«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылдың І жартыжылдығында мерзімді тексеруді жүргізудің жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 554 бұйрығы негізінде 31 мемлекеттік мекемеде мерзімді тексеру жүргізілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында:
- Ұлттық экономика министрлігі;
- Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
- Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті;
- Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті;
- Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті;
- Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті;
- Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласындағы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы департаменттері;
- Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы көліктік бақылау инспекциялары;
- ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті;
- Ақмола облысының Денсаулық сақтау, Дене шынықтыру және спорт, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Мемлекетік сатып алу және коммуналдық меншік басқармалары;
- Қарағанды облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы; Қарағанды және Теміртау қалалары әкімдерінің аппараттары
- Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы, Мемлекеттік сатып алу басқармалар;
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы,
- Астана қаласының Білім, Ішкі саясат басқармалары;
- Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы, Мемлекеттік активтер, Спорт, Туризм басқармалары тексерілді.
Тексерудің нәтижесі бойынша барлық мемлекеттік мекемелерге Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұсынымдар көрсетілген тексеру нәтижелері туралы акті табыс етілді.
Мемлекеттік мекемелер тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға ұсынды.