Жерді бүлдіргені үшін Абай облысында әкімшілік іс қозғалды

Жерді бүлдіргені үшін Абай облысында әкімшілік іс қозғалды

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Абай облысы Жер ресурстарын басқару департаменті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (ЖШС) қатысты жер учаскесін өз бетінше пайдалану және жерді бүлдіру фактілері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Жаңасемей ауданының Қайнар ауылы маңындағы жер учаскелерінде рұқсат құжаттарынсыз траншеялар қазылғаны анықталды.

Осылайша, тексеру субъектісі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағы мен 140-бабының 1-тармағының 4-тармақшасының талаптарын бұзғаны белгілі болды.

Аталған бұзушылықтар үшін жауапты тұлғаға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 136-бабына сәйкес 369 200 теңге, сондай-ақ 337-бабының 1-тармағына сәйкес 3 618 160 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Департаментпен осы құқық бұзушылықтарды жою үшін ЖШС-ке 3 ай мерзімге нұсқама берілді.

Салынған айыппұл сомасы қысқартылған тәртіппен мемлекет кірісіне толық төленді.