қоса беремін (Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық

 

      кеңестерді құру қағидаларының 9-тармағына сәйкес):

 

      1.

 

      2.

 

      3.

 

      20__ж. "____"________                         _____________________

 

      Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 марта 2024