ИНДИКАТОРЛАР
ТЕРМИНОЛОГИЯ
1) 1971 жылдардан бері бекітілген терминдер саны 35 680 бірлік;
2) «Termincom» базасындағы терминдердің жалпы саны – 383 534;
3) 2022 жылы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 4209 терминге лингвистикалық сараптама жүргізілді;
4) 2022 жылы қоғамдық гуманитарлық бағыттағы 6039 терминге мониторинг жасалды;
5) 2022 жылы заң шығару, денсаулық, энергетика, ауыл шаруашылығы, экология және геология салалары бойынша 4069 термин бекітілді;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi №367 «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы» қаулысының күші жойылды («Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығы);
7) Терминология комиссиясы «Мемлекеттік терминология комиссиясы» деген жаңа атаумен құрылды (ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғ.Қойшыбаевтың 2022 жылғы 13 мамырдағы № Б-321 тапсырмасы).
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫ
1) 2022 жылы қор 13 млн. ауызекі тіл және публицистикалық мәтіндер жинақталды;
2) Публицистикалық мәтіндер qazcorpora.kz сайтында қолжетімді;
3) 2022 жылғы 11 мамырда «Білім кеңістігін цифрландыру және ұлттық корпус жасаудың қазіргі тәжірибелері» атты көшпелі ғылыми-әдістемелік семинар (Ақтөбе қаласында) өтті.
IT - ЖОБАЛАР
1) 2017 жылдан бастап мемлекеттік тіл аясын кеңейтуге бағытталған 13 IT жоба әзірленді:
- қазақ тілін өз бетінше үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute» сайттары;
- тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz», «Qazgramma» сайттары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz»
- ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайттары.
2) Өнімдер GOV.KZ, МОИП (ИПГО), «kundelik.kz», ЖОО, орта, арнайы-техникалық білім беру мекемелерінің, кітапханалардың сайттарына орналастырылды (2 мыңнан аса сайт);
3) Ұлттық компаниялар, орталық атқарушы органдар, Үкімет, балабақша, мектеп, колледж, ЖОО оқытушыларына таныстыру жұмыстары жүргізілді (30 мыңнан аса адам);
4) Өнімдердің жалпы қаралымы – 13 660 253.
ТІЛ ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
1) 2022 жылғы жағдай бойынша республика аумағында 111 тіл оқыту орталығы жұмыс жасайды (2021 жылы – 108).
2) 2022 жылы 3 орталық жаңадан ашылды:
- Ақмола облысында Қосшы қаласы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы»;
- Атырау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығы» КММ;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ.
3) Негізгі орталықтар – 84, филиалдар – 27.
4) Орталықтарда 530 оқытушы, 104 әдіскер жұмыс жасайды. Басқа да санаттағы қызметкерлер (басшылық құрам, бағдарламашы, есепші және т.б.) – 291 құрайды.
5) 2022 жылдың қорытындысы бойынша:
- қазақ тілі курсынан 41325 адам өтті (оның ішінде өңірлерде – 37 439 адам, орталық мемлекеттік органдарда – 1701 адам, ұлттық компанияларда – 1238 адам, этномәдени бірлестіктерде – 947 адам);
- орыс тілі курсынан 5275 адам өтті (оның ішінде өңірлерде – 5270 адам, ұлттық компанияларда – 5 адам);
- ағылшын тілі курсынан 12891 адам өтті (оның ішінде өңірлерде – 12 327 адам, орталық мемлекеттік органдарда – 23 адам, ұлттық компанияларда –541 адам, этномәдени бірлестіктерде – 947 адам).
2022 жылдың қорытындысы бойынша 15 өңірде 2890 адам ана тілдерін оқып-үйренді (18 этнос тілі).
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ (ТЕКСЕРУ)
1) 2022 жылдың 1-жартыжылдығында 21 мемлекеттік органға, 2022 жылдың 2-жартыжылдығында 30 мемлекеттік органға профилактикалық бақылау жүргізілді.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ
1) 2022 жылғы ІІІ тоқсан (шілде, тамыз, қыркүйек) қорытындысы бойынша құжатайналымдағы мемлекеттік тілдің үлесі 90 % құрады:
- орталық атқарушы органдар – 86 %;
- жергілікті атқарушы органдар – 96 %;
- ұлттық компаниялар – 70%.
Көрсеткіштері төмен мекемелерге құжатайналымдағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру жөнінде реми хат жолданып, арнайы семинар өткізілді.
Нәтижесінде:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған «Қазақ тілі» клубын» ашты;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерін қазақ тілі курстарына жолдап, 43 қызметкері сертификат алды;
- «KEGOK» АҚ да қызметкерлерін қазақ тілі курстарына жолдап, 43 қызметкері сертификат алды;
- «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «Н.Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына мемлекеттік тілді білу талаптарын енгізген. Кандидаттарды бос лауазымдарға іріктеу кезінде мемлекеттік тілді білу талап етіледі;
- «Қазпошта» АҚ-да мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға бағытталған тест енгізілді. Мемлекеттік тілді дамыту секторы ашылды. 2023 жылы компания қызметкерлері мен басшыларының қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ (В1 деңгей) жүйесі бойынша тестілеу өткізіледі;
- «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кеңселерінде мемлекеттік тілдегі нұсқасы жоқ шығыс құжаттарды тіркеуге қабылдамау туралы шешім қабылдады;
- «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ 2022 жылғы 18 сәуірден бастап ішкі құжат айналымын 100% мемлекеттік тілде жүргізе бастады. Сондай-ақ «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесінде қызметкерлердің қазақ тіліндегі сөздік қорын арттыру үшін күнделікті онлайн тестілеу жүйесін енгізді;
- «Taỳ-Ken Samuryq» Ulttyq taỳ-ken kompanıasy» АҚ 2023 жылы ҚАЗТЕСТ (В1 деңгей) жүйесі бойынша тест өткізеді;
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да аудармашы-корректор штаты бөлініп, құжатайналымды мемлекеттік тілде жүргізуді міндеттеу туралы бұйрық шығарылды.
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРҒА МОНИТОРИНГ
1) 2022 жылдың сәуір-қыркүйек айларында 105 мекеменің ресми сайты тексерілді (әуежайлар – 17, жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармалары – 20, ұлттық компаниялар мен әуе компаниялары – 32, екінші деңгейлік банктер – 14, полиция департаменттері – 12, қоғамдық тұтыну сервистері – 10);
2) 100 мекемеге ескерту хаттары жолданды (әуежайларға – 14, жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармаларына – 20, ұлттық компаниялары мен әуе компаниялары – 30, екінші деңгейлік банктер – 14, полиция департаменттеріне – 12, қоғамдық тұтыну сервистеріне – 10);
3) 22 мекеме өздерінің ресми сайттарына түзетулер енгізді (6 - әуежайлар, 3 - жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басқармалары, 5 - ұлттық компаниялар, 4 - екінші деңгейлік банктер, 3 - полиция департаменттері, 1 - қоғамдық тұтыну сервистері).
«АБАЙ ИНСТИТУТЫ» ЖОБАСЫ
1) «Abai.institute» платформасы арқылы офлайн қазақ тілі курсы әлемнің 8 елінде ұйымдастырылды (Омбы, Астрахан, Мәскеу, Будапешт, Горган, Ұлан-Батыр, Париж, Мюнхен, Хюстон, Мадрид).
2) 2022 жылы онлайн курстар арқылы 192 адам оқытылды;
3) Платформа қазақ тілін алты тіл арқылы үйренуге мүмкіндік береді (орыс, ағылшын, түрік, неміс, француз, парсы тілдері), Android, iOS-та қолжетімді;
4) 2022 жылғы 21 ақпанда шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» (А1-А2 деңгейлері) әмбебап оқулығының таныстырылымы өтті;
5) 2022 жылы «Қазақ тілі» шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап басылымы (В1, В2 деңгейлері) әзірленді;
6) Әмбебап оқулықтардың электронды нұсқалары порталға орналастырылды;
7) Жаңа қосылған контентті 6 тілге аудару, жаңа деңгейлерге арналған аудио, видео және ситуативті суреттермен толықтыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.
«ҚАЗТЕСТ» ЖҮЙЕСІ
1) «Қазтест» тапсыруға міндеттелді:
- 2021 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне үміткерлер (В1 деңгейінен кем емес);
- 2022 жылдан бастап, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына түсуші Магистратура және Докторантура үміткерлері (В1 деңгейінен кем емес).
- 2022 жылдан бастап, ҚР ЖОО-на Докторантураға түсуші тұлғалар (А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінің біреуі).
2) 2022 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесінде келесі өзгерістер орын алды:
- тапсырмалар саны ықшамдалды;
- жүйесінің құрылымы жетілдіріліп, «Айтылым» бөлігі енгізілді;
- 2022 жылдың қорытындысы бойынша 16000 тест тапсырмасына ревизия жүргізіліп, қайта өңделді;
- 2022 жылы диагностикалық тестілеуден 12000 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік сала маманы өтті.
3) Қазтест жүйесі бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленіп, бекітілді;
4) 16-70 жас аралығындағы ересектерге қазақ тілін меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы әзірленді (А1 деңгей – 800 бірлік, А2 –1783 бірлік, В1 – 2229 бірлік, В2 – 3954, С1 – 5060);
5) «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзіреттіліктері» ҚР Ұлттық стандарттарына толықтырулар енгізу мәселесі ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2023 жылғы жоспарына енгізілді.
6) «Қазтест» қолданысқа енгізілгелі бері тестілеуге қатысушылардың жалпы саны 452 671 адамды құрады.
ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ӘЛІПБИДІ ЕНГІЗУ
1) Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшірудің тұжырымдамасы жобасы әзірленді (1-кезең 2023-2027 жылдар, 2-кезең 2028-2032 жылдар);
2) «Бір дыбыс – бір таңба» принципіне негізделген 31 әріптен тұратын әліпби жобасы пысықталды, халықаралық тәжірибе зерделенді.
3) Тіл білім институты тарапынан әзірленді:
- Емле ережесі, емле анықтағышы және емле сөздігінің жобалары;
- Тілтанымдық өнімнің бастапқы қолжазбалары;
- Кирилллица және латын графикаларында параллель орфоэпиялық сөздік;
- Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы;
- Қазақ әріптерінің жиілік сөздігі;
- Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің пунктуациялық анықтағышы;
- Қазақ тіліндегі өзге тілді ономастикалық атаулардың анықтамалығы;
- Ұлттық ономастикалық атаулардың кирилллица және латын графикаларындағы параллель сөздігі;
- Жаңа әліпби негізіндегі «Әлем картасы»;
- Жаңа ұлттық әліпбиде кірме терминдерді транслитерациялау және транскрипциялау анықтағышы;
- Кириллица және латын графикасындағы салалық терминологиялық сөздік (қоғамдық ғылымдар);
- Кириллица және латын графикаларында қазақ тілінің тіркесімдер сөздігі;
- Кириллица және латын графикаларында кірме араб-парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі;
- Кириллица және латын графикаларында қазақ тілінің жарыспа сөздері сөздігі;
- Кириллица және латын графикаларында қазақ ескі жазу лексикасының сөздігі;
- Кириллица және латын графикаларындағы неологизмдер сөздігі;
- Кириллица және латын графикаларында теолингвистикалық сөздер сөздігі.
4) Жаңа әліпбиге негізделген пернетақта жобасы әзірленді.
КӨРНЕКІ АҚПАРАТ МОНИТОРИНГІ
1) Мемлекет басшысы 2021 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды;
2) Заңға «мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы» ұғымы енгізілді;
3) 2022 жылғы қараша айындағы жағдай бойынша:
- Өңірлердегі мониторингпен қамтылған көрнекі ақпараттар саны – 56224, ұсынымдар негізінде түзетілгендері – 12750.
- Көрнекі ақпараттар бойынша өңірлеродегі жедел желіге (call centr) түскен шағымдар саны 1437, бұл шағымдар негізінде түзетілгендер саны – 1324.
4) Өңірлердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттар бойынша жеке және заңды тұлғалардан 508 өтініш келіп түсті.
5) Өңірлердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттар бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 322 материал жарияланды, 11 – сыни сипаттағы материалдар.
6) Астана, Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Маңғыстау облысының әкімдіктері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті жерлердегі құрылымдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІККЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕНГІЗУ
1) «Kaspi.kz», «Колеса», «Крыша», «inDrive», «Яндекс.Такси» (жүргізушілер мен жеткізушілер үшін) қосымшаларының қазақ тілінде қолжетімділігі қамтамасыз етілді;
2) 2022 жылы «Дубль 2ГИС» компаниясының өкілдерімен бағдарламаның интерфейсіне қазақ тілін кіріктіру және мәтінді қазақ тілінде дыбыстау функциясын енгізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілді. Компания 25 маман-аудармашы жалдап, 2 млн 400 мыңнан аса сөз тіркесін орыс тілінен қазақ тіліне аударды. Қосымшаның қазақ тіліндегі нұсқасы шамамен 2023 жылдың 2-ші тоқсанында қосылады;
3) IOS 16 қазақ тіліндегі нұсқасы ұсынылды;
4) Microsoft компаниясымен қазақ тілін халықаралық ақпараттық кеңістікке енгізу мәселесі (соның ішінде қазақ тіліндегі сөйлеу синтезін енгізу) бойынша меморандум жасалды;
5) 1С бағдарламасының қазақ тіліндегі нұсқасы әзірленіп, бағдарлама әкімшілеріне жолданды;
6) «Nickelodeon HD» және Tiji балаларға арналған телеарналар қазақ тілінде қолжетімді болды (Мемлекеттік бағдарлама аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан).
ҚАЗГРАММА
1) Мәтінді қазақ тіліндегі тілдік ережелерге сәйкес дұрыстығына тексеретін «Қазграмма» қосымшасы 2023 жылғы іске қосылады. Портал ағылшындықтардың «Qrammarly», орыстардың «Тext.ru», неміс, француз және португалдықтардың «Languagetool.org» қосымшаларының негізінде әзірленуде;
«Қазграмма» функцияларының техникалық алгоритмі:
– қазақ тіліндегі мәтіннің тілдік нормаларын сақтай отырып қателерді түзету;
– сайттарды талдау, тексеру;
– стиль бойынша құжаттарды тексеру,
– орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық, грамматикалық қателерді көрсету;
– синонимайзер қызметі бар;
– қате сөзді қызыл жолақпен белгілеу және т.б.
ЭТНОС ТІЛДЕРІН ҚОЛДАУ
1) 2022 жылы 230 этномәдени бірлестіктер оқу-әдістемелік көмекпен қамтылды;
2) этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік сиволы» республикалық конкурсы, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өтті;
3) «Тіл әлемі» порталына мемлекеттік және этнос тілдерін оқыту бойынша онлайн курсы әзірленіп, орнатылды
Платформаның өткізу қабілеті бір уақытта 1000 адам. Қазіргі таңда платформада 325 тыңдаушы тіркелген. Тіркелгендерден 278 адам сынақтан өтіп сертификат алған.
Ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес пайдаланушылар саны:
Таңдаған тілге қатысты пайдаланушылар саны:
Таңдаған кәсіптік қызмет түріне қатысты пайдаланушылар саны:
4) 2022 жылы 15 өңірде 18 этнос бойынша 2890 адам ана тілдерін оқып-үйренді:
- Ақмола (орыс-4, татар-башқұрт-6, әзірбайжан-1, поляк-20, латыш-1);
- Ақтөбе (украин-12, татар-башқұрт-12, кәріс-12);
- Атырау (орыс-65, татар-башқұрт-8, украин-20, кәріс-15, неміс-12, армян-30);
- Алматы (татар-башқұрт-10, шешен-ингуш-15, неміс-60, поляк-61, күрд-40, грек-45);
- БҚО (татар-башқұрт-10, украин-100, кәріс-7, неміс-50);
- Жамбыл (дүнген-54, әзірбайжан - 250, күрд-429, түрік- 90);
- Қарағанды (украин-40, шешен-ингуш-10, әзірбайжан-10, кәріс-25, неміс-300, поляк-80, грек-10, латыш-10, румын-10);
- Қызылорда (орыс-11, кәріс-12, неміс-6);
- Қостанай (орыс-10, татар-башқұрт-28, кәріс-15, неміс-71, армян-14);
- Павлодар (орыс-18, шешен-ингуш-36, украин-43, кәріс - 36, әзірбайжан-33, беларус-29, поляк-44);
- СҚО (кәріс-20, поляк-20);
- Түркістан (татар-башқұрт-30, әзірбайжан-40);
- ШҚО (орыс-25, татар-башқұрт-10, шешен-ингуш-20, әзірбайжан-10, беларус-10, армян-20);
- Нұр-Сұлтан (орыс-45, өзбек-30, татар-башқұрт-45, украин-45, кәріс-60, неміс-45, шешен-ингуш-75, әзірбайжан-30, поляк-45);
- Шымкент (татар-башқұрт-14, неміс-20, еврей-20).
БАСПА ӨНІМДЕРІ
1) Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап басылымының В2 деңгейі бойынша оқулығы әзірленді.
2) Этнос тілдерін оқытуға арналған «Ана тілі» мәтіндер жинағы әзірленді (С1 деңгейі бойынша);
3) «Балапан» журналының 6 нөмірі шықты;
4) «Терминологиялық хабаршының» 2 нөмірі шығарылды;
5) «Туған тіл» альманахының 4 нөмірі шықты;
6) «Тіл және қоғам» алманахының 2 нөмірі шығарылды;
7) Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша социологиялық және аналитикалық зерттеу жүргізілді.
ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР
1) «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы (журналистер арасында);
2) «Тіл шебері» республикалық байқауы (үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында);
3) «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы (қазақ тілін меңгерген, медицина саласында қызмет атқаратын этнос өкілдері арасында);
4) «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясы (қазақ тілін меңгерген барлық жастағы этнос өкілдері арасында);
5) «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауы (кәсіпкерлер мен жарнама әзірлейтін агенттіктер, аудармашылар арасында);
6) Оқытушылардың Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы (мемлекеттік және жекеменшік тіл оқыту орталықтарының оқытушылары арасында);
7) «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары (АҚШ, Германия, Испания, Польша, Түркия, Ресей, Иран Ислам Республикасы, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 100-ге жуық адам қатысты);
8) «Astana hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ІТ-жобалардың таныстырылымы;
9) «Abai.institute» платформасы арқылы дәріс беріп жүрген оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Қазақ тілін шетелдік аудиторияда оқытудың әдістері мен технологиялары» республикалық онлайн-семинары;
10) «Тілді үйретудегі отандық әдіскерлердің тәжірибесі» атты онлайн-семинар;
11) «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинар;
12) «Қазақ тілін оқытудағы белсенді әдістер мен технологиялардың практикумы» республикалық онлайн семинары (Венгрия, Түркия елдерінен қатысты);
13) «Қазақша үйрен» оқу орталығымен бірлескен «Қазақшаңыз қалай?» ашық есік күні;
14) ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларының біліктілігін арттыруға арналған «ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының мазмұны: деңгейлердің қиындық дәрежесі» тақырыбындағы курс;
15) «Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауы;
16) «Мектеп терминологиясы: бүгінгі жай-күйі мен жүйелеу мәселесі» тақырыбында республикалық әдістемелік-сараптамалық онлайн семинар;
17) «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы еңбектерді аударудың терминжасамдық жүйелілігі» республикалық әдістемелік семинары;
18) «Шеттілдік ғылыми терминдерді аудару: теориясы мен тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн конференциясы;
19) «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу» жобасының жылдық қорытынды семинары;
20) «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» республикалық байқауы.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ
1) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар бекітілді (63 іс-шара қамтылған);
2) мерейтой ЮНЕСКО тізіміне енгізілді;
3) ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ аясында мерейтойға арналған халықаралық Түркологиялық конгресс өткізілді;
4) ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы (Франция) штаб-пәтерінде ғылыми конференция өтті;
5) Ыстамбұл қаласында (Түркия) дөңгелек үстел, фотокөрме өтті;
6) Түркістанда түркітанушылар конгресі өтті;
7) мерейтойлық пошта маркалары әзірленді;
8) коллекциялық монеталар дайындалып, айналымға шығарылды;
9) шетел архивтерінен А.Байтұрсынұлы мен «Алаш» қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектер жинақталды;
10) «Ахмет Байтұрсынұлы» ведомстволық төсбелгісі әзірленді;
11) Ахмет Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалары (қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде) жарық көрді;
12) Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық толық шығармалар жинағы басылып шығарылды;
13) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы шеңберінде БАҚ-та 2636 материал жарияланды. Оның ішінде, республикалық және өңірлік телеарналарда 732 сюжет, республикалық баспа БАҚ-тарында – 309 мақала, интернет-ресурстарда – 690 жарияланым, өңірлік БАҚ-та – 905 материал жарық көрді.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
1) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы» 2022 жылғы 27 қазандағы №176-өкім бекітілді;
2) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» бірлескен бұйрық жобасы әзірленді;
3) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Мемлекеттік терминология комиссиясын құру туралы» 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 48 бұйрығы шықты;
4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығы шықты;
5) Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдама жобасы әзірленді.
БАСҚА ДА ЖҰМЫСТАР
«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық төсбелгісі бекітілді.