Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын талқылау мерзімі 2023 жылғы 25 сәуірде аяқталады.
Құжат жобасын әзірлеу кезінде тіл саясаты мәселелері бойынша кешенді әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулердің қорытындылары қаралды, талданды және қабылданды.
Тұжырымдаманың ережелері елдегі тіл саясатын тиімді іске асыруға, оның ішінде тілдік кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Құжат жобасында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты қарастырылған. Әліпбидің бастапқы нұсқаларын әзірлеу кезінде туындаған мәселелер және оларды шешу жолдары талданған. Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.
Құжатты талқылау қорытындысы бойынша халықтың пікірі ескеріле отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Жоба мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.