19.06.2023 ж. №100-Р
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамына:
|
«Салқынбай Анар Бекмырзақызы
|
– |
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры, филология ғылымдарының докторы (келісу бойынша); |
|
Күдеринова Құралай Бимолдақызы |
– |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); |
|
Смайыл Алдан Зейноллаұлы |
– |
жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісу бойынша); |
|
Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы |
– |
Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі (келісу бойынша)» енгізілсін. |
Көрсетілген комиссияның құрамынан М.А. Споткай, Н.С. Әміржанова, Ә.Қ. Ахметов, М.Н. Рожин шығарылсын.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |