Абай облысында ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспары артығымен орындалды

Абай облысында ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспары артығымен орындалды

Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті пайдаланылмай жатқан немесе заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Абай облысы бойынша осындай 170,0 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Бұл жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында облыста аймақтарға бөлінген айлық жоспар әзірленді. Белгіленген кестеге сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында 20,2 мың га жерді қайтару көзделген болатын.

Алайда Жер ресурстарын басқару департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде қазірдің өзінде 30,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осылайша, бірінші тоқсанның жоспары 151%-ға орындалды.