АШАІМИ шифрларды ашу бойынша далалық жұмыстарды аяқтауда   

АШАІМИ шифрларды ашу бойынша далалық жұмыстарды аяқтауда    

Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық  іздестіру мемлекеттік институты («АШАІМИ») ШЖҚ РМК-ны ағымдағы жылғы 18 сәуір мен 31 қазан аралығында, жоспарланған Абай, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағындағы жалпы көлемі 60, 6 млн. га далалық шифрларды ашу жұмыстарын аяқтауда. Шифрларды ашу жұмыстары ауыл шаруашылығы карталарын жасауда маңызды рөл атқарады.

Дешифрлау процесінде, жерді қашықтан зондтау материалдарында бейнеленген объектілердің сипаттамалары анықталып, тексеріледі. Мұндай объектілерге: шекаралар, елді мекендер, жолдар мен жол құрылымдары, гидрография және гидротехникалық құрылымдар, суару жерлері, ауылшаруашылық алқаптары, ормандар мен бұталар, батпақтар, бедердің элементтері, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер жатады.  

Дешифрлау жұмыстарының толықтығы мен сапасының жоғарылығы цифрлық карталардағы ақпараттың нақты әрі өзекті болуына әсер етсе, өз кезегінде цифрлық карталар тек жер бедері мен оның құрылымын анықтаудан бөлек жер ресурстарын басқару, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жер телімдерінің төлемдерін анықтау үшін де маңызды мәнге ие.