
Бүгін Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М. Теміржанов Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппараттық жиналысына дайындық шеңберінде Комитет басқармаларының басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңесте келесі мәселелер қаралды:
- елді мекендер айналасында қайтарылған және қайта бөлінген жайылымдарды қоса алғанда, жерлерді мемлекеттік бақылау және ұтымды пайдалану;
- бос лауазымдарды толықтыру;
- жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасының іске асырылуы;
- шөлейттену мен топырақ деградациясына қарсы күрес мәселелері;
- Комитет қызметіне қатысты Әділет министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан жүргізілген тексерістердің нәтижелері.
Кеңес қорытындысы бойынша басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.