2022 жылдың ІІ жартыжылдығында профилактикалық бақылау жоспарлы 30 мемлекеттік органда жүргізілді. Бұл 11 орталық орган және өңірлік әкімдіктердің 19 басқармасы.
11 орталық орган:
- ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты);
- ҚР Iшкi iстер министрлiгi;
- ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
- ҚР Әділет министрлігі;
- ҚР Энергетика министрлігі;
- ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті;
- ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
- ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті;
- ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті;
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.
19 өңірлік әкімдіктер басқармалары:
- Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты;
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты;
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты;
- Павлодар облысы әкімінің аппараты;
- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты;
- Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы;
- Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы;
- Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы;
- Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;
- Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы;
- Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
- Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы;
- Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы;
- Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы;
- Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы;
- Алматы қаласының энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы;
- Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы;
- Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы;
- Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Тексеру нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік кодекстің 152-1-бабына сәйкес 30 мемлекеттік органға қатысты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңнамасының талаптарын сақтамауына байланысты «бұзушылықтарды жою туралы» ұйғарым шығарылды.
«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығына сәйкес 9 талаптан құрылатын тексеру парағы бекітілді. Профилактикалық бақылау осы талаптарға сәйкес жүргізілді.