АШАІМИ: Болашаққа бағыт

АШАІМИ: Болашаққа бағыт

Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты ШЖҚ РМК («АШАІМИ») 90 жылға жуық тарихында үлкен даму жолынан өтіп, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда.

Басты міндет - 2025 жылы шөл және шөлейт аймақтарды (61,7 млн га) цифрландыруды аяқтап, республика аумағын толық қамтитын цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын әзірлеу. Бұл жоба агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық инфрақұрылымын жетілдірудің маңызды кезеңі болып табылады.

2024 жылы АШАІМИ 205,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін цифрландыруды аяқтап, халықаралық ISO 37001:2016 стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізді, сондай-ақ жетекші ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты кеңейтті.

Биыл біз сондай-ақ цифрлық сервистер мен геопорталдарды дамытуға басымдық беруді жалғастырамыз. Бұл ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетіп, жер пайдалану саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, геодеректер мен цифрлық технологиялар бойынша халықаралық әріптестікті нығайту жалғасады.

АШАІМИ елдің жер ресурстарын тұрақты дамыту мақсатында заманауи шешімдерді енгізуді жүйелі түрде жалғастыра береді.