19.09.2022 ж. № 48
Мемлекеттік терминология
комиссиясын құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және қазақ тілі терминологиясын жүйелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда Мемлекеттік терминология комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
- Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр С. Нұрбек