Ресей Федерациясының Федералды мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография қызметі Жер ресурстарын басқару комитетінің ұжымын Құрмет грамотасымен марапаттады

Ресей Федерациясының Федералды мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография қызметі Жер ресурстарын басқару комитетінің ұжымын Құрмет грамотасымен марапаттады

Ресей Федерациясының Федералды мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография қызметі (Росреестр) екі ел арасындағы кадастрлық есеп және жылжымайтын мүлікті бағалау саласындағы жемісті ынтымақтастығы үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің ұжымын Құрмет грамотасымен марапаттады. 

 

Росреестр басшысы Олег Скуфинский грамотаны тапсыра отырып, бұл марапат Комитеттің кәсіби қызметін және оның Ресей мен Қазақстан арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін лайықты мойындау екенін атап өтті.