Бюджеттің 2022 жылы игерілуі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне  2022 жылы 1 072 422,3 мың теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 064 329,0 мың теңге (99,3%) игерілді, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша:
001 "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бағдарламасы, 100 "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша 100% орындалды;

001 "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бағдарламасы, 103 "Әлеуметтанушылық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету" кіші бағдарламасы бойынша 100% орындалды;

001 "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бағдарламасы, 104 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша 100% орындалды;

001 "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бағдарламасы, 123 "Ағымдағы әкімшілік шығыстар" кіші бағдарламасы бойынша 97,7% орындалды;

"Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту" 230 бағдарламасы, "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуды қамтамасыз ету " 100 кіші бағдарламасы бойынша 100% орындалды;

"Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту" 230 бағдарламасы, "Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау" 101 кіші бағдарламасы бойынша 100% орындалды.

Дата публикации
17 января 2023