05.12.2022 жыл №972
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әкімшілік рәсімдер шеңберінде арыз иелері жолданымдарда көтеретін жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау;»;
мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:
«53-1) өз құзыреті шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын жастар арасында этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі қағидаттарын қалыптастыруға және нығайтуға жәрдемдеседі;»;
мынадай мазмұндағы 163-1) тармақшамен толықтырылсын:
«163-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов