Азаматтармен жұмыс:
Ағымдағы жылы Комитет басшылығы мен Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары 237 азаматты қабылдады, қабылдау барысында 160-тан астам мәселе көтерілді. Оның ішінде:
- 66 мәселе шешімін тапты;
- 95 өтініш бойынша түсіндірмелер берілді.
Жердің пайдаланылуын бақылау:
- 6492 тексеріс жүргізілді, нәтижесінде жер заңнамасын бұзудың 5288 жағдайы анықталды;
- 498,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды;
- Негізгі бұзушылықтар ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау немесе тиімсіз пайдалану (29 мың га) және жер учаскелерін беру кезінде ережелердің бұзылуымен (899 жағдай) байланысты.
Негізгі нәтижелер:
- Ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру 205 млн гектар аумақта аяқталды;
- 25,1 млн гектар жерге зерттеулер жүргізілді, оның ішінде топырақ және агромелиорациялық зерттеулер;
- Мемлекеттік меншікке 2,135 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.
Заңнамадағы өзгерістер:
- Солтүстік өңірлерге көшіп келгендерге 5 жылға дейін конкурссыз ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алу мүмкіндігі берілді;
- Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлерді резервке қою шаралары енгізілді.
Комитеттің алдағы жоспарлары:
- Пайдаланылмаған 2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару;
- Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру бойынша Жол картасын іске асыру;
- Тұрақты ауыл шаруашылығы үшін көміртекті егіншілікті дамыту.