Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері»
республикалық байқауының ережесі
- Жалпы ережелер
- Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері» республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты: үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, насихаттау, мәртебесін көтеру.
- Байқау үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілде өтеді.
- Байқауға Астана қаласында орналасқан әр мемлекеттік органнан (қосымша ұсынылатын тізімге сәйкес) 1 мемлекеттік қызметшіден қатысады.
- Конкурсқа соңғы 3 жылда Бас жүлде алған жеңімпаздар қатыстырылмайды.
- Байқауды өткізу тәртібі
- Байқаудың ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
- Байқауды өткізу туралы хабарландыру 1 ай бұрын Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады және ол жөнінде мемлекеттік органдарға хат жолданады.
- Байқауға қатысуға өтінім байқаудың өткізілуіне дейінгі 2 апта бұрын Комитетке төмендегі құжаттармен бірге ұсынылады:
- өтінім (Ережеге қосымша нысан бойынша);
- жеке куәліктің көшірмесі;
- байқауға қатысушылардың «мемлекеттік қызметші» екенін растайтын анықтама.
- Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінім қаралмайды.
- Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
- Байқауды өткізу мерзімі мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде Әлеуетті өнім беруші анықталғаннан кейін қосымша хабарланады.
- Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) «Елтаным» – қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, ашылған тақырыпта (Қазақстан тарихы және оның көрнекті тұлғалары, Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткерлері, маңызды даталар және т.б.) үш тілде ой толғайды. Бір тілде айтылған ой екінші тілде қайталанбауы тиіс (айтылатын ой қазақ тілінде басталып, орыс тілінде жалғасып, ағылшын тілімен аяқталады). Берілетін уақыт – 2 минут.
2) «Сөзтаным» – қатысушы қазақ тілінде экранда ұсынылған жағдаяттан (кейс) шығу жолдарын баяндайды. Дайындалуға берілетін уақыт – 30 секунд. Баяндауға берілетін уақыт – 2 минут;
3) «Ойтаным» – қатысушы мемлекеттік тілде ұсынылған ортақ тақырыпта қызметтік жазба жобасын жазуы керек (көлемі – 1 бет). Берілетін уақыт – 15 минут.
- Қорытынды ережелер
- Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін құрылған қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі талаптарды басшылыққа алады:
1) тілдерді меңгеру деңгейі;
2) жауаптың нақтылығы мен мазмұндылығы, дәйектілігі;
3) тіл мәдениетінің деңгейі;
4) кәсіби қызметтегі білік, дағды және білім деңгейі.
- Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
- Конкурс жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Конкурстық құжаттар g.madanova@sci.gov.kz электронды поштасына қабылданады.
Байланыс телефондары: 8(7172)74-07-74, 74-99-11, 8(701)4029103.
____________________________________
«Тіл шебері»
республикалық конкурсын өткізу қағидаларына
қосымша
«Тіл шебері»
республикалық конкурсына қатысуға
өтінім
- Т.А.Ә._____________________________________________________________
- Жасы______________________________________________________________
- Жұмыс орны _______________________________________________________
- Лауазымы__________________________________________________________
- Мекенжайы_________________________________________________________
- Байланыс телефондары (ұялы) _________________________________________
- Фото ______________________________________________________________
- Қосымша ақпарат ___________________________________________________
- Қоса ұсынылуы тиіс: фото (эл.нұсқада), жеке куәліктің көшірмесі және Байқауға қатысушының «мемлекеттік қызметші» екенін растайтын анықтама.
Қолы
Күні