2022 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижесі

ТІЛ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША 2022 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНА БАҚЫЛАУ СУБЪЕКТІСІНЕ (ОБЪЕКТІСІНЕ) БАРУ АРҚЫЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

2022 жылдың І жартыжылдығында профилактикалық бақылау  жоспарланған 41  мемлекеттік органның 21-не жүргізілді.

4 орталық орган – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Жер ресурстарын басқару комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі)

17 өңірлік әкімдіктер басқармалары - (Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, Ішкі саясат, Білім, Құрылыс, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Қостанай облысының Денсаулық сақтау, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармалары, Қарағанды облысының Ветеринария, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, Денсаулық сақтау басқармалары мен Қарағанды облысы әкімінің аппараты, Шығыс Қазақстан облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, Денсаулық сақтау, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармалары).

Тексерудің нәтижесі бойынша 21 мемлекеттік органға «Тіл туралы»  ҚР Заңдары талаптарының сақталмауына байланысты «Бұзушылықты жою туралы» ұйғарым шығарылды.

«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы  № 20 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы   9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығына сәйкес 9 талаптан құрылатын тексеру  парағы бекітілді. Профилактикалық бақылау осы 9 талапқа сәйкес жүргізілді.

Кәсіпкерлік Кодекстің 152-1-бабына сәйкес талаптарды сақтамағаны үшін 21 мемлекеттік органға орын алған кемшіліктерді жою  туралы ұйғарым табыс етілді. 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 186 бұйрығына сәйкес  тіл заңнамасының сақталуы бойынша 2022 жылдың екінші жартыжылдығына бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау 31 мемлекеттік органда жүргізіледі.

 

Дата публикации
11 июля 2022