Операциялық жоспардың 2021 жылы іске асырылуы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылға арналған операциялық жоспары

 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

№ р/н

Атауы

Бюджеттік бағдарламаның коды

Жауапты орындаушы

Орындалу

мерзімі

Аяқталу нысаны

 

1

2

3

4

5

6

 

I. Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар

 

4-стратегиялық бағыт. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын нығайту және тілдiк ортаның үндестігі

 

Саланың дамуын сипаттайтын макроиндикаторлар:

 

1-макроиндикатор. Мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі

1.                 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулер жүргізу

001

ТСК

бір жылдың ішінде

Орындалды. 2021 жылы Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеулер (бұдан әрі - Зерттеу)  жүргізілді.

Зерттеуге респондент ретінде барлық өңірден Қазақстан Республикасының 18 жастан жоғары 2000 азаматы, бұқаралық ақпарат құралдарының 700 өкілі және мектептер мен колледждердің 12-17 жас аралығындағы 500 білім алушысы қатысты.

Зерттеу еліміздің 14 облысында және Республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында а.ж. 20 қыркүйегінен басталды.

Зерттеуді Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша конкурс арқылы анықталған «ЭКСИМОП» ЖШС жүргізді.

Зерттеу жүргізу жөнінде келесі жұмыс түрлері жүргізілді:

- зерттеу жүргізу мәселелері бойынша интервьюерлерге толық нұсқаулық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді (респонденттерді іріктеу және іздеу сұрақтары бойынша),

- тұрғындар, БАҚ қызметкерлері және оқушылар, колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша далалық зерттеулер жүргізілді.

Зерттеудің қорытындысына сәйкес халықтың 91% мемлекеттік тілді, 90,2% орыс тілін, 28% ағылшын тілін, 27% үш тілді меңгергені анықталды.

2.                 

Этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастыру

230

ТСК

бір жылдың ішінде

Орындалды. Ағымдағы жылғы 7 маусыммен 30 қараша аралығында республикалық/аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқыту курстары жүргізілді. Биыл курс сұраныс бойынша украин, ингуш, дүнген, ұйғыр, өзбек, армян, еврей, түркімен, тәжік этностарына жүргізілді. Курстарға барлығы 553 тыңдаушы қатысты. Шараның техникалық ерекшеліктеріне сәйкес сағат саны қазақ тілі бойынша 2700 академиялық сағат және ана тілдері бойынша 2700 академиялық сағатты құрады.

2021 жылғы 25 қазанда Қызылорда қаласының «Достық үйі» ғимаратында «Қазақ тілін этносаралық тілге айналдырудың тиімді жолдары» атты этно-мәдени бірлестіктердің жанындағы жексенбілік мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға барлығы 30-ға жуық қазақ және ана тілдерінің оқытушылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

 

2-макроиндикатор. Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) білетін тұрғындардың үлесі

3.                 

Қазақстанда және шетелде қазақ тілін оқыту және ілгерілету үшін «Абай институттары» білім беру-танымдық жобасының жұмысын ұйымдастыру

230

ТСК

бір жылдың ішінде

Орындалды. Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін оқыту және ілгерілету үшін 2020 жылы іске қосылған «Abai. institute» ашық білім беру-танымдық жобасы іске асырылды. Порталда шетелдердегі қазақ ирреденті (диаспорасы) үшін қазақ тілін үйрету мазмұны қалыптастырылып, әрбір тіл үйренушіге өзінің жеке кабинетін ашуға мүмкіндік жасалды.

Портал 6 тілде (ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.

Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізіліп, 100-ге жуық адам қамтылды.

2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді. Курстарға барлығы 239 оқытушы қатысты.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №5002-10 ПАБ тапсырмасына сәйкес шетелдегі қазақ диаспорасына арналған қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым әзірленді.

А1, А2 деңгейлері бойынша басылымның контенті қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, «Abai. institute» онлайн платформасына орналастырылды.

4.                 

Қазақстан халқының Тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде «Мен қазақша сөйлеймін!» республикалық конкурсының, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгергендер арасындағы" Тіл шебері".

230

ТСК

 

 

12 қараша

 

 

Орындалды. 2021 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында өзге ұлт өкілдері жастар арасында қазақ авторларының шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқуға бағытталған «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өткізілді. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қатысушылар қазақ тілінде туған жер, ел, отан жайлы өлеңдерден үзінділер оқыды. Акцияның 4 кезеңіне барлығы 776 адам қатысты.

Ағымдағы жылғы 12 қарашада Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» тақырыбында онлайн форматта республикалық байқау өтті.

Өзге ұлт жастары арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту және мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыруды мақсат еткен шараға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан іріктелген үздіктер қатысты.

Мемлекеттік тілді рухани-мәдени құндылық ретінде дәріптеген 21-35 жас аралығындағы қоғамдық белсенді этнос жастары мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері, білім, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері баяндалған бейнеролик ұсынып, берілген тақырыпта ой толғады және «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында эссе жазды.

Байқауға қатысушылардың тілді меңгеру деңгейін, жауаптарының  мазмұндылығы мен ерекшелігін, қазақ тілінде таза сөйлеуін білікті әділқазылар алқасы бағалады.

Жоғары оқу орындарының студенттері мен ересек тұрғындар арасында өткен ІІІ кезеңге 19 этностан 171 адам қатысты. Қатысушылар арасында орыс ұлтының өкілдері басым болды (70 қатысушы). Өзбек, татар, дүнген, күрд, неміс, әзербайжан ұлттарының өкілдері де белсенді қатысушылардың қатарында болды. Шараға қатысушылардың басым көпшілігі Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарынан болды.

Құқық қорғау органдары мен ішкі істер органдарының қызметкерлері қамтылған ІV кезеңге 17 этностан 66 адам қатысты. Қатысушылар арасында орыс ұлтының өкілдері басым болды (28 қатысушы). Өзбек, татар, неміс, әзербайжан ұлттарының өкілдері де белсенді қатысушылардың қатарында болды. Шараға қатысушылардың басым көпшілігі Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан болды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

2021 жылғы 9 қарашада үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2021» республикалық байқауы өтті.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, тіл мәдениетін көтеру мақсатында өткізілген байқауға орталық атқарушы органдардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара сайысқа түсті.

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіндегі Бас прокурордың аға көмекшісі Айтмаганбетов Дархан Дүйсенбекұлы Бас жүлде иегері атанды.

Барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының алғысхатымен марапатталды.

 

4.1-мақсат. Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту

 

Бюджетпен өзара байланысты нысаналы индикаторлар:

 

1-нысаналы индикатор. Мемлекеттiк органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудiң үлестiк көлемi

 

II. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар

1.

Мемлекеттiк органдардағы құжат айналымына жалпы кіріс, шығыс, ішкі құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлесі бойынша мониторинг жүргізу

 

 

талап етілмейді

ТСК

екінші жартыжылдық

Орындалды. 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарында  көзделген міндеттердің бірі – мемлекеттiк органдардағы жалпы құжатайналымындағы мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудiң үлестiк көлемi.

Осы орайда ҚР БҒМ Тіл саясат комитеті (бұдан әрі – Комитет)  тіл саясатын жүзеге асырудағы уәкілетті орган ретінде орталық және жергілікті атқарушы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардан тұрақты түрде құжатайналымы бойынша ақпарат алып, мемлекеттік тілдегі құжатайналымының мониторингін жүргізіп келеді. Мониторинг кіріс, шығыс және ішкі құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлесі бойынша жүргізіледі.

2021 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша құжатайналымының үлесі 96%-ті құрап, мемлекеттiк органдардағы жалпы құжатайналымындағы мемлекеттiк тiлде iс жүргiзудiң үлестiк көлемi бойынша көрсеткіш орындалды.

Атап айтқанда құжатайналымында мемлекеттік тілдің үлесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде – 100%, ҚР Қорғаныс министрлігінде – 99%, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде – 99%, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 96%, құрап отыр.

Сонымен қатар Комитет орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды (25-бап) жүзеге асырады.

Ал тексеру объектілері құжатайналымының мемлекеттік тілдегі үлесі негізінде анықталады. Құжатайналымы бойынша мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтегі төмен көрсеткіштер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылып, соның негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі. Анықталатын тексеру субъектілеріне қатысты тексеру жұмыстары бойынша жылына екі рет (жартыжылдық бойынша) министрдің бұйрығы шығарылады.

 

Дата публикации
10 января 2022