Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  кейбір шешімдерінің

күші жойылды деп тану туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысының 

  1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
    9 ақпандағы № 39 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардағы 6-тармақтың күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

 

  

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің  кейбір шешімдерінің

күші жойылды деп тану туралы»

 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

түсіндірме жазба

 

  1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негізі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әзірленді.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде Мемлекеттік бағдарлама негізгі құжат ретінде айқындалмағандықтан, оның 175-тармағына сәйкес даму тұжырымдамасы және/немесе ұлттық жоба бекітілгеннен кейін мемлекеттік бағдарлама қолданысы тоқтатылады делінген.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді.

  1. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

 Жоқ

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

  1. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Талап етілмейді.

  1. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Талап етілмейді.

  1. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Талап етілмейді.

  1. Үкіметтің актісінің қолданысқа енгізілуімен байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын төмендету және (немесе) ұлғайту есептерінің нәтижелері.

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің акредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                          А. Аймағамбетов

 

 

 

Дата публикации
18 марта 2022