Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы
Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды одан әрі жетілдіру мақсатында:
- Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
- Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
- Осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр Ә. Смайылов
Құжаттардың толық пакеті "Құжаттарды жүктеу" бөлімінде