2022 жылға ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің бюджеті 904 682 мың теңгені құрайды (РБ қаржыландыру көзі), оның ішінде ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің жұмыс істеуіне 2022 жылы республикалық бюджеттен 150 484 мың теңге бөлінді.
2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында жалпы сомасы 42 319,3 мың теңгеге 36 тармақ көзделген. Бұл ақпарат мемлекеттік сатып алу порталына ашық қолжетімділікте орналастырылған www.goszakup.gov.kz.
Анықтама үшін: 2021 жылға ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің бюджеті 692 802 мың теңгені құрады (РБ қаржыландыру көзі), оның ішінде ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің жұмыс істеуіне 2021 жылы республикалық бюджеттен 261 928 мың теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша игеру 678 600 мың теңге сомасында 98% құрады.
2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында жалпы сомасы 44 015,8 мың теңгеге 31 тармақ көзделген, жыл қорытындысы бойынша жоспардың тармақтары толық көлемде орындалды. Бұл ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында ашық қолжетімділікте орналастырылған www.goszakup.gov.kz.